Нәтиже сабақ. Менің Отаным

Сабақтың  тақырыбы: «Нәтиже  сабақ. Менің Отаным»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Тәуелдік  жалғауы мен септік  жалғаулары  туралы тусініктерін  қайталап, сөздерді тәуелдеуге, септеуге тоқталу. Жалғауларды пысықтау мақсатында  тапсырмалар орындау,бекіту. Менің Отаным, оның  табиғаты,кен байлықтары   туралы  алған  білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Танымдарын, зейіндерін  кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін  дамыту. Ауызекі  сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Елжандылыққа, өз  елінің  патриоты  болуға  тәрбиелеу.

 

Сабақтың  түрі: сайыс сабақ.

 

Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО әдісі.

 

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақтадағы мазмұнды суреттер, тірек сызба, мақал – мәтелдер, топшамалар, бағалау парақтары.

 

Күтілетін  нәтиже: Оқушылар  топпен  жұмыстанып, өз Отаны туралы толық  мәлімет бере алады. Жалғау  түрлерін  ажыратып, мысалдар  арқылы  пысықтай алады. Оқушылар  ұйымшылдыққа үйренеді, зейінін сабаққа аударады.

 

 

 

І. Психологиялық  дайындық.  Шеңберге  тұру. Cәлемдесу. (2 мин)

  • Балалар, сабағымызды  бастамас  бұрын сіздерге  мына бір әдемі сөздерді сыйлағым келіп тұр..

Қайырлы күн достар!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын

Елімізде әр қашан

Тыныштық болсын!

Бүгінгі  сабағымызға  барлығыңда жақсы қатысып, жақсы  көңіл – күйде  болыңдар деген тілекпен сабағымызды бастайық

 

 

Сабақтың  барысы:

ІІ. Ұйымдастыру  бөлімі.

— Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

— Қалдеріңіз  қалай?

— Сыныпта  кім жоқ?

-Үй тапсырмасы  қандай еді?

-Үй тапсырмасын кім айтады?

 

ІІІ. Үй тапсырмасын  тексеру. (5 мин)

Отан  тақырыбына  түсінік  айту.

(Ең  үздік  оқушыға  қошемет  көрсету)

 

ІV. Жаңа  сабақ.

а) күннің жадын жазу.

ә) өткенді қайталау.

 

  1. Сабақтың эпиграфы:

«Отан  отбасынан  басталады» (5мин)

  • Балалар бүгінгі  сабағымызды  «Отан отбасынан басталады» деген  мақалмен бастайық. Осы  мақалды қалай  түсінесіңдер?
  • Жақсы, кім өз  отбасы  туралы  айтып  береді?
  • Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

(Үйден  дайындап  келген суреттерін  ілу)

☺Слайд

 

Мұғалім сөзі: Отан  бұл адамның туып  өскен  жері, ауылы, отбасы, достары, тарихы  мен тілі. Біздің  бір  ғана  Отанымыз  бар. Ол тәуелсіз  Қазақстан деп елбасымыз  айтып кеткендей біздің Отанымыз – Тәуелсіз  Қазақстан.

 

б) Сыныпты 3  топқа   бөлу.

1 – топ                                  2 – топ                                     3 – топ

«Бәйтерек»                         «Барыс»                                  « Қыран» 

 

VІ. Миға  шабуыл «Ғажайып жұлдызшалар» (5мин)

Үш  топқа  ортақ  сұрақ  қойылады  қай  топ сұраққа  толық әрі жылдам жауап  берсе  сол топқа  ұпай қосылады.

— Қазақ  тілінде  жалғаудың  неше  түрі  бар?

— Тәуелдік  жалғауы  туралы  не  білеміз?

— Қазақ тілінде неше септік  бар?

— Қазақстанның  табиғаты  қандай?

— Қазақстанда  қандай  қалалар  бар?

— Қазақстанда  қандай  өндіріс  орындары  бар?

— Қандай  ұлттың өкілдері  тұрады?

— Отан туралы  қандай  мақал  білесіңдер?

— Дауыстыдан  кейін  қандай  тәуелдік  жалғаулары жалғанады?

-Дауыссыздан  кейін  қандай  тәуелдік  жалғаулары жалғанады?

-Қазақстанда қандай өзендер  бар?

-Қазақстанда  қандай  таулар  бар?

