Менің жазғы демалысым. Туынды сын есім.
21.10 Қазақ тілі 7«б» класс | ||||
Тақырыбы | Менің жазғы демалысым. Туынды сын есім. | |||
Сілтемелер: | Оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқулық | |||
Мақсаттары: | Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа мәтінді меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу; сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу; Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
| |||
Күтілетін нәтижелер | Өз беттерімен мәтінді оқып, сөздік қорларын молайтады, грамматикалық тақырыпты игеруде ережені шығарып, бекітеді. | |||
уақыты | Әдіс- тәсілдері | Ресурстары | Сабақтың мазмұны | |
Мұғалімнің іс-әрекеттері | Оқушының іс-әрекеттері | |||
6мин | СТО-страте гиялары
Ой шақыру
|
Слайд 1,2 | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Сабақтың мақсатын жеткізіп, жоспарымен таныстырады. Бағалау парақшалары үлестіріледі. Тест тапсырмалары таратылады 1. Жаз деген не? а) көктемнің жалғасы ә) күздің басы б)қыстың ортасы 2. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда саяхатқа …. а)түсеміз ә)көреміз б)шығамыз 3. Жазғы демалысты қайда өткіземіз ? а) мектепте ә) сыныпта б)атам мен әжемде 4. Жазда болатын табиғат өзгерістерін табыңдар. а)қар жауып боран болады ә)қар еріп, күн жылиды б) айнала гүлдеп күн ысиды 5. Жаз мезгіліне қатысы жоқ сөздерді табыңдар. а)жайлау ә)боран б)ыстық
| Қолайлы психологиялық жағдай туғызу мақсатында «Мен жаздан Қандай әсер алдым?»тренингі өткізіледі. (шеңбер бойымен тұрып айтады)
Топта жұмыс жасау ережелерімен танысады 1. Бірігіп жұмыс жасау. Дауыс көтеріп, айқайласпау. Мұғалімді тыңдау. Уақытты үнемдеп, тақырыптан ауытқымау. Өз ойыңды жеткізіп, жауап беру.
2 мин уақытта тесттерін белгілеп, өзара алмасып, кілт арқылы тексеріп,бағалау парақшаларын толтырады. |
слайдтар | Үй тапсырмаларын тексеру «Менің жазғы демалысым» тақырыбына 3 топ слайдтар көрсетіп, қорғайды. | |||
1мин 8 мин | Мағынаны ашу
| слайд
| Мәтінмен жұмыс. Оқулық бойынша 59 б-гі мәтінмен жұмыс Жаз мезгілін бала атаулының бәрі де ерекше күтеді. Нағыз демалыс жазда болады. Сондықтан балалар бұл уақытты ерекше өткізгісі келеді. Балалар жазда түрліше демалады. Бірі жазғы лагерьлерде демалса, енді бірі ауылдағы ата- әжелерінің сағынышын басып қайтады. Кейбірі ата- аналарымен қалаларды аралап, шет елдергеде қыдырады. Мезгілдің бұл маусымы бой жазып, еркін тынығуға әбден қолайлы. Сондықтан жаз мезгілі балалар үшін ерекше мезгіл болып табылады. | 3 топ өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындайды. I-сұрақтар құрайды Кім жаз мезгілін ерекше күтеді? Олар қалай демелады? Неге мезгілдің бұл маусымы демалуға қолайлы? II- негізгі ойын анықтайды Мезгілдің бұл маусымы тынығып,демалуға қолайлы. Сондықтан жаз мезгілі балалар үшін ерекше мезгіл болып табылады. III- кластер құрады тынығуға Қолайлы Жазғы демалыс Ерекше Күтеді түрліше Демалады ауыл,шетелдерге қыдырады Дәптерлеріне жазып отырады. Кеңесшілер бағалау парақшаларын толтырады |
5мин | слайд | Тақтада жазылған екі сөзге назар аударады. «Нағыз» және «жазғы» Мұқият қарап әуелі ұқсастығын, содан кейін айырмашылығын табуды сұрайды.
| Тақта арқылы оқушылар сын есімнің туынды және негізгі түрі туралы ережені шығарып оқиды | |
4мин
| Мұғалім тақырыпты түсіндіреді. Сұрақтар қойылады: Сын есім нені білдіреді? (Сын сөзін сөздік дәптерлеріне жаздырады «сын» -признак, «сын»- критика) Сын есім құрылысына қарай қандай екі түрге бөлінеді? Негізгі сын есім және туынды сын есім қалай жасалады?
| Сұрақтарға жауап беріп, мысал келтіріп отырады. | ||
5мин | Семантикалық карта үлестіріледі Семантикалық карта | 3 мин уакыт аралығында тапсырманы орындап, кілті арқылы өздеріне баға қояды. | ||
7мин | Ой толғау | Тақтадан Күн және сәулелерін алып, топтарға үлестіреді. Сонымен біз бүгін не туралы айттық? Жазғы демалыс Жазғы демалысымыз пайдалы да қызықты болу үшін оны қалай өткізуге болатыны туралы біз келесі сабақта айтамыз. Үйге тапсырма ,63 беттегі мәтінді оқып келесіңдер. | Мен нені білдім? Ортасына лексикалық тақырып бойынша сөз, сөзтіркестерін жазып, шеңбердің сыртына грамматикалық тақырып бойынша алған жаңа ұғымдарды жазады. Күннің сәулелеріне сабақтан алған әсерлерін Және сынын айтып жазады. Жазғандарын тақтаға іледі. Кеңесшілер бағалау парақшаларын толтырады | |
Қосымша тапсырмалар |
59 б-гі ережені оқып, есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар мен етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтарды жатқа оқу. |