ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.

 

Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.

Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мәртебе берілді.

1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.

Туған жерімізде талай-талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.

 

Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау  – әрбір азаматтың борышы.

Біздің елімізде газеттер 11тілде, теледидарды12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз