Азық- түліктер Не? Нелер?
Сабақтың тақырыбы: Азық- түліктер Не? Нелер?
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды азық- түлік атауларымен таныстыру, нанның қасиеттілігін түсіндіру.
ә) Оқушыларды асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың ойлау, қазақша сөйлеу, өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, азық- түлік суреттері
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, іздендіру
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдеби оқу
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин.
- оқушылармен сәлемдесу
- сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген модуль бойынша қайталап келу
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Жеті сұрақ»
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
- Аптаның қасиетті күні?
- Қазақ тіліне тән дыбыстар қандай?
- Апта атаулары?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- Сен қай қалада тұрасың?
- Сен нешінші мектепте оқисың?
Грамматикалық тақырыппен жұмыс
Адам, мамандық атауларынан басқа сөздерге не? нелер?сұрақтары қойылады.Не? сұрағы- жекеше түрде (ед.ч), нелер? сұрағы- көпше түрде (мн.ч).
Мысалы: нан-не? қоян-не?
нандар- нелер? қояндар- нелер?
кәмпит-не? кітап- не?
кәмпиттер- нелер? кітаптар-нелер?
Лексикалық тақырыппен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
- Азық- түліктер- продукты
- нан- хлеб
- май- масло
- айран- кефир
- қант- сахар
- ірімшік-сыр
- шұжық- колбоса
- шай-чай
- кәмпит- конфет
- жаңғақ- орех
- ішемін- пью
- жеймін- ем
- Суретпен салыстыра түсіндіру
- Оқушыларға қайталату
- Буынға бөлу
- Сөз тіркесін не сөйлем құрау
Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма
Мынау -дүкен. Дүкенде азық –түліктер сатылады. Азық- түліктер: нан, май, шай, кәмпит, шұжық, айран, ірімшік.
Дүкенге Әлия мен Айнұр келді.Әлия нан мен қант сатып алды. Айнұр айран мен сүт сатып алды.
- Мәтінді түсініп оқып шығу.
- Сұрақтарға жауап беру.
- Ішілетін, жейтін тамақтарды бөліп сызба құру.
Мен жеймін
Мен жеймін
2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы
Нан иісі
Есіңде болсын, балам,
Нан- қастерлі тағам.
Қоқымын оның шашпа,
Жерге түссе,баспа,-
Дейді атам маған.
( Ә. Бостубаев)
- Өлеңді мәнерлеп оқу
- Тақырыбын пысықтау
-өлеңнің тақырыбы не туралы?
-нан қандай тағам?
-нанды қалай қастерлеу керек?
Ширату сәті.
- Қардай аппақ,
Балдай тәтті-ақ а) сүт, ә) қант, б) су
- Сырты жасыл, қатты,
Іші қызыл, тәтті а) пияз, ә) алма, б) қарбыз
- Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең, жылатады. а) қияр, ә) пияз, б)шие
- Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. а) тұз, ә) қант, б) сүт
- Аппақ қардай,
Дәмі балдай а) сүт, ә) балмұздақ, б) айран
3- тапсырма. Көп нүктенің орнына азық- түлік атауларын қой.
Мен әкеммен дүкенге бардым. Біз ……………… , ……………. , ………….. , …………… сатып алдық. Дүкенде ……………. жоқ. Біз үйге келдік.
Жаңа тақырыпты бекіту
- Азық- түліктің қандай түрлерін білеміз?
- Айгүл, мұғалім, оқушы сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
- Мектеп, нан, айран, сынып сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
- Азық- түліктер қайда сатылады?
Үйге тапсырма
- 2- тапсырма.Өлеңді жаттау.
- Сөздік жаттау.
- «Азық- түлік дүкенінде» диалог құру.
Бағалау. Оқушыларды белсенділіктеріне қарап бағалау, мадақтау