Туған әдебиет жанашыры
Туған әдебиет жанашыры
Мақсаты: Оқушыларға М.Ж.Көпейұлының өмірі,шығармашылығынан мәлімет бере отырып жан-жақты қырларын ашу. Оқушылар бойында ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Ақынға, еліне, тіліне деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Суреті, баспа материалдары, сызбалар, кезегіне орай интерактивті тақтадан өлеңдерінен үзінділер, достық, ақыл-ой, саналылық, ақылдылық туралы ғибрат сөздері шығып отырады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымызда халықтың маржан тілін қадірлеген М.Ж. Көпееев жинаған мұра мен орасан зор құнды дүниелерден мағлұмат аламыз. М.Ж.Көпеевтің туған жері Павлодар облысы,Баянауыл ауданы, Найзатас деген жер. 3 жасында «Тауық жұты» деген жұт болып, бар малынан айырылып, бір ат, бір сиырмен ғана қалған әкесі Көпей: «Дүние жолдас емес, ғылым, білім жолдас» деген шешімге келіп,баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Сол кездегі аға сұлтан М. Шорманов Баянауылға медресе салғызып, сабақ беру үшін Омбыдан Қамар хазіретті көшіріп әкеледі.Қамар зейінді Жүсіпке көп көңіл бөледі. 9 жасқа аяқ басқанда оның алғырлығына сүйсінген Мұса Көпейге «Сопы, мұнан былай мына баланың бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз.Көз- тілге шет болмасын! Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен!»- деген. одан бастап атына «Мәшһүр» деген ат қосылыпты. «Мәшһүр» арабтың «белгілі», «әйгілі» деген сөзі.
Ендігі жерде сөз кезегін оқушылар алады.
1- оқушы: М. Жүсіп бір анадан 3- ағайынды болған екен.(сызба)
Қарындасы Әмина ерте дүние салған. Әкесі Көпей 75 — жасында көз жұмыпты. Ал ақынның зайыбы Рафик 3 ұл 2 қыз тәрбиелеген (сызба). Зайыбы 1916 жылы Баянауылдың Ақкелін болысында дүние салды.Үлкен ұлы Шарапи әке қазасынан кейін бес жылдан соң қайтыс болса,Әмен1924 жылы 33 жасында ата-анасы қалың малға бермекші болған 13 жасар қызды қорғау жолында тап жауларының қолынан қаза болады.Әкесі сол кезде ұлын жоқтап өлең жазған еді. Онда:
«Қан түсті алпыс үште аяғыма
Оқ тиді түзде жүрген саяғыма»,- дейді.
Ал Фазыл — әкесі өмір сүрген өңірде ұзақ жыл мұғалім болып қызмет істейді де, 1970 жылы зейнетке шыққан соң дүние салады.
2-оқушы:М.Ж.Көпеев 1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде,одан соң Бұхарадағы Мірараб медресесінде оқиды.1875 жылдан бастап оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады.
1887-1890 ж. Ж. Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұхараны аралайды.Араб, парсы тілдерін үйренеді.Түрколог- ғалым В. Радловпен танысады.
Ол «Ер Сайын», «Ер Көкше»,»Көрұғұлы», «Шора батыр» «Ер Тарғын» жырларын Балта мен Шөже, Шөже мен Қалдыбай, Жанақ пен Түбек, Жанақ пен Сақау, Күдері мен Ұлбике,Шортанбай мен Орынбайт.б.айтыстарын Бұхар, Шортанбай, Шөже, Орынбай сынды ақындардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдырды.Оның кейбірі ҚР Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы.
(2- оқушы «Ғибратнама» өлеңін жатқа оқиды)
3- оқушы:Халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын өзінің «Мес» атты жинағы арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізген.Көпеев өзінің идеялық мазмұны терең ,тағылымы мол шығармалары арқылы тек қазақ әдебиетінің ғана емес қазақ әдеби тілінің қалыптасып дамуына да зор үлес қосқан қалам қайраткері.Егер Абай жаңа сападағы ұлттық әдеби тілдің көш бастаушысы болса, М. Көпеев — сол көштің қостаушысы , оны әрі қарай жалғастырушысы.
