Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың алған білімдерін жүйелі айта білуге үйрету, білім деңгейін көтеру. . дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру сауатты, көркем жазуға баулу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: оқу, талдау, сұрақ-жауап, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, (көне түрік, араб, латын) алфавиттері
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу; оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің сөзі.
- Балалар, бүгін біз сабақта «Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы» деген тақырыпты қайталаймыз. Біздің сабағымыздың мақсаты: әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді жүйеге келтіріп, пысықтап бекітеміз, осы тақырыпты сендер қалай меңгергендеріңді анықтаймыз.
- Алфавитердің пайда болуы мәдениет халықтарымен тығыз байланыста болған.
Осы мәліметтер жөнінде Афет деген оқушыма сөз.
1-оқушы: жазу тілі – көптеген тарихи ақпарат көздері бойынша өте бай қор болып есептеледі. Қандай жазу тілі болсын бірі-бірімен тығыз байланыста болған. Жазу тілі мен мәдениет өзара тығыз байланыста дамып отырған. Олардың өзара дамуы – бұл жаңашылдық емес. Мәдениет мың жылдар бойы басқа мәдениеттермен де тығыз байланыста болып гүлденіп, үздіксіз дамып келді.
- Ендеше, балалар, «Алфавит» дегеніміз не?
- Алфавит көне грек сөзінен шыққан. Алфавит – «альфа» және «бета» деген ұғымнан туған.
- «Азбука» деген не?
- Азбука – әліпби – бұл дыбыстың графикалық үлгісі. Орыс тілінің «аз», «буки» деген әріптерінен аталған. Әліпбиде әріптер рет-ретімен дауыстың шығуына қарай жүйеленіп жазылған.
- Ал, қазір оқушылар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. Суреттерде қандай мәдени ескерткіштер бейнеленген? (Какие культурные памятники изображены на рисунках?) Бұл мәдени ескерткіштерде қандай жазуды қолданған? Соған тоқталайық. Ал енді, оқушылар жинаған мәліметтерді тыңдаймыз.
- 2 слайдты көрсету: Алфавиттің кезең-кезеңмен шығу тарихына көңіл аударайық. Әр алфавиттің өзіндік даму тарихы бар. Балалар, сендер үйде зерттеу жұмыстарын дайындап әкелдіңдер.
І. 1-ші топ оқушылары жауап береді.
Слайдтарды көрсетіп отыру.
2-оқушы: — Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда Жетісу мен Сырдария аралығын алып жатқан өңірге ғұндар қоныс аударғаны мәлім. Олар сақ-массагеттермен (скиф) араласып, біртұтас халыққа айналды. Бірте-бірте олардың ықпалы күшейіп, Енисейден бастап, Монғолстанға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені өздеріне қаратып алғаны көне тарихтан белгілі. Көне түркі жазуы – түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Бұл әліпби 35 әріптен тұрады. Онңнан солға қарай жазылады. Бұл жазу түрінде 8 дауысты фонема бар.
В тюркском языке только согласные представляют собою устойчивый элемент слова. Гласные звуки корня вообще остаются неизменными, потому что подчиняются закону сингармонизма и играют существенную роль в формировании языка.
Дауыссыз дыбыстар тек түрік тілінде ғана сөздің біртұтас элементі болады. Түбірдегі дауысты дыбыстар өзгермейді, өйткені үндестік заңына бағынады және тілді қалыптастыруында маңызды рөл атқарады.
В письме тюркских языков имеют приставочный (агглютинативный) характер. Корень спов в этих языках почти всегда легко отделяется от служебных частей (аффиксов) и не изменяет своего звукового строения; в этом отношении тюркские языки в их современном состоянии отличаются коренным образом от языков семитических и индоевропейских.
Түркі тілі жазуларында қосымшалар бар. Осы тілдерде сөздің түбірі әрқашан көмекші қосымшалардан жеңіл бөлінеді және өзінің дыбыстық құрылымын өзгертпейді. Бұл жағдайда түрік тілдері үндіевропалық тілдердің қазіргі жағдаларының түбір үлгілерінен ерекшеленеді.
