Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: Оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға ықпал ету, ойлау
шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру.
- Тәрбиелігі: Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін,
Отанын сүюге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Сөйлеу тілін , сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға,
көркем ,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, шығармашылық, топтық жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта, глобус, бағалау қағаздары.
Пәнаралық байланысы: география, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Мәтін – « байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,
жазғанда пайда болады, қажетті біртұтас ойды аяқтайды.
1.Оқулықпен жұмыс
18 – жаттығу (ауызша)
- Суреттегі «Ана» тақырыбына мәтін құрастыру, тірек сөздерді пайдалану.
- Берілген мәтінге қарап үш топ сурет салады. Тірек сөздерді өздері табады.
Астана
Еліміздің аруысың – Астана,
Биік,көркем үйлерің бар,жас қала.
Символың бар»бәйтерек»деген әдемі,
Ару қала,арман қала,бас қала.
Көркейесің күннен-күнге Астана,
Зәулім үйлер көбейді де, басқара.
Даңқың өсіп,таныла бер елдерге,
Рухың биік, білікті бол, бас қала!
Ақмаржан қала – Ақтау
Маңғыстау облысының орталығы саналатын Ақтау қаласының бұрынғы атауы – Шевченко болатын. Қала атауы 1991 жылы өзгерді. Каспий жағасында орналасқан әсем қала — газ бен мұнай өндіретін өнеркәсіп орталығы.
Каспий теңізі Қазақстанды бес бірдей мемлекеттермен іргелестіріп тұр.
Ақмаржан қаламызға 50 жыл толғалы отыр.
Түлкі мен құмыра
Егін оруға шыққан бір әйел құмырасын сүтімен шөптің арасына қояды. Бұны түлкі көреді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын сұғып, сүтті ішеді. Бірақ басын құмырадан кері шығара алмай, әлек болады. Сонда:
— Ау, құмыра! Біраз ойнадың ғой, жетер. Жібер енді басымды! – депті түлкі. Қанша жұлқынса да, құмырадан басын шығара алмапты. Содан соң ашуға басыпты.
— Қап, бәлем, тұра тұр! Сені суға батырмасам ба! – деп, өзенге қарғып түсіп, құмырамен бірге өзі де батып кетіпті.
4.Тақтамен жұмыс
(тақтадағы берілген тақырыпқа әр оқушы өз ойымен сөйлем жазып мәтін құрастыру)
Алтын күз
Қыркүйек айы жаңа басталған кез. Ауа-райы суыта бастады…
5.Ауызша мәтін құрау (өз ойын баяндау)
Мен әкім болсам …
6.Бекіту
Оқушылардың сабақты меңгеруі
- Үйге тапсырма
“ Маңғыстау — мекенім” тақырыбына мәтін жазу.
8 .Бағалау