4-оқушы: Абай тәрізді М. Көпеев те сөз зергері.Олардың шеберлік үндестігін айқындай түсу үшін, екі ақынның «соқыр» сөзін пайдалану үлгілеріне көңіл бөлеміз.
Абай:
Кітапты молда теріс оқыр
Дағарадай боп сәлдесі
Малқұмар көңіл — бек соқыр
Бүркіттен кем бе жем жесі .
М.Көпеевте:
Соқырлар қайдан білсін көз қадірін,
Танитын жан қайда сөз қадірін?!
Танысын қарға ,бұлбұл қайсысы оңды,
Жамандар білмей жүрген сөз қадірін.
Абайда дерексіз ұғым көңілдің соқыр екенін ашу арқылы малқұмарлықты сынауы, ал М: Көпеевте белгілі бір адамның соқырлығын керек істі көрмеуін сипаттаумен бірге сөз қадірін білмеушілер жетесіздігін ашу үшін, оны көз қадірін білмейтін соқырмен салыстыру арқылы автор көп ұтқанын көреміз.
5-оқушы:М. Ж. Көпеев мұраларының жиналу,зерттелу кезеңін шартты түрде 4- кезеңге бөлеміз. 1- кезең «Дала уалаяты» газетіндегі М.Ж. Көпеев турасындағы алғашқы пікірлер және өзінің мақалалары (1889- 1890 ж.ж) жарияланғандары,1907 жылы шыққан кітаптары 1931 жылға дейін ақынның көзі трісінде айтылған, жазылған еңбектері. 2- кезең: 1931-1940 жылдың аяғы. 1941 жылы ҰОС басталды да, ақынның шығармаларын зерттеуге, реттеуге мұрша болмады.1940-1946 жылдары бірді екілі шығармасы орта мектептің оқулығына енді. 3- екезең: 1951 жылғы кезекті «Ақтаңдақтар» жылдар дәуірі ақынның шығармаларын зиянды деп қарап, оқуға тыйым салды. Ақынды жер бетінен тып-типыл қып мүлдем құрту үшін зиратын бұзды,ұрпақтарын қуғынға салды.Кенже ұлы Фазылды мұғалімдік қызметтен шығарды. Қудалау 1957 жылға дейін созылды. 4- кезең:1956 жылы ақын шығармаларына деген қызығушылық туып, бетбұрыс басталды.Ақын туралы жылы-жылы пікірлер айтыла бастады. Қатқан тон жібіді. Бұл 1956 жылы Көпеевті тануда қазақ әдебиеті тарихындағы орны айқындалып кеңінен зерттеуге мүмкіншілік туды.1990 жылы алғашқы шығармалар жинағы басылып шықты.
(Ақынның «Гүлшат-Шеризат » дастанынан сахналық қойылым)
6-оқушы: Қазақ жазба әдебиетінде белгілі бір зиянды әдетті сынау үшін айтыс дәстүрін шебер пайдалану үлгісін көреміз.Әдетте көбіне айтыс дегенде оның жиі тараған түрі ақындар айтысына ғана көп көңіл бөлеміз. Ақынның алғашқы таңдамалысына енген «М.Жүсіптің тырнамен айтысы», «М.Жүсіптің ала қарғамен айтысы», «М.Жүсіптің шабдар атпен айтысы». Осындағы тырнаның,қарғаның, аттың мұңын, наласын шағуы шығыс әдебиетінде кездесетін мысал жанрының үлгісімен жазылған туындылар.
(«М.Жүсіптің шабдар атпен айтысы» өлеңін жатқа оқу.)
7- оқушы:Ақын Алаш, Жүз тәрізді этнографизмдердің қалыптасу төркіні туралы былай жазады: «Бұрынғы заманда ЖҮЗ деген қазақтың аталарының аты болса керек.Жүз деген атты руға, Алаш деген атты ұранға қойып жауға шапқанда «Алаш,Алаш» деп шабыңдар, «Алаш, Алаш » демегенді әкең де болса ұрып жық» деп бата қылысыпты.Кеше Алаш, Алаш болғанда Алаша хан болғанда үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» деген сөз содан қалса керек.
