Менің бөлмем. Тәуелдеу
Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем. Тәуелдеу
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: балаларға жаңа сабақты түсіндіру, тәуелдік жалғауы туралы
түсінік беру.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, тілін дамыту.
Б) тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, слайд.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын сұрау
- «Менің бөлмем» тақырыбында салған суреттерін тексеру
- Сурет бойынша 1-2 сөйлем құрастыру.
- Жаңа сабақ
Сұрақ-жауап әдісі:
1.Атың кім?
- Сенің үйің қайда орналасқан?
- Сен нешінші үйде, қай пәтерде тұрасың?
- Пәтерің нешінші қабатта?
- Өз бөлмең бар ма? Ол қандай?
1-тапсырма Мәтінді оқы.Аудар. (Тізбектеліп оқу)
Бұл менің бөлмем. Бөлме үлкен. Бөлмеде бір үстел, бір диван, екі орындық және бір шкаф бар. Үстел үстінде кітаптар жатыр. Қасында екі орындық тұр. Орындықтың астында мысық жатыр. Менің бөлмем таза.
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Менің қарандаш… үстелде жатыр. Сенің қалам… сөмкеңде. Оның дәптер… партаның үстінде жатыр.
3-тапсырма. Түсіп қалған әріпті тап:
…ліппе, …лгек, …рімшік,
б…лме, …алам, …ріп,
…йрек, ес…к, …арындаш.
Сергіту сәті
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
4-тапсырма.
Сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырып айт.
(На полу) кілем жатыр. (тұр)
Бір бұрышта кереует (стоит). (гүлдер)
Терезеде (цветы) тұр. (еденде)
5-тапсырма.
Тәуелдік жалғауын қайталап жіберейік.
Жекеше
Бөлме, ойыншық.
7-тапсырма.
Сәйкестендір
Перде бұрышта ілулі тұр.
Сөрелер терезенің алдында тұр.
Гүлдер жарда ілулі тұр.
Суреттер терезеде ілулі тұр.
8тапсырма.
Адасқан сөздерді орнына қой.
Менің, тап-таза, бөлмем.
Ойыншықтар, жатыр, бөлмеде.
Терезенің, гүл, алдында, тұр.
- Бекіту Топтастыру
Терезе ойыншықтар
5.Үйге тапсырма1.«Менің бөлмем» мәтіннін оқып, әңгімелеу.
- Үй, ойыншық сөздерін жекеше түрінде тәуелдеу.