Ежелгі қалалар
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қалалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың тарихи қалаларды қайталау. Түркістан, Отырар, Тараз
қалаларына шолу жасау.А.Йассауидің кесенесі жайлы әңгімелесу.
Дамытушылық: Берілген мәтінді түсініп, сұрақтарға дұрыс жауап беруге
дағдыландыру; жаңа сөздерді меңгерту, сауатты жазуға
төселдіру; өз беттерімен сөйлем құрастыру, қарсылықты салалас
құрмаласты қайталау, мысалдар келтіру.
Тәрбиелік: Қазақ тілін үйрету арқылы оқушылардың патриоттық сезімін
арттыру, оларды өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Психологиялық кезең.
ІІ. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздер: Саяхат жасаймыз – отправимся в путешествие, сөзжұмбақ – кроссворд, пойыз – поезд, Көкшетау стансасы – станция Кокшетау, сергіту сәті – физминутка, жасырылған – спрятан, скрыто.
ІІІ. Сабақты бастау. Мұғалімнің сөзі:
— Құрметті оқушылар, бүгін біз қазақ елінің тарихи ежелгі қалаларына саяхат жасаймыз. Саяхатымыз жақсы болу үшін бізге сөзжұмбақтар көмектеседі. Пойыз орнынан қозғалды. Бірінші станция қалай аталады? Мына сөзжұмбақта бірінші станцияның атауы жасырылған. Берілген тапсырманы орындап станцияның атауын шешеміз.
Сөзжұмбақ «Қазақстан картасы»
«Қазақстан картасындағы» күрішті қандай қала?(Қызылорда) |
- Қазақстанда мол мұнайлы қай қала?(Атырау)
- Оңтүстіктегі мақталы қандай қала?(Шымкент)
- Қара Ертістің саясында қандай қала?(Павлодар)
- Ақ Жайықтың жағасында орналасқан қандай қала?(Орал)
- Солтүстік орманда орналасқан қандай қала?(Петропавл)
Бірінші станцияның атауы – Отырар. Жақсы. Енді Отырар қаласына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жазамыз.
- Отырар … ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған.
- … ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған.
- Отырар алғашқы кезде … деп аталды.
- Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да … болған.
Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол VІ-VІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХVІ-ХVІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.
Пойыз орнынан қозғалды. Келесі станция қалай аталады? Мына сөзжұмбақта екінші станцияның атауы жасырылған. Берілген тапсырманы орындап станцияның атауын шешеміз.
Сөзжұмбақ «Қазақ хандығы»Ұлы жүздің биі. (Төле)
- «Төбе би» атанған, шешендік сөздің майталманы кім?(Қазыбек)
- Қабанбайдың шын аты — … . (Ерасыл)
- 1680 жылы дүниеге келіп, 1775 жылы қайтыс болған батыр кім?(Бөгенбай)
- Бөгенбай қандай мектепте оқыған?(сарбаздар)
Екінші станцияның атауы – Тараз. Жақсы. Енді Тараз қаласына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жазамыз.
1 сұрақ: Қай ғасырдан бастап Тараз қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған?
2 сұрақ: Тараз қаласында кімдердің кесенелері бар?
3 сұрақ: Қай ғасырдан бастап Тараздың бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналады?
ТАРАЗ
VІІ ғасырдан бастап Тараз қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған.Осында Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі, әйгілі ең алғашқы Тараз моншасы бар.Х-ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі. ХVІІ ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналады.
Пойыз орнынан қозғалды. Келесі станция қалай аталады? Мына сөзжұмбақта үшінші станцияның атауы жасырылған. Берілген тапсырманы орындап станцияның атауын шешеміз.