8-оқушы:Қазақстанның Оңтүстік өңірінде Қаратау, Белең, Ақбикеш,Талмас әулие деген жер атаулары бар.М.Ж.Көпеев осы атаулардың шығу тарихына назар салған,халықтық этимологияны басшылыққа алып қызғылықты болжаулар айтады: « Түркістан өңірінде Талмас әулие деген болыпты. Бүкіл өмірін құс салумен өткізіп, Сарысу өзенінің бойын мекендепті. Оның 3- әйелі болыпты.Үлкені -Болған ана, ортаншы әйелі-Белең ана, кішісі –Ақбикеш ана екен.Ақбикеш ана Қаратауда өліпті.Басымды Темірқазыққа қаратпа,Аяғым Әзірет сұлтанға қарай созылады,Күнбатысқа да қаратпа аяғым Талмас атаға қарай созылады,»- депті де өзін тікесінен тік тұратын қылып жерлетіпті, -дейді М. Ж.Көпеев.
9-оқушы:М.Жүсіп көзі тірісінде,1930 жылы өзінің мәңгілік мекенін салдырады.Оны өзі қадағалап жөн-жоба сілтеп отырады.Мекені 2 бөлмелі екен. Төрдегі бөлмесіне өзін жерлеуді және ашық қоюды өсиет етеді.40 жылға дейін денесі сол қалпында сақталатындығын және жыл сайын жаз айында ақ дәкемен орап отыруын ескертеді.Сонан соң кіре беріс бөлмеге құралын кітаптарын, ыдыс-аяқтарын, ер-тоқымын ат әбзелдерін, насыбай үккіші мен шақшасы, басқа да өзі тұтынған заттарын сақтауды аманаттайды.Мұнысы олай-бұлай жүрген жолаушылар пайдалансын дегені. Сахара қағидасы бойынша нәрселерді ұқыпты, таза ретімен пайдалану ләзім.
(«Ауыл қарттары» әні. Сөзі:С.Жиенбаевтікі,Әні:Д.Жолжақсыновтікі)
Келесі кезекте интерактивті тақтадан төмендегі деректермен танысамыз.
1994 жылдан бастап М.Ж.Көпеев ғалымдардың назарына ілігіп,ғылыми зерттеу нысанына айналды.Ақынның әдеби мұрасына байланысты алғашқы диссертациялар қорғала бастады.Ол кісінің шөберелері:
1.Жүсіпов Нартай Қуандықұлы
«М.Ж.Көпейұлының фольклоршылдық еңбегі» 1998ж
2.Жүсіпова Гүлназ Қуандыққызы
« М.Жүсіп дастандары» 1998,науырыз.
3.Жүсіпов Ертай Қуандықұлы әдебиеттен
4.Естай Қуандықұлы тарихтан жасаған диссертацияларын сәтті қорғады.
5.Көпеев Сүйіндік Шәрәпиденұлы
«М. Ж. Көпеевтің өмірі» 2000 зерттеу еңбектері жарық көрді.
Мұғалім сөзі: Атамыздың бойында көріпкелдік қасиет те болған.Оның дәлелі 1932 жылдың тақсіретке, қасіретке , қырғынға толы болатынын күні бұрын білген. Сондықтан дүниеден озғанға дейін өзінің жылын өткізеді.
1946 жылы С.Мұқанов қабірдің ішіне түскен,тағзым еткен.1952 жылы Қазақстандағы безбүйрек құзғын саясаттың зұлымдық әрекет кесірінен Мәшһүр аталарыңның қабірін қопарып тастағанға шейін ақынның денесі нұрға балқып,хош иісімен баураған.
Тіршілікте жолы болмағандар,қиянат шеңгеліне ілінгендер,болашағынан үміт ететіндер жақсылық, адамшылық,имандылық жолын ұстаушылар, Алланың жолын мұрат тұтқандар ақыл – ойы кемел естілер атаның мавзолей-зиратына келіп, дұға оқып, құрмет етеді.
Күллі қазақ елінің ауыр жүгін арқалаған көрнекті ақын,публицист, этногроф,жиһангез.саяхатшы,ағартушы, дала данасы, көріпкел, шежіреші
Мәшһүр Жұсіп Көпеевтің келер жылы 155 жылдығы екен .Бүгінгі тәрбие сағатымыз сол тойдың шашуы болсын