Көне түркі жазулары қайда сақталған?
3-оқушы: Сол кезден бастап, қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерінде түркі халықтарының арғы негізі саналатын халықтар тілі, яғни көне түркі тілі кең өріс алады. Сонымен, таңбалы тастарда, ескерткіштерде, сол замандағы адамдардың түрлі тарихи кезеңдердегі өмірімен тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, діні мен тілі, көркемдік талғамы басқа да көп мәліметтер ескі тастарда сақталған.
Түрік тілі мен басқа тілдердің дамуы және қалыптасуы әр кезеңде өткен. Түркі тіліне 30-дан астам шығыс халықтардың тілдері енгізілген. Қазіргі уақытқа дейін 25-тен астамы туған тіл ретінде қолданылады.
4-оқушы: Көне түркі жазуын оқудың кілтін 1893 жылы Дания ғалымы Людвиг В. Томсен (1842-1927) тапқан және В.Томсенмен бір кезде орыс ғалымы В.В.Радлов та көне түркі жазуының кілтін тапқан.
слайдтарды көрсетіп отыру.
5-оқушы: — VII ғасырдың басында араб басқыншылары Орталық Азияға еніп, түркі тілдес халықтардың көзқарастарын жаңаша қалыптастырса, екіншіден, осы елдердегі адамдарды исламдандырды. Осының негізінде көптеген шығыс ғұламаларының аса бай мұрасы халыққа танымал болды. Сонымен, ислам Орталық Азияға дінмен қоса өркениетті де ала келді. Ұлы Жібек жолымен бірге қазақ жерінде ғылым, өнер, мәдениет қалыптасып дамыды. араб жазуы 28 әріптен, үш дыбыстан тұрады. Олар оңнан солға қарай жазылады. Оның ішінде 28-дің үшеуі дауысты дыбысты білдіреді.
6-оқушы: Жүсіп Баласағұн. Махмұд Қашқари, Ахмет Байтұрсынов т.б.
ІҮ. 9 слайд: Латын жазуының шығу тарихын кім зерттеді?(оқушыдан сұрау)
Слайдтан көрсетіп отыру.
7-оқушы: Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Латындар – римдік көне тайпалар. Біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда грек тілінен классикалық латын алфавитіне 23 әріп енгізілді. Латын тілінің негізінде қазір 70-ке жуық әліпби, соның ішінде 30-дан жоғары еуропалық, 20 азиаттық, 20 африкалық әліпбилер бар. 1928 жылы Кеңес Одағы кезінде Орталық Ақпараттық Комитетінің ІҮ сессиясында латын тілінің әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылданды. 1929-39 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды.
1929 жылы қазақ тіліндегі білім жүйесі өте қиын кезеңді бастан өткізді. Араб тілінен латын тіліне көшірілді. Ғасырлар бойы қазақтардың бірталай рухани мұралары, жазылған кітаптары араб жазуымен қайтадан жазылып шығарылды. 1924 жылы А.Байтұрсынов қазақтарға түрік тілінде жазылған кітаптарды да араб тілінде оқуға мүмкіндік туғызған. Мыңдаған араб тілінің негізінде қазақ тілінде оқи білетін қазақтар жаңадан шыққан жаңа латын әліпбиді үйренуге тура келді. Бірақ латын тілі қазақ тілі дыбыстарының жүйесі бойынша сәйкес келмеді.
Ү. Орыс алфавитіне біздің еліміз не себептен көшті ?( оқушылар қарсы топқа сұрақ қояды)
Слайдтан көрсетіп отыру.
8-оқушы: Сол себептен латын тілінен кейін орыс алфавитіне кирилицаға көшуге қажеттілік туды.
Кирилица грек әліпбиінің негізінде құрылды. 9 ғасырдың соңында Кирил мен Мифодий ағайындыларының болгар грамотасы бастапқыда күшті славян тілі үшін құрылды. Кирил мен Мифодий қасиетті кітапттарды славян тіліне аударды. 10 ғасырдың басында құрылған бұрын кириллица қазір біз пайдаланып жүрген орыс алфавиті славян дыбыстары арқылы грек алфавиті қайта құрылды.