Сөзжұмбақ «Қазақ тілін зерттеген ғалымдар»
- «Жетісу тарихының шежіресі» еңбегін жазған ғалым кім?(Бартольд)
- «Тюрколог» қазақша аудармасы қалай?(түрколог)
- Қандай ғалым 1884 жылы Орыс академиясына мүше болды?(Радлов)
- В.В.Радлов түрік тілінде төрт томдық не құрастырды?(сөздік)
- Сауранбаевтің әкесінің аты – … . (Тінәлі)
- Сауранбаев жоғары оқу орындарында не берді?(сабақ)
- Радлов кіммен бірге Орхон-Енисей жазуын оқиды?(Томсен)
- Айдаровтың аты – … . (Ғұбайдолла)
- Ғ.Айдаров 10 не жазған?(монография)
Үшінші станцияның атауы – Түркістан. Жақсы. Енді Түркістан қаласына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
Түркістанның тарихы:
ІV – Х ғасырларда –
ІХ –Х ғасырларда –
ХІІ ғасырда –
ХV ғасырдан бастап –
ІV – Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған. ІХ –Х ғасырларда ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді және осы кезден бастап Йаса (Йасы) деп аталады. ХІІ ғасырда өмір сүрген ақын, философ – Ахмет Йассауй. Ал ХV ғасырдан бастап Түркістан деп аталады. «Түркістан» деген сөз «түріктер мекені, елі» дегенді білдіреді.
ІV. Сергіту сәті.М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінен үзіндіні мәнерлеп оқу.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
- Мұғалім сөзі: — Пойыз ең соңғы реторнынан қозғалды. Соңғы станция қалай аталады? Мына сөзжұмбақта соңғы станцияның атауы жасырылған. Берілген тапсырманы орындап станцияның атауын шешеміз.
Ахмет Йассауйдің кесенесі қай қалада? |
- Тараз қаласы қандай тарихи жол бойында орналасқан?
- Отырарда монша, мешіттен басқа не болған?
- Сырдария не?
- Таразда ең алғашқы әйгілі не бар?
- «Түркістан» деген сөз нені білдіреді?
Ең соңғы станция «Кесене» деп аталады. Жақсы. Енді «Кесене» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
Сұрақтар:
- Айша бибі кесенесі қай қалада?
- Ахмет Йассауй кесенесі қай жерде орналасқан?
- Бабажы қатын кесенесі қай қалада?
VІ. Ахмет Йассауй кесенесіне тоқталып өтейік.
— Түркістан дегенде, Қожа Ахмет Йассауи еске түседі. Яғни, Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йассауи атымен әйгілі болды. Балалар, Қожа Ахмет Йассауй кім болған?
Ахмет Йассауи – ХІІ ғасырда өмір сүрген ақын, философ. Білімді, ақын – халық құрметіне ие болған «әулие» атанған. Оның туған және қайтыс болған жылдары әлі анық емес. Әлемге әйгілі шығармасы – «Диуани Хикмет».
1397 жылы қаһарлы Ақсақ Темір ( әмір Темір, Тимур – завоеватель, полководец Темирлан) А.Йассауидің құлайын деп тұрған күмбезінің орнына кесене салуға бұйрық берді.
Ахмет Йассауи кесенесінде әлемге әйгілі Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр, Жәнібек батыр, Есім хан, Жолбарыс хан, Ақсақ Темірдің шөбересі Бабыр хан т.б. жерленген.
VІІ. Күні бұрын берілген Нұраш Жиенғалиұлының «Армысың, Түркістан» өлеңін оқушылар жатқа оқиды.
1-оқушы:
Армысың, Түркістандай қаламыз, Ұлан-ғайыр он бес ғасыр өткізген,
Атың шалқып сілкінгендей санамыз. Кәрі жүрек соғып тұрған данамыз.
2-оқушы:
Халқың сенің қуанады мақтанып, Талай ғасыр дақ түспеген даңқына,
Аруақты Түркістанды бақ танып. Кім де болса қайран қалар шаттанып.
3-оқушы:
«Кіші Мекке» мұсылманның тірегі, Әмір Темір өзі бас боп салдырған,
Түркістанның иесі қазақ күйеді. Нұр сәулетті сағанасы киелі.
4-оқушы:
Бұл өлкенің табиғаты тамаша, Имандылық нұрын шашқан осында,
Дария-сулар толқын атқан жараса. Қожа Ахмет Йассауидей дана ата.
5-оқушы:
Ұлы баба, сөйле бүгін барыңды, Түркістаның тойлап жатыр дүрілдеп,
Көңіліңнен шығар отты жалынды. Ұрпағыңмен қарсы ал бірге таңынды.
ІХ. Қорытынды. Бағалау.
— Балалар, бүгін біз қазақ елінің тарихи ежелгі қалаларын толық қайталадық. Ежелгі қалалар туралы білімдеріңді пысықтадыңдар.
Х. Үй тапсырмасы: М.Жұмабаетың «Түркістан» өлеңінен үзіндіні жаттау.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Шер батса – кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқаның ардагері – қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерін!