Қос сөздер. Қайталама қос сөздер»
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық: «Қос сөздер. Қайталама қос сөздер»
Лексикалық: «Қазақтың ұлттық ойындары»
ІІ. Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қайталама қос сөздердің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту,қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру
Дамытушылық: оқушылардың күрделі сөздер туралы алған білімдерін , есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,Ұлттық нышандарды дәріптеуге тәрбиелеу, бірін-бірі бағалай білуге үйрету..
ІІІ Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, бәйтерек, қима қағаздар, ақтық.
ІҮ Сабақтың түрі: ойын сабақ, жаңа сабақты меңгерту
Ү Сабақтың әдістері: деңгейлеп оқыту, семантикалық картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу.
ҮІ Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сабақтың өту барысымен таныстыру. Топ басшыларының ізгі ниеттерін айтқызу.
- Үй тапсырмасы: «Аударыспақ» ойыны
1.Дара сөз, күрделі сөз деген не?
2.Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
3.Күрделі сөздерді ата.
4.Біріккен сөздер деген не?
5.Кіріккен сөз дегеніміз не?
6.Аң – құс, жәндік, өсімдік атауларына мысалдар келтір:
7.Географиялық атауларға мысалдар келтір.
- Кісі аттарына мысалдар келтір.
9.Дене мүшелері атауларына мысалдар келтір.
- Ойын атауларына мысалдар келтір.
11.Ән-күй, өлең аттарына мысалдар келтір.
- Мезгіл атауларына мысал келтір.
13.Қоғамдық өмірге тұрмысқа байланысты атаулар.
14.Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар
2.Үй тапсырмасын қорытындылау: «Ақсүйек» ойыны. Семантикалық карта:
№ | Мысалдар | Қысқарған сөз | Біріккен сөз | Қос сөз | Тіркескен сөз |
1 | Бүгін | + | |||
2 | БҰҰ | + | |||
3 | Қара көк | + | |||
4 | Әке-шеше | + |
3.Жаңа сабақ: «Асық» ойыны:
Ережені оқытып, тақтада түсіндірту
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып
айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.
Қос сөздің түрлерін түсіндірту:
Қос сөз |
Қайталама қос сөз |
Қосалама қос сөз |
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып
айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.
Жасалу жолдары:
Көре – көре көсем боласың,
Сөйлей – сөйлей шешен боласың
1.Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.
Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті
2.Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары
қосымшасыз бір түбірдің қайталануы
Барар –бармасымды Құртқа біледі.
3.Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып
қайталануы арқылы жасалады.
Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті.
4.Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу
мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады.
Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп
Үрейді ұшырды.
5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық
өзгерістерге ұшырап жасалуы.
Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр.
6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы
- Жаттығу жұмыстарын орындау: «Алтыбақан» ойыны
88-жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құрап, қос сөздердің қалай жасалғанын айт.
Дүркін-дүркін, қолма-қол, көзбе-көз, жалт-жұлт, өзінен-өзі, қараптан-қарап, жымың-жымың, қараң-қараң, мөлт-мөлт, тарс-тарс.
Айтыс
89-жаттығу
Суретке қарап, әңгіме құра
«Тақия тастамақ» ойыны:
Бір оқушы қос сөздің бір сыңарын айтады, екіншісі жалғасын тауып, қалай жасалғанын айту керек.
«Соқыртеке» тақтадан көрген сөздерді қайталап айту:
Алыс-жақын, үп- үлкен, түйе-мүйе, аузы-аузына, ат-мат, алпамсадай-алпамсадай, Екібастұз, Катонқарағай, сары май, имек-имек, барар-бармасымды,үйдей-үйдей, ата-ана.
«Палуандар күресі» деңгейлік тапсырмаларды орындау:
Қызыл- сөйлем мүшесіне талдау
Сары- дыбыстық талдау жасау
Көк- түбір мен қосымшасын ажырату
ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау: «Саялы бәйтерек аясында»
Қос сөз дегеніміз не?
Қос сөздер нешеге бөлінеді
Қайталама қос сөз деген не?
«Тау-тау» қалай жасалған?
«жүзбе-жүз» қалай жасалған?
«Орынды –орынсыз» қалай жасалған?
«Ет-мет» қалай жасалған?
«Жалт-жұлт» қалай жасалған?
«Қып-қызыл» қалай жасалған?
Біріккен сөз дегеніміз не?
Елтаңбаның авторы кім?
Тудың авторы кім?
Әнұранның авторлары кімдер?
ІХ Үй тапсырмасы: жасалу жолдарын жаттау, 91- жаттығу
Х Бағалау: