Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы : Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін еске түсіре отырып ,түсініктерін кеңейту, білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларға сандарға қатысты ұғымдарға мән бере отырып, шапшаңдыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу, киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау- қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс. кластер,ребус, жұмбақ, метаграмма шешу
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,слайдтар
Пәнаралық байланыс:орыс тілі, жағрафия, информатика, халық ауыз әдебиеті
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық..
Сөзжұмбақты шешсеңдер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады
- Балалардың ойыны (асык)
- Қазақстанның астанасы ( Астана)
- Ең қымбат адам( ана)
- Алтай Республикасының бір ауданы ( Чемал)
- Баланы тербететін ( бесік)
- Жануар (піл)
- Қазақ халқының батыры ( Алпамыс)
- Қосағаш ауданының әншісі (Жанайдар)
- Қоянның баласы ( көжек)
- Қазақ халқының аспабы (домбыра)
Жауабы– Сан есім.
Демек , бүгін біз « Сан есім» мемлекетіне саяхат жасаймыз
Біріншіден, сан есім туралы біз не білеміз?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Мағыналық түрлерін атаңдар
Құрамдық түрлері?
Сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарады?
Түрлері | Жұрнақтары | Мысалы |
Реттік сан есім(поряд чис) | -ншы,-нші, -ыншы,-інші | Бір-інші (первый), екі-нші (второй) |
Жинақтық сан есім (собирательные чис) | -ау, -еу сұрақтары: нешеу? Всего семь | Біреу,екеу,үшеу,төртеу,бесеу алтау,жетеу |
Бөлшектік сан есім (дробные числительные) | ||
Болжалдық сан есім (предположитель числител) | -дай, -дей, -тай, -тей | Қырық-тай (около сорока) |
Топтау сан есім (разделительные числител) | Образуются путем повторения числительных с окончаниями Шығыс сеп в конце | Бес-бестен (по пять), он-оннан (по десять) |
Қазақ халқында қандай сандар касиетті болып саналады? 3,5,7
Есте сақтаңдар!
Жеті қазына:
- Ер жігіт
- Сұлу әйел
- Ақыл, білім
- Жүйрік ат
- Қыран бүркіт
- Берен мылтық
- Жүйрік тазы.
Жеті күн:
- Бүгін
- Ертең
- Бүрсігүні
- Арғы күн
- Ауыр күн
- Соңғы күн
- Азына
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса-
Бәрінен де сол жетім.
Бірінші қала « Есептік сан есім» — « Количественные числительные»
Мәтіннен есептік сан есімдерді табу
Алтай Республикасының астанасы – Горно-Алтайск қаласы. Оның көлемі — 92, 6 мың кв.км. халық саны – 205, 6 мың адам. Республикада 10 аудан, 1 қала. Ең биік тау – Белуха, оның биіктігі -5448 метр.
Екінші қала «Реттік сан есім» — « Порядковые числительные»
Жеті аталарыңды ойға түсіріп, реттік сан есімдерді жазыңдар
Атасы ( дед) – бірінші
Әкесі ( отец)-…
Баласы( сын) -…
Немересі ( внук)-…
Шөбересі( правнук) -…
Шөпшек ( праправнук) -…
Немене(прапраправнук) -…
Үшінші қала «Жинақтық сан есім»- «Собирательные числительные»
Жұмбақтарды шешіп, жинақтық сан есімдерді табыңдар
Кездеспейді екеуі
Көк аспан мекені ( ай мен күн)
Басы да екеу
Аяғы да екеу ( қайшы)
Қатар тұрып екеуі
Бірін бірі көрмейді
Көр десең де көрмейді ( екі көз)
Біреуін бердім,
Онын тердім.
(тұқым)
Сағат қанша болды айтшы?
Келесі қала «Бөлшектік сан есім» — «дробные числительные»
А) Цифрларды сөзбен жазыңдар (230 упражнение)
Б) Метаграммаларды шешіңдер
Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады. /Қауын — Жауын/
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп. /Түн-Күн/
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын. /Мұз-Тұз/
Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын. /Су — Бу/
Сергіту сәті.
Бесінші қала —Болжалдық сан есім (предположительные числительные)
А) Сөйлемдер құрастырыңдар
Жетідей. Жүз шамалы . Он шақты
Б) Көп нүктенің орнына керекті сан есімді қойып жазу
- Білекті …. жығады, білімді…. жығады.(бірді)
2.Қызға …… үйден тыю.(қырық)
3.Ер жігіттің ….. сөйлегені өлгені.(екі)
4…..ала болса, ауыздағы кетеді(алтау)
- …..кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.(қырық)
- ….атасын білген ер, …. жұрттың қамын жер.(жеті)
- Білгенің ….., білмегенің – …… (бір тоғыз), (тоқсан тоғыз)
Алтыншы қала -Топтау сан есім (разделительные числительные)
Суретке қарап топтау сан есімдермен сөз тіркестер құрастыру
Логикалық сұрақтарға жауап беру
- 1. Қандай айда 28 күн ?
Ответ : барлық айда
- Ақтөбеде біреу, Өскеменде жоқ , Алматыда екеу, Астанада үшеу ? Ол не?
Жауабы : “а”әрпі
Сандар сөйлейді?
Бағалау
Үйге тапсырма :232 жаттығу