Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізуді қалыптастыру.
2.Дамытушылық: оқушының алдыңғы, өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатына, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.
I.Ұйыдастыру кезеңі
Қазақ тілінде,балалар,бір өте жақсы сөз бар.Барлық қазақтар ол сөзді жақсы көреді.Ол сөз- қонақ.Бүгін бізге де қонақтар келіп отыр.Бүгінгі қонақтарға, біздің мектеп мұғалімдеріне, біздің сыйлықтарымыз сендердің сабақта алған «4» пен «5»бағаларыңыз болсын (Слайд № 1,2)
II Сұрақтарға жауап беріңдер:
Біз қай мемлекетте тұрамыз?Қазақстан қандай мемлекет?Тәуелсіз күні қай күн? Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл толмақ? Елбасымыз кім?Қазақстанның астанасы қай қала? Ол қандай қала? Қазақстан туралы кім толығырақ әңгімелеп береді?(слайд № 3)
Әр елдің өз рәміздері болады.Біздің елімізде де өз рәміздеріміз бар.Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?Олар қашан қабылданды?Басты рәміздердің бірі – Әнұран.Ол қашан қабылданды?Әнұранның сөзің жазған кімдер?Ал әнін шығарған кім? Әнұранды жатқа білу- әр азаматтың парызы.(Слайд № 4)
Ту туралы әңгімелеу.(слайд № 5)
Елтаңба туралы әңгімелеу.(слайд №6)
III Буын түрлерін қайталау:
Отан деген не?Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?Қандай адам бақытты?Отанды сүю неден басталады?
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп,буын түрлерін анықта.
Қазақстанның үлкен қалаларын атап беріңдер.Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында неше астана болды?Бірінші астанасы қай қала?Екінші астанасы қай қала?Үшінші астанасы қай қала?Төртінші астанасы қай қала?Нешінші жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталды?Үшінші астана- Алматы дедік.Алматы туралы әңгімелеу. (Слайды № 7)
Біз Қазақстанда тұрамыз дедік.Ол біздің Отанымыз,Отан сөзін тағы басқа сөзбен қалай айтуға болады? (атамекен)
Атамекен туралы мәтінді кім әңгімелеп береді?(слайды № 8)
III Қазақстан табиғаты
Қазақстан табиғаты қандай?Қазақстан қандай өлке?Табиғатты қалай қорғауымыз керек? Қазақстан табиғаты туралы толығырақ кім әңгімелеп береді(слайд № 9 — 10)
Әр елдің бас қаласы болады.Ол не?Ресейдің астанасы қай қала?Қырғыстанның астанасы ші,Латвия астанасы ші,Франция астанасы ші?Ал Қазақстанның бас қаласы қандай қала?Астана қаласы туралы кім әңгімелеп береді?(слайд № 11 — 12 )
IV Cергіту сәті
V Үй жұмысын тексеру.
Бес мемлекеттің астаналарын картадан тауып, жазып келу.
VI Сұхбаттасу
Сен Астанада болдың ба? деген диалогты аяқтау. (Астана туралы бейне-фильм)
Қазақстан — үлкен мемлекет.Ол облыстарға бөлінеді.Неше облыс бар?Біз қай облыста тұрамыз?Облыс орталығы қай қала?Петропавл қаласы туралы оқушы әңгімелейді.(слайд № 13)
Облыстар аудандарға бөлінеді,біз қай ауданда тұрамыз?Аудан орталығы қай қала?Тайынша қаласы туралы оқушы әңгімелеп береді.(слайд № 14)
Біз Тәуелсіз күні қарсанында сабақ өткізіп отырмыз.Биыл Тәуелсіздікке неше жыл?
VII Сабақты қорыту
Бағалау