Сабақтың тақырыбы: «Ойын сабақ»

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Картова З.С.

1 «Б» СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы: «Ойын сабақ».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын тексеру, бекіту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: тез ойлау, оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл дамыту логикалық ойлау, талдау, жинақтау қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік: қазақша сөздерді дұрыс айтуға, сұрақ қоя білуге, толық жауап беруге тәрбиелеу, достық көмек, біріге отырып ортақ мақсатқа жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, ойын әдісі, диалог құрастыру.

Сабақтың көрнекілігі: ойыншықтар, суреттер, карточкалар, «Мәреге жет!», интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгіндеу.

—        Сәлеметсіздер ме, балалар!

—        Сәлеметсіз бе мұғалім!

—        Сендерде қазір қандай сабақ?

—        Бізде қазір қазақ тілі сабағы.

—        Балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын, сендерге өз тілегімді айтқым келеді: «Бақытты болайық, балалар!». Сендер де,  бір-бірлеріне тілек айтып, көңілімізді көтерейік.

  1. Психологиялық дайындық. Бір-бірімізге тілек айту. (хормен)

 

а) Жақсы адам боламыз!

ә) Деніміз сау болсын!

б) Оқуымыз жақсы болсын!

в) Сабақта не істейміз?

 

ІІ. Жаңа сабақ

  • Жақсы балалар, енді тақтаға назар аударамыз!
  • Тақта да, балалар «Мәреге жет» ойыны тұр.
  • Бұл ойында әрбір сөрені өткен сайын сабақтарымыздан алған білімдеріңіздің қандай екенін, мәреге жетуге жеткілікті ме, соны байқаймыз.
  • Әрбір сөрені оқып шығайық. (мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп қайталайды).
  • Ойынымыз қызықты болу үшін екі топқа бөлініп мәреге жетуші жеңімпаздарды анықтайық.
  • Ол үшін мына қоржынан әрқайсысына карточка беріледі. Осы карточкаға қарап кім-қандай топта болатынын анықтаймыз.

І-ші топ: «Доп».

ІІ-ші топ: «Шар».

  • Балалар, әрбір тапсырмаға сендерге жұлдызша беріледі. Қай топ көбірек жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі. Сабақ соңында көп жинаған топ мәреге жетеді.
  • Жақсы, егер сендерге түсінікті болса, біз көңілді ойынымыздың бірінші сөреге жетейік
  • Мынау не? Мынау – доп.
  • Дұрыс, доп не? Доп – ойыншық.
  • Ия, ойыншық. Біздің көңілді сөредегі суреттердің бәрі не?
  • Бұлар – ойыншықтар. Жақсы, доп қандай?
  • Үлкен доп. Ал енді балалар интербелсенді тақтаға назар аударайық!

ІІІ. Білімдерін тексеру.

  • Бұл тапсырмада үлкен ойыншықтарды сол жаққа, ал кішкентай ойыншықтарды оң жаққа қойамыз. Балалар ойыншықтардың қандай болатыны ойланып, олардың көлеміндерін еске түсір.

1 – тапсырма. Ойыншықтарды жікте. «Доп» тобы үлкен ойыншықтарды, «Шар» тобы кішкентай ойыншықтарды табады.

ҮЛКЕН – БОЛЬШОЙ                           КІШКЕНТАЙ – МАЛЕНЬКИЙ                                                              

                     

  • Жақсы, тапсырманы орындадық. Енді балалар көңілді сөремізде екінші суретте не бейнеленген?
  • Мынау-шар.
  • Жақсы, онда шардағы тапсырманы орындайық.

2-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.


  1. пять
  2. имя
  3. десять
  4. друг
  5. шесть
  6. один
1БЕС   
  2АТ  
 3ОН   
  4ДОС 
  5АЛТЫ
6БІР   


 

 

 

  • Жарайсыңдар!
  • Балалар, біз келесі сөреге өттік.
  • Сөреге назар аударамыз! Мынау не?
  • Мынау – көлік.
  • Дұрыс, ендеше көлікке байланысты тапсырманы орындауға кірісейік!

3 – тапсырма. Ойлан, тап.

«ҚАНДАЙ САН ЖОҚ?»

3
9
7
5
1
  • Балалар, жақсы санай алуды білетін екенсіңдер. Енді келесі сөреге қарайық!

4 – тапсырма.

  • Мынау не?
  • Мынау – қоян.
  • «Қоян» сөзінде бірінші әріп, қандай дыбыс?
  • Дұрыс, ол – дауыссыз, қатаң дыбыс.
  • Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды еске түсірейік.
  • Тақтада интербелсенді плакат ілулі. Осы плакатта әліппе бар.
  • Осы әліппеден қазақ тіліне тән төл дыбыстарды басып, аудио-дыбысты тыңдап, қайталайық.
  • Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, І, Һ.
  • Қазақ тіліне тән төл – 9 дыбыс бар, солай ма балалар?
  • Ия, олар: Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, І, Һ.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»(бейне-видео)

  • Балалар, барлығымыз тұрамыз, сергіту сәтін жасайық!

ІV. Сабақты бекіту.

  • Балалар соңғы сөре қалыпты. Енді мұқият қараңдар!
  • Мынау не? Мынау – қуыршақ.
  • Дұрыс, қуыршақ бізге карточкалар әкеліпті.
  • Ендеше қуыршақтың тапсырмасын орындайық.

5 – тапсырма. Карточкамен жұмыс.

Оқушының аты-жөні:______________________________

 

КАРТОЧКАМЕН ЖҰМЫС

Тапсырма. Берілген сөздерге керекті қазақ тіліне тән төл дыбысын қой.

ÿке, кÿз, аÿа, кÿтап, ÿкі, қÿс, аÿ.

  1. Сабақты қорытындылау.
  • Жарайсыңдар балалар, сендер мәреге жеттіңдер!
  • Жеңімпаз топты анықтайық.
  • Қай қалтада жұлдызшалар саны көп екенін анықтауда, қалтадағы жұлдыздарды санайық.
  • Жарайсыңдар, әр топқа осы «Мәреге жет» ойынына қатысқан топтарға сыйлық беріледі.

 

  • Енді осы мәреден не үйренгендерінді тексерейік.
  • Интербелсенді тақтаға қараңдар.
  • Сендерге қазір ойыншықтар өзі туралы баяндайды. Сендер зер салып тыңдаңдар.

«Менің ойыншықтарым» (бейне-видео)

Рефлексия:

«Бағдаршам»

Ойынның шарты: сұрақ беріледі, сендерге ұнаса – жасыл, ұнамаса – қызыл түсті көрсетеміз.

  • Балалар сендерге бұл сабақ ұнады ма?
  • «Мәре» ойыны ұнадыма?
  • Сергіту сәті ұнадыма?
  • Видео ұнадыма?

VІ . Үйтапсырмасын беру.

  • Өткен сөздерді оқу. Қайталау.

VІІ. Бағалау.  

  • Бүгін сыныпта кім өте жақсы қатысты?
  • Оларға жұлдызша беруге болма? Неліктен?
  • Дұрыс, олар сабақта белсенді қатысты.
  • Жарайсыңдар, балалар барлығымыз тұрайық.
  • Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
  • Сау болыңыз!