Қазақстандық Калмыков. Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық Калмыков. Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік

Оқушыларға С.И. Калмыков туралы мәлімет

беру.Жаңа сөздерді оқып, аудару.Олармен сөз

тіркестерін, сөйлем құру.Етістіктің шақтарын

қайталау.Оқушылардың грамматика бойынша алған

білімдерін тексеру.

2) тәрбиелік

Оқушылардың өнерді бағалауына, соның ішінде

бейнелеу өнерінің тарландары мен олардың

шығармаларын құрметтей білуге тәрбиелеу.

3) Әр түрлі грамматикалық тапсырмалар мен тест

арқылы оқушы білімін жетілдіру, сауатты, ұқыпты

жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: баяндау сұрақ-жауап, ой тастау, әңгімелеу, СТО элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта. С.И. Калмыков суреті, туындылары.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау — оқу анасы

(Мәтін 77 бет. әңгімелеу, етістік шақтарын қайталау)

Сұрақтар:

  1. Бүлдіргеннің қалың шығатын жері қай жер?
  2. Біздің жерімізде бүлдірген өсе ме?
  3. Қалың бүлдіргеннің арасынан не шықты?
  4. Мәтін мазмұны арқылы автор бізді неге шақырады?
  5. Етістік деген не?
  6. Етістіктің неше шағы бар?
  7. Осы шақ деген не? Қандай түрлері бар?
  8. Өткен шақ деген не? Түрлерін атаңыз.
  9. Келер шақ деген не? Қандай түрлері бар?

 

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

ӨНЕР

 

 

                                            ән өнері         би өнері       бейнелеу өнері

 

Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызда өнердің бір түрі-бейнелеу өнері туралы, сол өнердің тарланымен танысатын боламыз.

Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық. Тақырыбымыз айтылады.

Жаңа сабақты бастамас бұрын өнер туралы мынадай керемет қанатты сөзді оқып берсем деймін.

 

Эпиграф.

Өнер- өмірдің өзі, ол өлімді білмейді.

ІҮ. Мағынаны тану.

« Кітап- мұхит,ол мұхиттан не терең,

Мен кітаппен ылғи дос боп өтер ем»  

( Оқулықпен жұмыс) 77бет.

Жаңа сөздер:

Кескіндеме — графика, живопись

Көрме — выставка

Қоюшы – суретші – художник — постановщик

Көркемөнер — художественное искусство

Аспан денелері — небесные тела

Ғарыш тақырыбы — тема космоса

 

Осы сөздермен сөз тіркестері, сөйлемдер құрылады ( ауызша).

Мәтінді бір жақсы оқитын оқушы оқиды. Бір, екі оқушы әңгімелейді.

Мәтін мазмұны бойынша слайдта суреттер көрсетіледі.

 

1 слайд С. И. Калмыков сурет.

 

 

2 слайд — Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры.

 

 

3 слайд — С. И. Калмыков туындылары.

  

4 слайд — Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы.

 

 

Мәтінге қосымша мәлімет беріледі.

С.И. Калмыков « Ғалия», « Орынбор пейзажы», « Алматы», « Дина Нұрпейісова», «Абай атындағы опера және балет театры», «Медеу» мұз айдыны» т.б. туындылары бар.

С. И. Калмыковтың шығармашылығы, еңбектері ғылыми- теориялық жағынан толық зерттелмеген.

 

V.Зерделі сұрақ, дәлелді жауап.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. С. И. Калмыков кім? Қай жылдары өмір сүрген?
  2. Ол қайда қызмет еткен?
  3. Оның шығармаларының негезгі тақырыптары қандай?
  4. Оның туындылары қайда тұр?

 

VІ. Талдау- табыс кілті.

Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

  1. Өнер — біздің рухани байлығымыз.
  2. Адамға әсемдік сезімін дарытпайынша, одан нағыз азамат шығара

алмайсыз.(хабарлы, шартты бағын. саб. құр. сөйлем)

  1. Адам жүрегін елжіретер құдірет тек әдебиет пен өнерде ғана бар

(хабарлы, жай, жақты, жайылма, толымды)

 

Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Қойылған – не істеген? Етістік, дара, негізгі, болымды, ырықсыз етіс.

