Менің отбасым. Шығыс септік
Менің отбасым. Шығыс септік
Сабақтың мақсаты:
- Өз отбасы туралы мағлұмат айта білуге үйрету.
- Сөздік қорын дамыту.
- Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивтақта, презентация, үлестірмелі кестелер.
Сабақ барысы:
- Амандасу, түгендеу.
- Жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру.
- Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
- Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
Мұғалім: Қалай ойлайсыңдар, бізге ең ыстық,жақын адамдар кім?
Әрине – осы барлық адамдар қосылса қалай атаймыз?
Отбасы.
Бүгін сабақтың тақырыбы: Отбасым. Шығыс септік.
- Сөздік жұмысы:
Жиен – племянник-ца
Жеңге – жена старшего брата
Келін – жена младшего брата
Жезде – муж старшей сестры
Күйеу бала – зять
- Сөз тіркестер құрастырамыз. Аудармасын ауызша айтып беріңдер.
Жиен балабақшада. —
Жеңге дүкенге кетті. —
Келін үйде отыр. —
Жезде жұмыста. —
Күйеу бала диванда отыр.-
- Грамматиканы түсіндіру.
Шығыс септігінің сұрақтары:
Қайдан? Кімнен? Неден? Откуда? От кого? От чего?
Шығыс септігінің нан-нен, дан-ден, тан-тен нұсқалары.
Шығыс септік:
нан-нен дан-ден тан-тен
қалам+нан бала+дан кітап+тан
кілем+нен көз+ден есік+тен
- Интерактитақтаға назар аударамыз. Экранда электрондық көрнекілік.
От зятя- күйеу бала+дан келдім.
От снохи – келін+нен келдім.
Жеңгем дүкен+нен келді.
Жездем жұмыс+тан келді.
- Өздік жұмыс. Бір – бірімізге сұрақтар қоямыз.. Ауызша. Мысалы:
- Жезде қайдан келді?
- Келін қайдан алды?
- Жеңге неден шықты?
- Әке-шешем сыйлықты кімнен әкелді?
- Тапсырмалар:
Орыс тілінде берілген сөздерді шығыс септігінде қойып жазыңдар.
Шешем бүгін с работы келді.
Ағам және жеңгем кешке с города келді.
Атам с праздника түнде келді.
- Синквейн.
- Қорытындылау.
Бүгін біз сабақта немен таныстық?
Не білдіңдер?
Не ұнады?
Не ұнамады?
Қиың болды ма?
Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?
- Үй тапсырмасы:
Жаңа сөздермен сөз тіркестерді құрастырып келу. Сөздерді жаттап келу.
«Менің отбасым» деген тақырып бойынша кластер арқылы әңгімелеу.
«№1 Белоусовка орта мектебі»КММ
Менің отбасым.
Шығыс септік.