«Жас көшбасшы»
«Жас көшбасшы»
(4-сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойын)
Мереке 3 «Г» сыныбының оқушысы …………………………………. орындауындағы «Аққу» биімен ашылады.
Жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!
Жүргізуші:
- «Өз елін, тілін білмеген өзге елде би болмас» деген ұранмен мерекемізді ашамыз. Мерекені ашу салтанатын гимназия директоры Ахметова М.Ғ. беріледі.
Жүргізуші :
-Келесі кезекте ортамызға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.
Әдеби монтаж:Отан, тіл, тәуелсіздік тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі өлеңдер оқылады.
Жүргізуші:
Ана тілім – желбіреген туымсың ,
Ана тілім – шуақ төккен туымсың ,
Тілім менің – бар байлығым , алтыным,
Ана тілім – жас желек нуымсың,
Ана тілдің арқасы ғой бәрі де,
Тілсіз мүлдем сөйлей алмас жас –кәрі де,
Ана тілді құрмет тұтып әрқашан
Тілімізді дамытайық әлі де. – дей келе бүгінгі тілдер мерекесіне арналған «Жас көшбасшы» атты зияткерлік ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл шара «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 жарқын іс» атты шарасы аясында тілдер апталығына арналады.
Жүргізуші:
-Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап , ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Қазіргі таңда қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Мемлекетімізде мемлекеттік тілді қадірлей отырып , барша ұлт өкілдерінің өз ана тілін кең ауқымда қолдана алуларына, оқуына, дамытуына жағдай жасалған.
Жүргізуші:
-Бүгінге дейін ата – бабамыздың арманы, тер төккен еңбегінің нәтижесі болған – Тәуелсіздік біздің – бағымыз. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл –ауқатының , өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының , Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп -өніп , шыңға жетіп өркендеуі – баршамыздың жетістігіміз. Назарды экранға аударайық. (ҚР тарихына байланысты слайдтар көрінісі)
Жүргізуші:
- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
- Алайда қазақ даласы осы күнге дейін басынан талай тарихты өткерді.
- Аңсаған арманға жету үшін біз қиын қыстау заманды бастан өткердік.
- Қазақ халқы өз жерін, елін жоңғар шапқыншылығынан қорғады.
- 1941-1945 жылдары фашистік Германия шабуылына төтеп берді.
- Семей полигонындағы зұлмат жарылыстарды да бастан кешті.
- Бірақ, бұл жылдар қайта келмес тарихта қалды.
- 1992 жылы маусымның 4-нде ҚР мемлекеттік мәртебелі рәміздері: туы, әнұраны, елтаңбасы қабылданды. Қазақстанның өз Ата заңы бар. ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды.
- Әнұран орындалады.
Жүргізуші:
-Бір көрген — біліс, екі көрген – таныс демекші , өз білімдерін сарапқа салар сайыскерлерімізді қошеметпен ортамызға шақырайық.
Жүргізуші:
-Сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан, құрметті сайыскерлер өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіреміз. Сонымен , сайысымызды әділ бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
- Ахметова М.Ғ. гимназия директоры
- Мұхамеджанова А.А. қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі
- Тампишева А.С. оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жүргізуші:
-Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтемін. Алғашында ойынға қатысушылар өздерін таныстырып, дайындап келген өнерлерін паш етеді. Ойынның өзі 3 бөлімнен тұрады. І бөлім «Қазақшаңыз қалай?» , ІІ бөлім «Кім жылдам» , ІІІ бөлім «Туған елім – Қазақстан». Әр бөлім соңында аз ұпай жинаған сайыскер ойыннан шығып отырады. Әр дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады. Бөлім соңында әділ-қазылар алқасы балдар нәтижесімен таныстырып отырады. Ендігі кезекте сөз сайыскерлерде. (Қатысушылар номерлері бойынша сөз кезегін алады)
Жүргізуші:
-Әділ-қазылар бағасы дайын болғанша кезекті әнге береміз.
Жүргізуші:
-Ойынның негізгі кезеңдеріне көшейік. І Бөлім «Қазақшаңыз қалай? Мақсаты: оқушының қазақ тілінде сөйлеу, өз ойын толық жеткізу мәнерлерін , сөздік қорын анықтау. Экранда жасырын берілген тақырыптардың бірін таңда. Осы тақырып бойынша сендер шағын мәтін дайындап , айтасыңдар. Сендерге 3 минут уақыт беріледі.
— Сайыскерлер дайын болса, номер бойынша ортаға келіп өз мәтіндерін айтып берсін.
-Әділ-қазылар бағасын беріңіздер
-Музыкалық номер.
— І Бөлім нәтижесі бойынша аз балл жинаған оқушыны ду қол шапалақпен шығарып салайық.Рақмет.
— ІІ Бөлім «Кім жылдам» . Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін тексеру, қойылған сұрақтарға бірінші болып жауап беру керек. Экранға назар аударайық.
— Әділ-қазылар нәтижесі дайын болғанша музыкалық номер тыңдайық.
ІІ Бөлім нәтижесі бойынша аз балл жинаған оқушыны ду қол шапалақпен шығарып салайық.Рақмет.
-ІІІ Бөлім «Туған елім – Қазақстан» Мақсаты: оқушының өз мемлекеті жайлы білім деңгейін бағалау, әр ойыншыға үш сұрақтан беріледі.
І ойыншыға қойылатын сұрақтар:
- ҚР тәуелсіздігіне неш жыл толды?
- ҚР мемлекеттік рәміздерін ата
- ҚР мемлекеттік туының авторы кім?
ІІ ойыншыға қойылатын сұрақтар:
- ҚР тұңғыш президенті кім?
- ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?
- Невада-Семей қозғалысының жетекшісі кім?
-Әділ-қазылар бағасын беріңіздер. Музыкалық номер.
-Сайысқа қатысқан оқушылардың барлығын ортаға шақырайық. Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі. (марапаттау).
Жүргізуші :
-Сонымен , қадірлі қонақтар, оқушылар, ұстаздар, сайысымыздың жеңімпазы анықталды. Тіл – ұлттық қазынамыз, байлығымыз . Сондықтан оны қадірлеп атадан — балаға жеткізу біздің міндетіміз.
Жүргізуші:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. – деген Қадыр Мырзалиевтің сөзімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рақмет. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тағы да құтты болсын! Сау болыңыздар!