Қой — түбірі

Ыл — ырықсыз етіс жұрнағы

Ған — есімшенің жұрнағы

Алады, қалаларында, шақырылады, жазбақ, суретшілер.

 

 

З.е. дара, туынды, жалпы, деректі

Алады — не істейді? Етістік, дара, негізгі, болымды

Ал — түбірі                                жазбақ — не істемек? Етістік,дара,негізгі,болымды

А — көсемшенің жұрнағы       жаз — түбірі

Ды — ж.ж. ІІІ жақ                    бақ — мақсатты келер шақ жұрнағы

 

 

VІI. Қызықты сабақ – қиялға қанат

Омоним, антоним, синонимдерді табу.

  1. Әдемі сурет, салмақты жігіт, батыр қыз. (Сызылған сөздердің синонимін тап)
  2. Кітаптың беті, үлкен көрме, қызыл түс. (Сызылған сөздердің омонимін тап)
  3. Биік ағаш, қара бояу, ақылды адам. (Сызылған сөздердің антонимін тап)

 

Семантикалық карта.

Етістіктің шақтарын анықта (белсенді тақтада)

Мысалдар

 

 

 

 

Нақ осы шақ

 

Ауыспалы осы  шақ

 

Болжалды келер шақ

 

 Мақсатты келер шақ

 

 Ауыспалы келер шақ

 

Бұрынғы өткен шақ

 

Жедел өткен шақ

 

Ауыспалы өткен шақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1Сурет көрмеге қойылған.
2Ол қалада білім алады.
3Ол театрда қызмет етпекші.
4Ол портреттер салмақшы.
5Досым сурет салды.
6Суретшіні тез таныды.
7Мен мұражайда жүрмін.

 

 

VІII. Кім тез?

Тест сұрақтары. (белсенді тақтада)

1) Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.

А) Естіген болатын    В)Бара жатыр    С)Келмекші   Д)Ұғыпты   Е)Қарармын

2) Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз.

А) Жеткізер    В)Жеткізген     С)Жеткізетін     Д)Жеткізеді      Е)Жеткізді

3) Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.

А)Сөйледі     В)Сөйлеген    С)Сөйлер     Д)Сөйлейді     Е)Сөйлеп отыр

4) Есімшенің жұрнағы арқылы жасалған етістікті табыңыз.

А)Барғалы жүр  В)Келе алмады С)Алып қайтты  Д)Төлейтін еді  Е)Оқи алмайды

5) Бұрыңғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.

А)-атын      В)-ып     С)-ғалы       Д)-ды      Е)-а

 

6) С.И. Калмыков Алматыға жұмысқа қай жылы шақырылды?

А)1934      В)1935     С)1936       Д)1937        Е)1938

7) Қазақтың опера әншісін тап.

А)Роза Рымбаева      В)Роза Бағланова     С)Ермек Серкебаев

Д)Шәмші Қалдаяқов       Е)Евгений Брусиловский

8) Көне түркі жазба ескерткіштері неше топқа бөлінеді?

А)3     В)4    С)5      Д)6      Е)7

9) С.И. Калмыковтың өмір сүрген жылдарын ата.

А)1890-1966     В)1891-1967     С)1892-1968     Д)1893-1969    Е)1894-1970

10) ІІ жақта келер шақта жіктеліп тұрған сөзді көрсет.

А)Көрдім      В)Көремін      С)Көресің     Д)Көрдің       Е)Көрдік

 

 

ІХ. Түйін: Эпиграфқа оралып, түйін жасалады.

Өнер-өмірдің өзі, ол өлімді білмейді.

 

Х. Бекіту:

Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр.

 

ХІ. Үйге тапсырма:

Жергілікті суретші Сәкен Ғұмаров туралы мәлімет жазып

келу, ережені қайталау.

 

ХІІ. Бағалау (Себебі түсіндіріледі)