Пунктуация
Сабақтың тақырыбы : Пунктуация
Сабақтың мақсаты : Білімділік: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық
білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы
пәнге деген қызығушылығын дамыту, ізденімпаздық қасиетін
қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, тіл байлығын жетілдру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке. ізеттілікке, әдептілікке,
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : слайд, кеспе қағаздар, таблицалар.
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Оқушылар кестені толтыра отырып, ғылыми стиль туралы еске түсіреді. Ғылыми стиль деген не?- деген сұраққа жауап береді.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тыныс белгілері автордың ойын дәл, түсінікті, тиянақты етіп жеткізуде нақты рөл атқарады. Біз жазба тілдегі тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса айтушының көңіл күйі мен айтылмақ ойын өз дәрежесінде қабылдай алмаймыз. Тыныс белгілері туралы ілім пунктуация (лат. — нүкте) деп аталады.
| |||
| |||
негізгі қызметі
|
қосымша,
көмекші
қызметі
Пунктуация — жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі, Ол жазба тілдің барлық мән-мағынасын ашып түсінуге мүмкіндік береді. .
Жалпы қазақ тілінде қолданылатын тыныс белгілер төмендегідей:
Негізгі тыныс белгілері |
Нүкте | сұрау белгісі | леп белгісі | қос нүкте | көп нүкте | нүктелі үтір | үтір | сызықша | тырнақша | жақша |
Мәтіннің тыныс белгілерін қою үшін үш белгіге сүйену керек. Олар: сөйлем құрылысына негізделген — грамматикалық принцип; сөйлем және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын айқындаушы мағыналық принцип және дауыс ырғағы — сөйлем интонациясы (Р.Әмір, М.Атабаева)
Оқулықпен жұмыс. 93-жаттығу . Тыныс белгілерінің қойылуы мен қандай қызмет атқарып тұрғанын талдап айтып беріңдер.
94-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып, дауыс ырғағын құбылта оқып, тыныс белгілерінің рөлін түсіндіріңдер.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Жай деңгей.
Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгісін қой.
- Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.
- Мынау тастар Жезқазған Алтай,Алатау қаратау кендерінен табылған.
- Бұғыбай – көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.
- Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.
- Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт.
- Абай қажымай жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.
Шығармашылық деңгей . «Сабақ үстінде» деген тақырыпқа шығарма жазу.
Білімді бекіту : Пунктуация нені қарастырады?- сұрағына жауап іздестіру.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 99- жаттығу
“Тыныс белгілері – шығарма ажары ” тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап жазу