Cабақтың тақырыбы: Қыc

Cабақтың тақырыбы:     Қыc

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты:  7 модульді пайдалана отырып,  әр түрлі тапсырмаларды орындап, өткен тақырыпты  пысықтау.

Дамытушылық мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты :  әр жыл мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Ассоциация стратегиясы:

«Ассоциация» стратегиясы бойынша сынып оқушыларының барлығы бірдей жұмыс жүргізеді.

1.Жеке жұмыс

  1. Жұппен жұмыс
  2. Топпен жұмыс
  3. Ортақ жауап шығарылып, спикер қорғайды

МОДУЛЬ: Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Оқушының аты – жөні:

Үй жұмысын тексеруБлумның  сұрақ қою жүиесіТоптық  жұмыс (екі оқушы бір – біріне ұпай береді) Топтық жұмыс (Оқушылар жеке -жеке баға беред) Тапсырмалар мен тест сұрақтары
3 ұпай4 ұпай5 ұпай 5 ұпай 6 ұпай
Балалардың бағалары

МОДУЛЬ: Білім беруде ақпараттық – комуникациялық технологияларды пайдалану.

Сабақтың түрі:  Интерактивті тақтаны қолдануарқылы өткізілген пысықтау сабағы

Көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта
2. Электронды оқулық
3. Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, аннимациялар, музыка, ақ парақ, плакат, түрлі түсті қаламдар, оқулық.

Сабақтың өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықтарын ояту
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?  Бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.

Психологиялық дайындық:

Хош келдіңдер балалар!

Оқуға құмар даралар!

Сабағымызды бастайық,

Маған назар салыңдар!

Біздің ұранымыз:

Сейсенбі сәтті күн болсын,

Қайырлы бізге күн болсын.

Сабаққа жақсы қатысып,

Алғанымыз бестік болсын,

Мінгеніміз тұлпар болсын.

Үй жұмысын тексеру:      79 бетте берілген тірек сызба арқылы әңгіме құру.

ІІ Жаңа сабақ  МОДУЛЬ: сын тұрғыдан ойлау

(Блумның сұрақ қою жүйесі арқылы оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашады.)

Білім бойынша: Абай қандай ақын?

Түсіну: Ақынның кез келген өлеңдерін оқи отырып, оның табиғатты жан тәнімен жақсы көргенін  өлең арқылы көз жеткізуімізге болады ма?

Қолдану : Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде ?

Талдау :  Халықтың келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдей аламыз ба?

 Жинақтау: Өздеріңнің алдарыңа қойған мақсаттарың туралы.

 Баға : ақынның еңбектері сендерге қалай әсер етті?

Демек балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:  «Қыс»

Сабағымыздың мақсаты:  Қыс тақырыбын жалғастырып, алдынғы сабақта алған білімдерімізді жинақтау.

Абай Құнанбаевтың  «Қыс» өлеңі

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұлттай қасы жауып екі көзің,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.

Борандай бұрқ – сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті – қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.

А. Құнанбаев

Тыңдаймыз.  Бұл өлеңмен балалар   алдағы сабақтарда  жақынырақ танысып, жатқа білетін боламыз.

IIІ.  Жан-жақты тексеру

  1. Қазір қай жыл мезгілі?
  2. Қыс айларын атаңдар.

3.Қыс та   күндер қандай болады?

4.Қыста адамдар қалай киінеді?

  1. Қыста қандай мереке болады?

Музыка.

МОДУЛЬ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  ІV.  Әр ойыншықтың өз  тапсырмасы бар. Біз ойланып, бірге орындайық.

  1. Мәтінді тында.
  2. Мәтінді оқып, түсін.
  3. Мәтінге ауызша сұрақтар құрастырыңдар.
  4. Бір –біріне сұрақтар қойындар .4 мин.
  5. Зат есімнің тірек сызбасын толтырыңдар.
  6. Берілген зат есімге сипаттама беріңдер.
  7. Зат есімдер: қар, балар, шаңғы.        

Балалар  интерактивті тақтада  шыршамызды безендірдік.

Қандай тамаша біздің шыршамыз.

Сергіту сәті.    Ойын   «Кім көп біледі?»

МОДУЛЬ: ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Күнделікті сөздер. 

 

 

 

  1. Деңгейлік тапсырмалар.

ЖЕКЕ ЖҰМЫС:    

                І ДЕҢГЕЙ               ІІ  ДЕҢГЕЙ                                              ІІІ ДЕҢГЕЙ

 

VІ.  Қорытынды. Сұрақ-жауап

Абай атамыздың қандай өлеңімен жұмыс жасадық?

Табиғатта қандай құбылыстар болып тұрады екен?

VІІ. Үй жұмысы:  Оқушылар өз деңгейлеріне қарай шағын шығарма жазып келеді.

VІІІ. Рефлексия