Киім және аяқ киім
Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ киім
Мақсаты: Өткен тақырыппен байланыстырып, меңгерген білімін қайталау. Киімдерді дұрыс айтуға қалыптастыру.
Білімділік:
- Киім тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету. Киім туралы білімдерін кеңейту
- Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білуге машықтандыру.
Тәрбиелік:
- Әдемі, таза киіну әдеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
- Қазақ тілінге қызығушылыққа баулу.
Дамытушылық:
- Сөздік қорды молайту арқылы тілдесім әрекетіне жетелеу.
- Білетін сөздерді бекіту, күнделікті сөйлесуде қолдана білу.
- Сөз ішінде қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә,ө,ү,ұ,қ,ғ,і,ң,һ) дұрыс айтуға жаттықтыру.
Сөздік жұмысы: көйлек, жейде, шалбар, бәтеңке, етік, мәсі, құлақшын, тымақ, қолғап, тон, шәлі, орамал, қамзол, сәукеле, бөрік, күртеше.
Көрнекіліктер: үлестірме карточкалар, сандық, киім түрлерінің суреттері, слаидтар, қуыршақтар, косымша материалдар.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, бекіту, ойын-жаттығулар орындату.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу.
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына.
- Балаларды түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз.
— Бүгінгі сабағымыз бастан аяғына дейін «Қуыршақтарды құтқару» ойынына арналады. Жаймашуақ ашық күнде қуыршақтар қыдырып жүргенде, оларды үлкен аю ұрлап әкетеді.
(қуыршақтарды садықтын ішіне жасыру)
- Енді, біз қуыршақтарға көмектесейік.
- Үлкен аю болды қауіпті,
Әкетіп жүр қуыршақтарды.
- Үлкен аю бізге қобдишаны беріп жіберіпті.
Ішінде хат бар, хаттың саны неше қуыршақ болса, сонша тапсырмасы бар екен.
(Балаларға қобдишаның ішінен тапсырманы алып шығып, оқу)
- Егер, осы тапсырмаларды орындасақ, ол қуыршақтарды бір- бірдеп жемей қоя береді.
- Ал орындай алмасақ, қуыршақтарды жеп қояды. Сондықтан, біз тырысуымыз керек.
- Балалар, қуыршақтарды құтқарамыз ба?
- Олай болса, бастайық.
1-тапсырма. «Кім жаңылыспайды» ойыны.
1-ден 10-ға дейін тура санау және кері санау.
1,2,3,4, одан кейін бес дейміз
6,7,8,9. Санап толық бітпейміз.
Тура санау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
- Оннан қайта кері санап бірге дейін жетеміз
- Жарайсыңдар, балалар. Аю бір қуыршақты босатты.
Сергіту сәті. Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
2-тапсырма. «Жұмбақ – сурет» ойыны.
«Жұмбақ суретте», бүгінгі мақал жасырылған соны тауып алындар.
(бірінші қатарда: 1- сурет. Адамның суреті және 2 — сурет. Матадан пішкен киімнің суреті;
Екінші қатарда: 1- сурет. Ағаш және 2-сурет . Түрлі түсті жапырақтар.
- Дұрыс. Адам көркі — шүберек, ағаш көрк і- жапырақ.
(Аю бір қуыршақты босатады)
- 3-тапсырманы орындайық. «Кірпіш» ойыны.
(Бұл ойынға үш бала тақтаға шығады.)
- Мен сендерге бірнеше сөздерді орысша айтамын, сендер ол сөздің қазақша аудармасын айтасындар.
- Бастайық. (10 сөз өткен тақырыптардан)
(Мысалы: дедушка, семья, ножницы, ручка, синий, петух, узор, иголка, учитель, певица, строитель, дом, школа)
- Өте жақсы. Аю тағы бір қуыршақты босатты.
- Келесі, 4-тапсырманы орындайық.
«Киім мен аяқ киімдері» ойыны.
(1-сурет. «Қысқы және жазғы киімдер суреті»; 2-сурет. «Қазақ халқының ұлттық киімдері».)
- Суреттер бойынша киімдері атап шық.
- Бәрекелді балалар, бұл тапсырманы жақсы орындап шықтық. Сол үшін аю тағы бір қуыршақты босатты.
Сергіту сәті: Топ-топ, топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса, алтын күн,
Жаса , жаса, жарқын күн!
- Өте жақсы балалар. Келесі 5-ші тапсырманы орындайық. «Кім тапқыр» ойыны.
- Бұл ойында біз дүкеншілерге көмектесуіміз керек. Бір дүкенші «Киімдер дүкенінен», ал екінші дүкенші «Аяқ киім» дүкенінен. Олардың киімдері араласып кетіпті. Біз әр дүкеннің затын орнына орналастыруымыз керек.
- Ол үшін бір бала орталарыңнан шығып, тапсырманы бұлжытпай орындау тиіс.
- Жарайсыңдар, балалар! Аю тағы бір қуыршақты босатты.
- Келесі тапсырманы тездетіп орындайық. Соңғы қуыршағымыз жалғыз қорықып қалар.
- 6 – тапсырма. «Суретші» ойыны. Тақияның суретін бояу.
(Балалардың ішінен кімде-кім тез орындап шықса ондай балаларға слаид тапсырмаларын ұсынуға болады интерактив тақтаның қасында)
Мысалы мынандай:
1 слайд
2 слайд
3 слайд
4 слайд
5 слайд
- Сонымен біз, соңғы қуыршаққа көмектестік.
- Жарайсыңдар. Бәрің де.
- Үлкен аю қорқатын болады сендерден. Себебі, сендер өте ақылды, білімді, тиянақты балаларсындар.
- Бүгін сабақта, өте жақсы жұмыс істедіңдер. Сол үшін, барлықтарыңа, үлкен «Күннің» суретін беремін. Сендерде осы күн сияқты әрдайым жарқырап жүріңдер.
Соңғы сергіту сәтінде балалар «Қара жорға биін билейді».
- Келген қонақтарды да ортаға шақырамыз.
- Назарларыңызға рахмет ! Сау болыңыздар!