Қорықтар неге керек?

Сабақтың тақырыбы:  Қорықтар неге керек?                               

Мақсаты:

          Білімділік: Өзін қоршаған орта туралы айта білу. Қазақстандағы

қорықтармен оқушыларды таныстыру. Қорықтар тақырыбына

мәліметтер беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.Әрбір үйренген

сөздерін сөйлеу, сөйлем құрау кездерінде дұрыс қолдана білуге

үйрену. Сауатты жазуды меңгеру.

          Тәрбиелік:  Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғаттағы тіршілік иелерін

қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

                     Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты пысықтау. Қорытынды.

1.Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады.

Эпиграф:

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

                                                                             Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Сөздікпен жұмыс:

Қорық – заповедник, өндіріс – производство, ақбөкен – сайгак, қарақұйрық – газель, джейран, алғашқы – первый, құрып кету – исчезновение, қауіп – опасность, бедствие, бірқазан – пеликан, ұялау – гнездиться, табиғи қалпы – естественный облик, жусан – полынь, қорғау – защищать, сайрау – петь, аялау – беречь, жұлмау – не вырывать, таптамау – не топтать, құм төбе – бархан.

Қазақстандағы барлық қорықтармен оқушыларды мұғалім таныстырады. Әрбіреуіне қысқаша мәліметтер беріп өтеді. Мына кесте бойынша әңгіме жүргізеді.

 

Ақсу-Жабағылы қорығы

 

            Ақсу-Жабағылы – Қазақстан жерінде 1927 жылы ең алғаш ашылған қорық. Мұнда ең ірі Ақсу және одан кіші Жабағылы өзендері ағады. Бұл қорық – сан алуан өсімдіктер мен түрлі жануарлардың мекені. Қорықта құстардан дала бүркіті, қарақұс, кекілік, шіл, лашын, т.б. тіршілік етеді. Ал көкқұс пен ұлар, жануарлардан барыс, сілеусін, қоңыр аю, арқар, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Сонымен қатар елік, таутеке, жабайы шошқа, т.б. жануарлар қорғауға алынған.

Ақсу-Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.

 

Барсакелмес қорығы

 

          Барсакелмес қорығы – Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында. Ол 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы – 20 мың гектар. Қорықтың мақсаты – жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау. Қорық жері – құм жоталармен қоршалған сортаң шөл.

1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерге аққу, бірқазан және т.б. ұялайтын. Теңіз суының тартылуына орай қазір қорықта көл де, құстар да жоқ. Жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалап жүр. 1976 жылы бұл қорықта құланның саны 157 болса, соңғы кезде Арал теңізіндегі экологиялық жағдайдың аса нашарлауына байланысты олардың саны азая түсті. Құландарды сақтап қалу үшін, олар Қазақстанның басқа қорықтарына көшірілді.

Қазақстандағы барлық қорықтармен оқушыларды мұғалім таныстырады. Әрбіреуіне қысқаша мәліметтер беріп өтеді. Мына кесте бойынша әңгіме жүргізеді.

 

ҚОРЫҚТАР

 

Қорықтың атыҚұр-ылған КөлеміОрналасқан жеріМақсаты
1. Ақсу —  

   Жабағалы

1927 ж85,4 мың гектардан  (га) астамБатыс Тянь-Шаньның солтүстігі, Ұғам жотасы, Оңтүстік Қазақстан облысыТабиғи кешендерді қорғау және зерттеу
2. Наурызым1934 ж87,7 мың гектардан  (га) астамҚостанай облысы, Наурызым ауданыТабиғи кешендерді қорғау және зерттеу
3. Барсакелмес1939 ж16,8 мың гектар(га)Арал теңізінің солтүстік бөлігіЕжелгі жануар-лардың түрлерін сақтау және қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу
4. Алматы1961 ж71,7 мың гектарға (га) жуықАлматы облысы, Іле өзенінің жағасындағы құмды шөлейті әйгілі Аққұм Қалқан (әнші «бархан»)Табиғатты зерттеу, қорғау және сақтау
5. Қорғалжын1968 ж259 мың гектардан  (га) астамАстана қаласынан

140 км жерде, тың далада, Қорғалжын мен Теңгіз көлдерінде

Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және табиғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу

 

І кезең. Оқушылар топтарға бөлініп, кесте бойынша әңгіме дайындайды

(10 минут).

ІІ кезең. Әрбір топтың өкілі мұғалімнің үстелінің үстінде төңкеріліп жатқан төмендегідей жазуы бар кеспелердің  бірін алады.

 

  АҚСУ- ЖАБАҒЫЛЫ
  НАУРЫЗЫМ
   БАРСАКЕЛМЕС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтар шамалы уақыт дайындалып, өз қорығы туралы айтып береді.

  IІІ кезең. Әр топ «Қорықтар неге керек?» тақырыбы бойынша диалог дайындайды.

3.Сабақтың қорытындысы. Тақырыпты пысықтау. Оқушылардың жұмыстарын дұрыс бағалау.

4.Үй тапсырмасы: «Қорықтар неге керек?» мәтінін  әңгімелеу, немесе өздері қандай қорықтар туралы мәліметтер дайындайды, соған ауызша дайындалу.2-тапсырманы орындау.

 

Сабақтың тақырыбы:  Қорықтар неге керек? (жалғасы)                               

Мақсаты:

          Қазақстандағы қорықтар туралы әңгімелеу. Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Әрбір үйренген сөздерін сөйлеу, сөйлем құрау кездерінде дұрыс қолдана білуге үйрену. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

                     Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты пысықтау.

  1. Мұғалім өткен сабақтағы тақырыпты жалғастырады. Аударма диктант жүргізу.

           Заповедник, производство, сайгак, газель, джейран, первый, исчезновение, опасность, бедствие, пеликан, гнездиться, естественный облик, полынь, защищать, петь, беречь, не вырывать, не топтать, бархан.

  1. Табиғат туралы өлеңдер жаттау:

Табиғаттың  тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,

Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой, ал сен, кенже ұлысың!

 

Табиғатты қорғау үшін бәріміз

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз

Таза ауа үшін терімізді төгейік!

 

  1. Жаңылтпаш ретінде берілген жұмбақты мүдірмей айтып, шешу:

Арқада алты арқар бар,

Қырда қырық арқар бар,

Бір қарт арқар бар.                         (47 арқар)

 

Алты арқарға қырық арқарды,

Қырық арқарға кәрі арқарды

Қосса қанша арқар бар?                  (47 арқар)

 

Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш қосса,

Қанша қызғыш құс болады?          (86 қызғыш құс)

4.Сабақтың қорытындысы. Тақырыпты пысықтау. Оқушылардың жұмыстарын дұрыс бағалау.

5.Үй тапсырмасы: 3.5.1.-жаттығуына ауызша жауап дайындау.