Атақты күйшілер

Сабақтың тақырыбы: Атақты күйшілер

Сабақтың мақсаты:

Ұлы күйшілердің өмірі және шығармашылығымен танысу, ойларын еркін жеткізуге үйрету.

Сабақтың  міндеттері:

  • Құрманғазы мен Динаның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат алады, жаңа сөздермен танысады;
  • Өз пікірлерін еркін, жүйелі жеткізе алады, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады;
  • Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға және тұлғалық қабілеттерін дамытуға талпынады.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ құрал-жабдығы: компьютер слайды,

Сабақтың  барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Біздің сабағымыз «Балдәуреннің» он жылдығына орай, «Абай, Махамбет оқулары» жеңімпаздарының Республикалық кездесуі атты ауысым қатысушыларына арналған.

        ІІ.      Қызығушылығын ояту

Слайд

Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

  1. «Балдәурен» ауласында орналасқан көшпенділердің үйі.
  2. Қазір нешінші ауысым?
  3. Осы ауысымға қандай жеңімпаздар келді?
  4. Қандай реалити — шоу «Балдәуренде» түсірілді?
  5. Мәскеу қаласынан қандай тудың көшірмесі әкелінді?
  6. «Балдәуренге» келген қазақтың бұлбұл әншісі.
  7. Алтыншы қабаттағы сурет көрмесі қалай аталады?
  8. «Балдәурен» орталығы қай өлкеде орналасқан?

 

Бейнефильм

ІІІ.  «Ой қозғау» стратегиясы

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдату. Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.

  • Естіген музыка қай жанрға жатады? (күйге)

Күй  деген не? (музыкалық шығарма)

Күйді шығарушы кім? (адам, күйші)

  • Кімнің күйі деп деп ойлайсыңдар? (Құрманғазы)
  • Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?(Дина, Құрманғазы, Ұзақ, Тәттімбет, Дәулеткерей)
  • Күйдің мәтіні бар ма? (Жоқ)
  • Әннен айырмашылығы қандай? (әӘнде мәтіні бар, ал күде — жоқ))

Слайд

ІV.  Жаңа сабақ. Атақты күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпеисова.

«Көрнекілік» стратегиясы

  1. A) Компьютер слайды бойынша суреттер көрсету арқылы мәтінмен таныстыру.

Ә) Мәтінмен жұмыс (мұғалім мәтін үзігін карточка арқылы топтарға бөліп таратады).

  • Сөздік жұмысы.
  • Аудару.
  • Тірек-сызба.

Б) Сөздік жұмысы.

Күйші — исполнитель кюя.

Жетілдіру — совершенствовать.

Қарапайым — простой.

Зеректік — способность.

Ұсыну — вручить.

Жеткіз — донеси

Қақпай еркін өсірген — воспитывал свободно

Слайд

В) Мәтінімен жұмыс.

І бағыт – аударма

І топ – Күй анасы — Дина

ІІ топ – Күй атасы – Құрманғазы

ІІ бағыт  – тірек-сызба

І топ – Күй атасы – Құрманғазы

ІІ топ – Күй анасы- Дина

         ІІІ бағыт – мазмұндау

І топ – Күй анасы — Дина

ІІ топ – Күй атасы – Құрманғазы

 

Күй анасы- Дина .

Атақты күйші композитор – Дина Нұрпейсова 1861 жылы қазіргі Орал облысы , Жаңақала ауданы, Бекетай құмында қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесінің аты Кенже болған. Ол Динаның музыкаға зеректігі ерте байқалған. Жеті – сегіз жасында қолына домбыра ұстады. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысады.

Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады.

1888 жылы Құрманғазы Динаға : « Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз» , — деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады.

Динаның кең тараған күйлері : «Әсемқоңыр» , «Тойбастар», «Ана Бұйрығы», «Бұлбұл» .

 

Күй атасы – Құрманғазы

Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі.

Күйші 1818 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әртүрлі әңгіме тыңдаған.

Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайсына түскен.

Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақбай», «Ақсақ киік», «Адай», т.б. күйлерін шығарған.

Слайд      V. Тілдік талдау

«Домбыра», «Күйші» сөздерін септеу.

 

Слайд   VI. Ой толғау.

 

«5 жолды өлең» стратегиясы бойынша домбыра сөзіне  өлең жазады.

  1. Домбыра
  2. Әдемі, оюлы.
  3. Жасау, ойнау, әзірлеу.
  4. Шебер өте әдемі домбыра жасады.
  5. Аспап.
  6. Слайд

Күй-қазақ халқының ұлттық өнері, сөзсіз қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізе білген.

 «Ақсақ құлан» күйі туралы бейнефильмнен  үзінді  көрсету.

VIІ. Бекіту. Вен диаграммасы.

Венн диаграммасы бойынша : екі атақты куйшілерді салыстырамыз.

Слайд

VIІІ.  Бағалау- жұмыс топпен өтеді, бірақ бағалау әр оқушының білімі мен белсенділігіне байланысты қойылады.