 

VІІ.Мағынаны тану:

Айтылым:  Сурет бойынша  жұмыс (7мин)

1 – топ                                      2 – топ                                     3 – топ

«Бәйтерек»                               «Барыс»                                  « Қыран»

«Қазақстан  табиғаты»        «Қазақстанның кен              «Мемлекеттік рәміздер»

байлықтары»

 

Жазылым: Берілген  сөздерді жекеше   және  көпше түрде  тәуелде. (5мин)

 

1 – топ                                  2 – топ                                     3 – топ

«Бәйтерек»                         «Барыс»                                  « Қыран» 

Ел, кітап                                  Атамекен, мектеп                  Туған  жер, Отан

Сергіту сәті: (2мин)

Отан деген — атамекен,

Отан  деген — туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен.

Қазақстан – туған  ел!

 

Семантикалық  карта (2мин)

 

Атауы

        мысал

Жерді Көлде Өзенмен ОтанғаТаудың Табиғат Бұлақтан
Атау септік      + 
Ілік септік     +  
Барыс  септік   +   
Табыс  септік+      
Жатыс  септік  +     
Шығыс септік       +
Көмектес

Септік

  +    

 

VІІІ. Ой толғау: “Бес жолды өлең” стратегиясы. (5 мин)

1-топ:  Отан

2-топ:  Елбасы

3-топ: Елорда

Үлгі:

  1. Зат есім. Не? Отан
  2. Сын есім. Қандай? Үлкен, кең байтақ.
  3. Етістік. Не істейді? Дамиды, құлпырады, өркендейді.
  4. Синоним. Туған жер, атамекен

Сөйлем. Біздің  Отанымызды құрметтеуге, қорғауға міндеттіміз

 

ІХ. Бекіту: Тест тапсырмалары  (5 мин)

  1. 1. Қазақ тілінде жалғаудың  неше  түрі  бар??

А) 4;                       Б) 5;                        В) 7;

  1. Жіктік жалғауын көрсет

А) –лар, -лер;              Б)-ым, -ім, -м;                 В) –мын, мін;

  1. Тәуелдік жалғауын көрсет

А) -ым, -ім, -м;             Б) –тар, -тер;                    В) –сың, сің;

  1. Септік жалғауын  көрсет

А)- мыз, -міз;                 Б) –дың,- дің;                В) –сың, -сің;

  1. Барыс септігінің сұрағын  көрсет.

А) кімді? нені? ;                     Б) кімде? неде?;         В) кімге? неге?;

  1. Шығыс септігінде тұрған  сөзді  көрсет.

А) Шаңырақтан;                   Б) Оюмен;                     В) Күнді;

  1. Көптік жалғауын көрсет.

А)- тан — тен;                    Б) -тар — тер;                  В)  -ты,  -ті;

  1. Тәуелдік жалғауы бар  сөз тіркесін   тап.

А) мен ұшқышпын;            Б) менің елім;             В) үйге бар;

  1. Көптік жалғауы бар  сөзді  тап?

А) Астананы;            Б) сыныптың;               В) қалалар;

  1. Жіктік жалғауы бар  сөзді  көрсет.

А) шәкіртпін;                    Б) елім;                В) Отаның;

  1. Тудың авторы  кім?

А) Ш.Уәлиханов;         Б) Ж.Нәжімеденов;            В) Ш.Ниязбеков;

  1. Елтаңбаның авторы  кім?

А)Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков;           Б) Ж.Нәжімеденов ,Н.Назарбаев;

В) Ш.Ниязбеков, Ш.Қалдаяқов;

 

 

Тест кілті:

1 – В       7 – Б                            

2 – В       8 – Б                        

3 – А       9 – В                        

4 – Б      10 – А                         

5 – В      11 – В

6 – А      12 – А

 

Х. Қорытынды:

  • Жарайсыңдар!
  • Сонымен бүгін  не  туралы  сөйлестік?
  • Қазақстан қандай ел?
  • Ендеше мына бейне роликке назар аударайық!

(Қазақстан  дамуы  туралы  бейнеролик)  (2мин)

ХІ. Үйге  тапсырма: 

-Бейне баяннан  алған  әсерлеріңді  корытындылап,“Менің  Отаным — Қазақстан” атты эссе жазып келіңдер. (Түсінік айту).

ХІІ. Бағалау.

Аты-жөніТапсырмаларҚорытынды баға
№1№2№3№4№5№6
1Махутов Мирлан
2Лисова Татьяна
3Толоконникова Дарья
4Скороход Мария

 

Шеңберге  тұрып  қоштасу