Л дыбысы және әрпі.
28.Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Лл дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. Ұқыптылыққа баулу.3. Ой-өрісін, тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ.Өткен сабақта алған білімін еске түсір-Р дыбысы қандай дыбыс? -р дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?-Р әрпіне берілген сөздерді оқыту.
ІҮ. Жаңа сабақ— Үй жануарларын ата, олардың қандай пайдасы бар?-Үй жануарларының төлдері не деп аталады?
Сиыр бұзау
Қой қозы.
Жылқы құлын
Ешкі лақ
-Лақ сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?Л дыбысын дауыстап 3 рет айтайық:ә )Л дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. б) Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Жаңа білімді бекіту. . -Біз қандай дыбыс және әріпен таныстық?-Л қандай дыбыс?-Сөздің қай жерінде жазылады?
ҮІ. Жаңа білімді бекітуЛ дыбысына сөз ойлату. Буындық және дыбыстық талдау жасату.Ла бынына қатысты сөз ойлап, сөйлем құрату. Дәптермен жұмыс. Л л ла ала лақ
Диктант: ара, ана,апа,ала аға ата өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу.
ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, білдік?