Н дыбысы және әрпі
- Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Н дыбысы және әрпі туралы алған білімін пысықтау.
- Адамгершілік тәрбие беру 3. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:естеріне түсіру,хормен оқыту,жеке –жеке оқыту
ІҮ. Жаңа сабақ.а) Буындық талдау жасау. ә) Оқулықпен жұмыс.
-балалар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? -Ананы, баланы. -Ана туралы әңгіме.б) Сөздерді буындап қосып оқу. Ана пана атан атан Нан апта тана
б) Сурет бойынша сөйлем құрату. в) Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.
Найза-Бес қарудың бірі. Ананас— тәтті жеміс. Тон-қыстық киім.
Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.
Ү. білімді бекіту, тиянақтау. -Біз қандай әрітерді білеміз? -А қандай дыбыс? П,т,н Қандай дыбыс?г) Дәптермен жұмыс.Н әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу. Сергіту сәті.
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап кетті қолымыз.
Аздап демді аламыз,
Көркем етіп жазамыз.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?