Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: фонетика тарауы бойынша өтілген тақырыптарға шолу, алған білімдерін еске түсіру, пысықиау, бекіту;

ә) дамытушылық: туған тіл байлығын қадірлеуге, жүйелі сөйлеуге, ойды жеткізе білуге тәрбиелеу;

б) тәрбиелік: ана тілін құрметтеуге, ұжымшылдыққа, сауатты сөйлеп, жаза білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сайыс сабақ, жаттығу және талдау, сұрақ-жауап, ой сергіту ойындары.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, Абай портреті, дидактикалық топтамалар, түрлі сюжетті суреттер, кубок, тест сұрақтары.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу, оқушыларды тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Қайталау – оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы».

Құрметті білім алушы оқушылар, бүгін біздің сабағымызда халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы қонақта. Біздер тобымыздың аттарын ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба»  атты өлеңіндегі бес асыл іске қатысты етіп аламыз. Жарысқа кіріспес бұрын әр топ өзін таныстыру қажет. Ал сайысты бастайық!

Әр топ сынып бөлмесі ішінде белгіленген орынға бөлініп отырады. Топтың аттары жазылған белгі партаға қойылады. Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтар арқылы таныстырады.

  1. «Талап» тобы.

Талабың болса тайсалма,

Өзіңді-өзің байқа да,

Талаптансаң жеңесің

Қиындықты қашанда.

  1. «Еңбек» тобы.

Еңбек етсең ерінбей,

Еңбегің қалмас көрінбей.

Зор табысқа кенелтер

Құлшына еткен еңбек қой.

  1. «Терең ой» тобы.

Терең ой сенің қанатың,

От болып ылғи жанатын.

Білімділік пен іскерлік,

Сені іздеп те табатын.

  1. «Қанағат» тобы.

Қанағат – асыл қасиет,

Адал жүректі ақниет.

Қанағатшыл бол әрқашан,

Пайдасы тиер сан рет.

 

  1. «Рақым» тобы.

Рақым – сенің ұятың,

Бетіңдегі асыл ұятың.

Рақымды болса әр адам,

Жаныңда ылғи болатын.

Үй тапсырмасы бойынша жұмыстар төмендегідей болды. 330-жаттығу. Топ басшысы өз тобындағы бір оқушысына тесттік тапсырманы орындауды тапсырады.

Тесттік тапсырмалар әр топқа бір ашық, бір жабық тесттан беріледі.

«Талап» тобына

  1. Қай сөзде ілгерінді ықпал барын белгілеңіз.

А) Жауып

Ә) Сабағы

Б) Жазса

+В) Ашса

Г) Көнбеді

  1. Кейінді ықпал дегеніміз не?

«Еңбек» тобына

  1. Қай сөзде кейінді ықпал барын белгілеңіз.

+А) Сөзсіз

Ә) Қашса

Б) Көрікпай

В) Сәтбай

Г) Ала көз

  1. Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?

«Терең ой» тобына

  1. Қай сөзде тоғыспалы ықпал барын белгілеңіз.

А) Жазсын

Ә) Жанболат

Б) Жанпейіс

В) Адамнан

+Г) Шайтанкөл

  1. Ілгерінді ықпал дегеніміз не?

«Қанағат» тобына

  1. Ілгерінді ықпалды табыңыз

А) Бесігім

+Ә) Сәтпай

Б) Тарағым

В) Теуіп

Г) Тауып

  1. Дауысты дыбыстың неше түрі бар?

«Рақым» тобына

  1. Кейінді ықпалды тап.

А) Тастан

Ә) Жазғы

+Б) Кітабым

В) Тасжарған

Г) Шайтанкөл

  1. Дауыссыз дыбыстардың неше түрі бар?

 Фонетикалық талдау жұмысы. Бұл тапсырма топтың басқа бір мүшесіне орындауға беріледі. Әр топқа бір-бірден төмендегі сөздер.

  • Оқушы
  • Сыныпта
  • Көгершін
  • Жапырақ
  • Достары

Әр топтан тапсырма алған оқушы төмендегі математикалық теңдеу бойынша орындайды.

