Менің отбасым
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа лексикалық тақырыбымен таныстырып, фонетикадан алған білімдерін тиянақтау;
Міндеттері:
- оқушылардың сөздік қорларын кеңейту;
- фонетикадан алған білімдерін тиянақтау (сұрақтарға жауап берe, дыбыстарстарға, сөздерге ауызша сипаттама жасау, буын және дыбыс үндестігін еске түсіру; сөздерге фонетикалық талдау жасау);
- отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақта, оқулық, кеспелер
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Бүгін бізде ерекше сабақ. Өздерің көріп отырғандай, сабағымызға қонақтар келді. Сондықтан да, балалар, сабақта мұқият болып, жақсы жұмыс жасап, белсенді қатысайық. Ал, іске сәт!
/Кезекшімен жұмыс/
-Бүгін кім кезекші?
-Бүгін нешесі?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Ауа райы қандай?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік? Үйге қандай тапсырма берілді? Ережені жаттау. Үй тапсырмасын тексерейік. Осы тақырыпты сендер қалай түсінгендеріңді көрейік!
Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап бересіңдер:
Балалар, берілген дыбыстарды сипаттайық.
М -бұл қандай дыбыс? Сипаттаңыз.
Е- қандай дыбыс?
Н- қандай дыбыс?
І- қандай дыбыс?
Ң —қандай дыбыс?
О- қандай дыбыс?
Т— қандай дыбыс?
Б— қандай дыбыс?
А- қандай дыбыс?
С- қандай дыбыс?
Ы— қандай дыбыс?
М— қандай дыбыс?
Сөздерді буын үндестігі арқылы сипаттау.
- Жаңа сабақ.
Бізде қандай сөз тіркесі шықты? Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Менің отбасым».
Біз отбасы жайлы жаңа сөздермен танысып, сөйлемдер құрып, әңгімелейміз. Отбасы туралы сендер 1-сыныптан бастап әңгімелеп келесіңдер. Білетін сөздерді есімізге түсірейік. (Тақтада отбасы мүшелерінің суреттері бір-бірден шығады: ата, әже, ана, әке, отбасы) осы сөздермен сөз тіркестерін құру.
- Жаңа сөздер:
әпке- старшая сестра интерак. тақта арқылы жаңа сөздерді
аға-брат үйрену. Сөз тіркесін құру.
сіңлі – младшая сестра
қарындас- младшая сестра 1) сөздерді тыңдау
іні-младший брат 2) бірге айту
қамқор боламын- забочусь 3) жаттау
құрметтеймін-уважаю 4) тексеру (тақта арқылы)
көмектесемін- помогаю 5) сөз тіркесін құру
жақсы көремін-люблю
жұмыс істейді- работает
- Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Слова исключения: кітап, мұғалім, қазір, құрмет т.б. ( тірек дәптерге жазғызу)
- Мәтінмен жұмыс
Менің отбасымда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Сіңлім, інім жоқ. Менің әкемнің аты-жөні- Самат Маратұлы. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Анамның аты- Қарлығаш Серікқызы. Анам емханада дәрігердің қызметін атқарады. Ағам Ғабит №1 орта мектебінде 7-сыныпта оқиды. Менің атым – Айжан. Мен 5-сынып оқушысымын. Анама күнде үй шаруасына көмектесемін. Өз отбасымды өте жақсы көремін және құрметтеймін. Біздің отбасымыз өте тату.
Оқу, аудару. Сұрақтарға жауап беру.
- Кім туралы бұл мәтін?
- Айжанның отбасында неше адам бар?
- Отбасы мүшелерін атап беріңдер.
- Айжанның әкесі қайда жұмыс істейді?
- Анасының мамандығы қандай?
- Айжанның ағасы нешінші сыныпта оқиды?
- Айжанның отбасы қандай?
- «Отбасы» сөзіне фонетикалық талдау жасау. /тақтада/
- Қорытынды .
*Біз бүгін не білдік? (сіңлі және қарындас туралы), (ережеге жатпайтын сөздер қандай ……)
*Не үйрендік? (жаңа сөздер, сөйлем құрдық)
*Дұрыс, балалар, әр адамға отбасы, туған бауырлары, туысқандары өте қажет. Сендер ата-аналарыңды әрқашан құрметтеп, сыйлап, аялап жүріңдер. Оларға әрдайым үй шаруаларына көмектесіп отырыңдар. Сонда ата-аналарың сендермен мақтан тұтады.
- Үй жұмысы:
А2 – сөздерді, ережені, жаттау.
А2+, – сөздерді, ережені жаттау, «әпкем» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
А2++ – сөздерді, ережені, жаттау, отбасы туралы диалог құру.
А2+1 – сөздерді, ережені, жаттау, өз отбасы туралы шағын әңгіме құру.
А2.1 – сөздерді, ережені, жаттау, отбасы туралы мәтінді мазмұндау.
8.Бағалау.