1939-1940 жылдары түгелдей орыс алфавитіне көшу туралы үкіметіміз қаулы шығарды. Бұл орыс алфавиті оқуға, жазуға өте қолайлы болды. 1940 жылдан бастап барлық кітаптар мен мерзімді баспалар орыс алфавитімен жарияланып отырды.
Оқушының сұрағы. Орыс алфавитінің қолданысы мәдениетке қандай әсер етті?
Орыс алфавитінің негізінде біз Батыс елдерінің мәдениетімен және тарихымен, салт-дәстүрлерімен, қолөнерімен, әдебиетімен, ғылыми еңбектерімен таныс болдық. Батыс елдерінің тілдері мен мәдениетінен үлгі алдық. Орыс тілі арқылы Шығыс пен Батыс елдерінің халықтарының арасында өзара байланыс дамыды.
Оқушының сұрағы. Орыс алфавитінің негізінде қазақ алфавитінің ерекшеліктері қандай?
Слайдтан көрсетіп отыру.
Орыс алфавитінің негізінде ұлттық жүйенің жазбасы есепке алынып, қазақ тілінің тән дыбыстарының ерекшелігі жасалды. Әріп белгілерінің ұлғаюына байланысты қазақ тілінің тән дыбыстары қалыптастырылды.
Осы алфавиттердің ауысуы туралы қандай қорытындыға келеміз.
Қорытынды:
- Біздің ата-бабаларымыз осы жазуларды өз өмірлерінде қолданған.
- Сол кездегі жазу мәдениеті мен салт-дәстүрлері бірге дамыған.
- Қазіргі кезде біз үшін осы жазулардың берер тәрбиесі өте мол.
- Қазіргі біздің заманымызда ертедегі ата-баларымыздың алфавитерін білуге тырысуымыз қажет.
- Сондықтан да біздің Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде қазақ филология кафедрасында түркі тілінен сабақтар өткізіледі.
- Ал араб жазуын қазіргі кезде балаларға мешіттерде арнайы курстар жүргізіледі.
- Ал біздің мектепте латын және кириллица тілдері бойынша сабақтар өткізіледі.
МҰғалі. Міне, оқушылар, қарасаңдар қай ғасырлардағы болсын алфавиттердің маңызы зор екен. Солай ғой, балалар? (әрине)
Жұмысымызды қорытындылау үшін келесі тапсырма. Мен осы топқа …
- Пысықтау. Ал енді, сендермен алфавиттер туралы алған мәліметтерді тағы да қайталау үшін мынадай грамматьикалық тапсырмалар орындаймыз.
1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңдар
- Древняя письменность, близки друг другу, возникает необходимость, написанный на арабском языке, перейти на латинский алфавит, на основе русского алфавита, очень удобно, современный казахский алфавит.
2-тапсырма:
- Көне түркі жазуы – түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы.
Древнетюркская письменность – это первое буквенное письмо для тюркских племен.
- Культура и письмо развивались в тесной взаимосвязи. Жазу тілі мен мәдениет өзара тығыз байланыста дамып отырған.
- Ұлы Жібек жолымен бірге қазақ жерінде ғылым, өнер, мәдениет қалыптасып дамыды. На казахской земле вместе с наукой, культурой, искусством развивался и Шелковый путь.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерде көп нүктенің орнына керекті жалғауларын жазып, анықтаңдар.
- Қазақ тіл… түркі тіл… … тобы… жатады.
- Қазақ… көне және қазіргі кітаптар… бірнеше алфавит… жазылып, жарық көрді.
- Орта Азия… ұлы ғалымдар…, тарихшылар… араб жазуы… орта ғасмыр… дейін пайдаланған.
3-тапсырма. сендер шағын әңгіме-эссе жазыңдар осы тыңдап алған алфавит туралы мәліметтер арқылы. (5 мин)
- Бекіту. Орындаған тапсырмаларды тыңдау, қателер болса, оларды жөндеу.
- Қорытынды Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда алфавиттер тақырыбын аяқтадық. Менің ойымша, сендер алған мәліметтер болашақ өмірде қажет болады.