Берілгені: оқушылар

Әр топтан жауап берген оқушылардың жауабы топ жетекшілеріндегі бағалау жауап парағына түсіріледі.

 

Жауап берген оқушының атыӘр жауаптың бағасы
«5»«4»«3»«2»
1
2
3
4
5

 

ІІІ. Фонетика тарауы бойынша тапсырмалар.

  1. «Топ басшылар» сайысы.

(Слайд арқылы 6 ұяшық беріледі, ұяшықты таңдау арқылы сұраққа жауап береді).

  1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.(Фонетика)
  2. Бейне сұрақ. Қоғамдағы әр түрлі саяси әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы қандай әліпбиге көшті. (Мектеп-балабақша директоры М.Н. Қабиева) (Латын әліпбиіне)
  3. Ашық дауысты дыбыстардың саны нешеу, оларды ата.(6, а, ә, о, ө, е, э)
  4. Буын дегеніміз не? (Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың жасалған фонетикалық бөлшек)
  5. Қазақ халқының жазу тарихы сонау ІІІ ғасырдағы көне түркі жазбаларынан бастау алады. Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі қай ғасырларда негіз болды.(ҮІІІ-ІХ ғ.ғ.)
  6. Қазақ тіліне тән дыбыстадың саны нешеу, оларды ата.(9, ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і.)

 

ІІ. «Орамал тастау» ойыны.

Орамалды қарсылас топтағы біреудің иығына тастайды да «ал» деп дауыстайды. Ол алып «ма» дейді, немесе «мұрт» дейді. Сонда алма, алмұрт, т.б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек.

ІІІ. «Кім жылдам» ойыны

1236
3өрлЗ
4наыТ
5едқі

 

3;4;5;6  8;9;10;12  — 15;12;18;12;9  24;30;9.

Құпия мақалды тауып, ішінен тасымалдауға келмейтін сөздерді атау керек.

 

ІҮ. «Кубок лақтыру» ойыны. Кубок лақтыру арқылы әр сөзге фонетикалық талдау жасау. 1. Мұғалім; 2. Мектеп; 3. Оқушы; 4. Тақта; 5. Қалам; 6. Дәптер.

 

Ү. Оқулықпен жұмыс.

353-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 2-суретке қарап, түлкінің, қоянның, үйректің мінез-қылығына лайық диалогтер құрап, әңгіме жазыңдар.

Жазған әңгімелерің бойынша бір-біріңнің жұмыстарыңды бағалаңдар.

 

ҮІ. «Әліпби реті» Қазақстан қалаларын әліпби тәртібімен жазып шық (Интерактивті тақтадан Қазақстан картасы көрсетіледі).

 

ҮІІ. Семантикалық картамен жұмыс. (Қатыспай отырған оқушыларға таратылады)

 

 

 

 

 

 

«Талап» тобына

 

ӘріпДауыстыДауыссызЖуанЖіңішкеАшықҚысаңЕріндікЕзулікҚатаңҰяңҮнді
1А           
2Ү           
3Л           
4Қ           

 

«Еңбек» тобына

 

ӘріпДауыстыДауыссызЖуанЖіңішкеАшықҚысаңЕріндікЕзулікҚатаңҰяңҮнді
1Ә           
2Ұ           
3Д           
4М           

 

 «Терең ой» тобына

 

ӘріпДауыстыДауыссызЖуанЖіңішкеАшықҚысаңЕріндікЕзулікҚатаңҰяңҮнді
1Ө           
2Ы           
3З           
4Т           

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қанағат» тобына

 

ӘріпДауыстыДауыссызЖуанЖіңішкеАшықҚысаңЕріндікЕзулікҚатаңҰяңҮнді
1О           
2Е           
3Ж           
4П           

 

«Рақым» тобына

 

ӘріпДауыстыДауыссызЖуанЖіңішкеАшықҚысаңЕріндікЕзулікҚатаңҰяңҮнді
1И           
2Э           
3С           
4Х           

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Фонетика» сөзіне сөзжұмбақ құрап жазу.

 

ІХ. Білімдерін бағалау