Ауылдағы жаз
Ауылдағы жаз
Күн тау үстінен едәуір көтеріліп қалыпты. Жап – жарық.. Көз ұялады. Үй іргесінен сәл төменірек өзен ағып жатыр.Алыстан қарағанда көпіршігі көкке атқан қымыз секілді. Тау беткейінен қиялай жез діңгекті алып ағаштар сыңсып тұр. Айнала жап- жасыл.
Аманның үй іргесінен аттап шыққаны сол еді, көктен түскендей үлкен бір ит шыға келді. Аяғын баяу басып, балаға қарай жүрді. Аман зәресі ұшып, екі қолын сілкіп, шегіншектей берді.
-Сен одан қорықпа, жаным. Оның да сенімен танысқысы келеді.Ақтөс балаларды жақсы көреді. Олармен дос.Наныңнан үзіп бер.Жерге тастама.Ақтөс, ала ғой, кәрі тарланым ! – деген апасының даусын естіді.(Б.Момышұлы , 93 сөз)