Сөзжасамнан өткенді еске түсіру
Сабақ тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді еске түсіру
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
Дамытушылық: Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру,өз бетінше сөзжасаманың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру, игерілген білімді пысықтау.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекіліктер: слайд, сызбалар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: сынып кезекшісімен жұмыс, өтілетін сабақ тақырыбы, мақсат- міндеттерімен таныстыру.
- Үй тапсырмасын пысықтау.
- Слайд №1 «Ой шақыру стратегиясына»
1.Фонетикалық екі ұғым
Бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады да көрінеді. (әріп — дыбыс)
- Бір ағашта 37 алма,
Оны алып жемек болсаң
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді. (дауысты және дауыссыз дыбыстар)
- К-ден басталсам,
Маған қарап сабақ айтады.
П-дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады. (кітап, парта)
- Басы-ашық, аяғы-қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.
Саған да ол керек болар,
Өзен-көлге жақын тұрсаң. (ау)
- Дыбыс емес, таңба
Оқылмайды, жазылады.
Бірақ сөзден табылады
Ол қай әріп еді?
Ойлап көрші, есіңде бар ма? (ь, ъ)
- «Қ»-мен егер бітірсең,
Ыдыс-аяқ ол бірі.
«Н»-мен егер бітірсең,
Балықтың ол бір түрі. (табақ, табан)
ІІІ. Жаңа сабақ : Бүгін сабақта біз сөзжасам және оның жасалу жолдарын еске түсіріп, жұмыстар жүргіземіз.
Сөзжасам – жаңа сөздердің жасалуы
1.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер Қара: 1)қара шаш – заттың түсін білдіріп тұр;
2) тақтаға қара- қимыл-әрекетті білдіріп тұр
2.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер Түбір+ сөз тудырушы жұрнақтар
3.Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөздер Мысалы: Көктөбе (Көк+ төбе)
- Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздер Мысалы: Ауыл-аймақ, кәрі-жас,
сөйлей-сөйлей, ақ-қара, азды-көпті, үгіт-насихат, оқу- әдістемелік
- Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөздер Маңғыстау облысы , он жеті,
мың тоғыз жүз жиырма бес, сөз таптары,қара-торы, мал шаруашылығы.
ІІ. Семантикалық карта
№1
Мысалдар | Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөз | Лексикалық жолмен жасалған туынды сөз |
Бүркітші | + | ||||
Бүгін | + | ||||
Арам шөп, арам тамақ | + | ||||
Үлкен үй | + | ||||
Білім | + | ||||
Баспасөз | + | ||||
Жүзбе-жүз | + | ||||
Жер серігі | + |
№2
Мысалдар | Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөздңі қосарлануы арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөз | Лексикалық жолмен жасалған туынды сөз |
Түсім | + | ||||
Еңбеккүн | + | ||||
Қарама-қарсы | + | ||||
Суық су, суық хабар | + | ||||
Ұшқыш | + | ||||
Күн сәулесі | + | ||||
Қолбасшы | + | ||||
Көзбе-көз | + |
ІІІ. Мәтін тыңдау
«Тіл – ұлттың басты негізі»
(мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазу, жасалу жолын түсіндіру)
ІV. Шығармашылық жұмыс
1.Лексика тарауынан тест жұмысын орындау
- Көзқарас, күрегі сөздеріне толық фонетикалық талдау
3.Мәтін жазу Тақырыбы: «Ауылға барғанда», «Маған ұнаған шығарма»
Тест тапсырмасы
- Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.
А/садақ тарту В/Абай даңғылы С/нарықтық экономика Д/физикалық карта
- “Архаизм” сөзінің мағынасы не?
А/жаңа сөз В/тарихи сөз С/ежелгі, көне Д/аймақтық сөз
- Қазір қолданыстан мүлдем шығып қалған сөздер қалай аталады?
А/неологизм В/историзм С/архаизм Д/диалект
- Көнерген сөзді табыңыз.
А/ саяжай В/барымта С/жағажай Д/сүндет той
- Неологизм сөзді көрсетіңіз. А/несие В/гарантия С/процент Д/фонд
6.Қай қатар неологизм сөздерге жатады?
А/класс, лампа В/хандық,барымта С/сәулет,пайыз Д/анализ, скидка
- Неологизм сөзінің мағынасы не?
А/жаңа сөз В/тарихи сөз С/ежелгі, көне Д/аймақтық сөз
8.Сөйлемдегі архаизмді белгілеңіз.
Сарайдан сұлу ханша шықты.
А/сарайдан В/шықты С/сұлу Д/ханша
- Кәсіби сөздердің қатарын белгілеңіз. А/тасымал,буын,екпін
В/кв.,ромб,куб С/тоқым,үзеңгі,тұсау Д/білім,тұрмыс,тіршілік
10.Араб тілінен енген кірме сөзді табыңыз? А/мұғалім,кітап,дәптер
В/жәшік,бәтеңке,сот С/кереует,кәмпит Д/синус,косинус,куб
- Кірме сөздерде қандай заңдылық сақталмайды?
А/пунктуация В/орфографиялық заңдылық С/үндестік заңы Д/орфоэпиялық заңдылық
12.“Жалғау”,”сөйлем”,”үстеу” терминдері қай ғылым саласында қолданылады?
А/әдебиет В/музыка С/тіл білімі Д/социология
- Интернацианалдық терминді табыңыз.
А/грамматика В/әдебиет С/үйкеліс күші Д/сөйлем
14.Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?
А/кірме сөз В/диалект сөз С/кәсіби сөз Д/термин сөз
15.Историзмді көрсет
А/әуен В/әнұран С/ қорамса Д/ғарыш айлағы
- Жаттығумен жұмыс
39 – жаттығу
Қос бағанды байланыстырып,
жаңа сөздер жасау.
1-қатар біріккен сөздер
2-қатар қос сөздер
3-қатар тіркескен сөздер
40 – жаттығу
Үлгі бойынша сөздерге тұлғалық талдау жүргізу.
1-қатар екінші мақал-мәтел;
2-қатар үшінші мақал-мәтел;
3-қатар төртінші, бесінші мақал-мәтел.
Бекіту.
Бағалау.1. оқушылар сабақтың өтілу барысын бағалайды
2.бірін-бірін бағалайды (стикерлерге сыныпта жақсы жауап берген 5 оқушының
атын жазады)
Қорытынды. Бүгін 5-сыныпта өтілген тақырыптарға шолу жасап, оның ішінде сөзжасам тарауына ерекше тоқталып, түрлі жұмыстар жасадық. Оқушылар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп жатты.
Шаттық шеңбері тренингі.
Ұраны: Біз бақытты баламыз,
Шыңына білімнің шығамыз!
Ана тілін ардақтап,
Ел тірегі боламыз!
Үйге тапсырма
І. 41,42-жаттығулар
ІІ. 5-сыныпта өткен тақырыптарды пысықтау