- Бағалау. Сендер бүгін жұмысқа белсенді қатыстыңдар, мен сендерге жақсы баға қоямын.
- Үй тапсырмасы. І деңгей. Диалог құрастыру.
ІІ деңгей. Диалог пен сөзжұмбақ құрастыру.
ІІІ деңгей. «Көне түрік тілі мен қазіргі қазақ тілінде байланысы сақталды ма?» деген тақырыпқа әссе жазыңдар.
Слово учителя:
Сабағымызды елбасымыздың айтқан сөзімен аяқтағым келеді. «Мемлекеттің деңгейі қашанда азаматтардың білімімен, мәдениет деңгейімен анықталады. Мәдениеттің ұстанымдары халықаралық және ішкі ұлтаралық бейбітшілікпен келісімнің негізінде жасалады. Мәдениет – біз үшін еліміздің саяси жаңаруына ықпал етуші күш».
САБАҚТЫ ТАЛДАУ.
Бүгінгі тақырып бағдарлама жоспары бойынша алынған. Бұл тақырыпқа … сағат берілген. Сабақтың тақырыбы .
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың алған білімдерін жүйелі айта білуге үйрету, білім деңгейін көтеру. дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, сауатты, көркем жазуға баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тіл дамыту әдісі, ізденіс әдісі.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың типі: дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта
Сабақтың барысы: І. Жаңа тақырыптың мәнін ашу.
ІІ. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауыз екі тілін дамытуда шығармашылық жұмысын жүргізу.
ІІІ. Сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы оқушылардың ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Өткен тақырып бойынша оқушыларды қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Осы тақырып бойынша балалардың білімдерін жабаша түрде пысықтау. Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар берілді.
1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аудар.
Древняя письменность — близки друг другу – возникает необходимость – написанный на арабском языке – перейти на латинский алфавит- на основе русского алфавита – очень удобно – современный казахский алфавит
| 2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңдар.
1. Древнетюркская письменность – это первое буквенное письмо для тюркских племен.
2. Культура и письмо развивались в тесной взаимосвязи.
3. Ұлы Жібек жолымен бірге қазақ жерінде ғылым, өнер, мәдениет қалыптасып дамыды. | |
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерде көп нүктенің орнына керекті жалғауларын жазып, анықтаңдар.
Қазақ тіл… түркі тіл… обы… жатады.
| 4-тапсырма. Төмендегі сөйлемнің сөздерінің соз табын анықта.
Қазақтың көне және қазіргі кітаптары бірнеше алфавитте жазылып, жарық көрді.
| |
5-тапсырма. Берілген сөлемдегі сөздерге керек жалғауларын тауып жаз.
Орта Азияның ұлы ғалымдары, тарихшылары араб жазуы…мен орта ғасырға дейін пайдаланған.
| ||
ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің сөзі.
- Балалар, бүгін біз сабақта «Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы» деген тақырыпты қайталаймыз. Біздің сабағымыздың мақсаты: әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді жүйеге келтіріп, пысықтап бекітеміз, осы тақырыпты сендер қалай меңгергендеріңді анықтаймыз.
- Алфавитердің пайда болуы мәдениет халықтарымен тығыз байланыста болған.
Осы мәліметтер жөнінде Афет деген оқушыма сөз.
- Ендеше, балалар, «Алфавит» дегеніміз не?
- Ал, қазір оқушылар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. Суреттерде қандай мәдени ескерткіштер бейнеленген? (Какие культурные памятники изображены на рисунках?) Бұл мәдени ескерткіштерде қандай жазуды қолданған? Соған тоқталайық.
- Ал енді, оқушылар жинаған мәліметтерді тыңдаймыз. Алфавиттің кезең-кезеңмен шығу тарихына көңіл аударайық. Әр алфавиттің өзіндік даму тарихы бар.
- Міне, оқушылар, қарасаңдар қай ғасырлардағы болсын алфавиттердің маңызы зор екен. Солай ғой, балалар? (әрине)
Жұмысымызды қорытындылау үшін келесі тапсырма. Мен осы топқа …