Ғажайып қазақ тілі әлемі

Ғажайып қазақ тілі әлемі

Сабақтың  мақсаты:

а) тіл  мәдениетінің  дәрежесін  көрсету, тілдің  тереңіне  үңілу, құдіретін  ашу.

ә) Оқушылардың  ой-өрісін, тіл  байлығын  дамыту

б)  Ой  қорыта  білуге, оны  жүйелі  жеткізе  білуге  тәрбиелеу, сөйлеу  мәдениетін  қалҒажайып қазақ тілі әлеміыптастыру.

 

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
    2) Әділқазылар алқасын сайлау.
    3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
    4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.

 

Кезеңдері:

 

  1. Таныстыру
  2. «Мықты болсаң, тауып көр»

III. «Ұшқыр ойдан ұтымды  жауап»

  1. «Сөз тапқанға  қолқа  жоқ» (2 минут)

 

«Жас қыран »  тобының мүшелері

 

«Самрұқ» тобының мүшелері

 

  1. «Кім жылдам?»

(капитандар  сайысы)

  1. «Тіл өнері»

 

І кезең бойынша екі топтың басшылары өздерін, топ мүшелерін таныстырып өтеді.

ІІ кезең.

«Мықты  болсаң, тауып көр»

«Самрұқ» тобына

  1. Сумен ойнама батарсың, …………
  2. Бәле қуалаған бәлеге жолығады, …………………………………………..
  3. Сиырдың сүті ……………………
  4. Бас кеспек болса да, ………….
  5. Шебердің қолы ортақ, ………………..
  6. Жеті жұрттың тілін біл, ……………..

«Жас қыран »   тобына

  1. Талапты ерге ……………….
  2. Ердің атын ……………..
  3. Білекті бірді жығады, ………………
  4. Сабырлы жетер мұратқа, …………………
  5. Жақсы бала – арлы бала, …………………………………………..
  6. Білекті бірді жығады, ……………………………..

 

 

ІІІ кезең.

 «Ұшқыр ойдан ұтымды  жауап»

«Самрұқ» тобына

  1. Салт бойынша жас  келін  ауыл-аймақтың үлкендерін   өз  атымен  атамаған, мұны   «ат  тергеу»  дейді.  Тіл  білімінде  бұл  қалай  аталады?

 

  1. Билік пен мансаптың  иесі  бола  тұра,  жаман  шекпенін  төріне  іліп  қоятын аңыз  кейіпкері, тарихи  тұлға  есімі қалай аталады?
  2. «Қызғыш құс» зарымен  өз  тағдырын  қатар  қойып, мұң  шаққан  дауылпаз  ақын?

 

«Жас қыран »   тобына

 

  1. 9-шы ақпанда біздер  оның  туған  күнін  атап  жүрміз. «Қазақ  поэзиясының  музасы»  атанған, жыл  сайын  жыр  сүйер  қауым  үшін  оның  «оқулары»  өтіледі. Әңгіме  қай ақын  туралы?

 

  1. Кейіпкер бейнесін тарихи  оқиғамен  байланыстыра  суреттеп, ұзақ  мерзімді  уақыт  кеңістігін  қамтитын көлемді прозалық  жанр  түрі

 

  1. Ақиық ақын Мұқағали:
    Жігітінен  қазақтың  дос  таба  алмай,
    Қыз да  болсаң мен  саған  сыр айтамын,-деп  рухани  үндестік  тапқан , селт  еткізер  селзімтал  жырларымен  кез  келген  жүрекке  жол  таба  білген  ақын.

 

 

 

IY кезең

 «Сөз  тапқанға  қолқа  жоқ»

(2 минут)

(Әрбір оқушыға жеке  15 сұрақтан  беріледі. 2 минут )

 

 

YI кезең

«Кім жылдам?

( Екі топтың  басшылары капитандар  сайысы)

І топ «Самрұқ» тобына сұрақтар
1. Тіл туралы заң қай жылы, қай күні қабылданды?  (1997ж 11 шілде)
2. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала қалай аталады?
3. Қанша сөз табы бар?
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөзді ата
6. Әдеби тіл деп қандай тілді айтамыз?
7. Басқа тілден енген сөздерді не деп атаймыз?
8. Ұяң дауыссыздарды ата
9. Белгілі бір дәуірде қолданылғанымен, қазір қолданудан шығып қалған сөзді қалай атаймыз?

  1. Аллегория дегеніміз не?

ІІ топ  «Жас қыран» тобына сұрақтар

1. Лексика нені зерттейді?
2.Үндестік заңы дегеніміз не?
3.Қазақ тіліне ғана тән дыбыстар саны қанша?
4.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

  1. Буынның түрлерін ата
  2. Тек қана салдырдан тұратын дауыссыздың түрін ата
    7. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
    8. Дыбысты зерттейтін сала қалай аталады?
    9. Қазақ тіліне шет тілінен енген сөздерді не деп атайды?
    10.Гипербола дегеніміз не?

YII кезең  «Тіл өнері»

(Қарамен жазылған сөздің орысша, ағылшынша атауын  айту керек)

  1. Кітап алтын қазына
  2. Денсаулық — зор байлық
  3. Қыз қонақ
  4. Ел құлағы елу
  5. Алтынды тот баспайды
  6. Жұт жеті ағайынды

 

Қорытынды. Сөз кезегі  әділ қазылар алқасына беріледі. Жеңген топты марапаттаймыз. Сайыс болғаннан соң  жеңіс те, жеңіліс те болады. Алдағы уақытта әрдайым биік шыңдардан көріне берулеріңізге біздер тілектеспіз.

«Сөз  тапқанға  қолқа  жоқ»  (2 минут)

(Әрбір оқушыға жеке 15 сұрақтан  беріледі.  2 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)

 

  1. Мектепке қалай келдің?
  2. Киноға бардың ба?
  3. Еліңді жақсы көресің бе?
  4. Қандай құстарды ұнатасың?
  5. Сен ұнататын тағам қалай аталады?
  6. Тауға қалай шықтың?
  7. Ертең қалаға барасың ба?
  8. Қайсы жануарды жақсы көресің?
  9. Сенің жан досың кім?
  10. Жарысқа қатысқан сен үшін қызық па?
  11. Музейде нені көрдің?
  12. Тамақты немен жейсің?
  13. Қай елдің киносы саған ұнайды?
  14. Астанаға немен бардың?
  15. Білім саған не үшін қажет?

 

 

 

  1. Қандай тағам түрлерін жақсы көресің?
  2. Қай елдің биі ұнайды?
  3. Киноға немен бардың?
  4. Хайуанаттар бағында нені көрдің?
  5. Сен үшін білім алған қызық па?
  6. Сайысқа қатысқың келе ме?
  7. Театрға барғанды ұнатасың ба?
  8. Жан досыңды ата
  9. Қай тағамды ұнатасың?
  10. Қандай әдеби оқулықтарды оқыдың?
  11. Қайсы құсты жақсы көресің?
  12. Биік шыңға қалай шықтың?
  13. Жануардың түрін ата
  14. Астанаға қалай жеттің?
  15. Музейде саған не ұнады?