Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
қ,к, п дыбыстарына аяқталатын зат есімдерге тәуелдік жалғау жалғанғанда, бұл дыбыстардың ұяңдап кететіндігі және солай жазылатындығы ІІІ жақтағы тәуелдеулі тұлғасын беру арқылы көрсетіледі: топырағы; ұйымдастырушылық, ұйымдастырушылығы; күрек, күрегі; сап, сабы; ( күректің сабы), талап, талабы; сөз соңындағы қ, к, п дыбыстарының өзгермей жазылатын тұстары да беріледі: тарих, тарихы;цех, цехы; сап, сапы; ( еңбек сабында),тип, типі; микроскоп, микроскопы;
н дыбысына аяқталатын зат есімдердің барыс жалғауы тұлғасы беріліп, сол арқылы сөздің дыбысталуындағы кейінді ықпал заңының (н дыбысының ң болып айтылуының ) жазуда ескерілмейтіндігі көрсетіледі, мысалы: алақан, алақанға;ән, әнге; қақпан, қақпанға.
-ист жұрнағымен келген орыс тілінен енген сөздер мен халық атауларының көпше тұлғасы көрсетіледі: материалист, материалистер; абхаз, абхаздар; қырғыз, қырғыздар;
Соңғы буындар р, л, й, у үнді дыбыстарынан басталатын сөздердегі қысаң ы, і дыбыстарының түсіріліп, не түсірілмей жазылатындығы тәуелдіктің ІІІ жақ тұлғасы арқылы көрсетіледі: е- рін, ерні; мұ-рын; мұрны; да-уыл, дауылы; қа-уын, қауыны; аға-йын, ағайыны; бе-йім, бейімі; пе-йіл, пейілі; баста-уыш, бастауышы т.б .; ауыл, дауыс сияқты бірен – саран сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, олардың айтылу ыңғайына қарай ы, і әріптерінің түсіріліп те, түсірілмей де жазылатындығы ескеріледі, олар ауыл аулы және ауылы; дауыс, даусы және дауысы деп көрсетіледі.
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы былайша беріледі:
а) қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда, жазылуы екіұшты болып келетін және соңғы буында и, у, ё ( ио )дауыстары бар сөздердің түрленуі арнайы көрсетіледі: конус, конусқа, конусы; шахтёр, шахтёрге, шахтёрі;
ә) ог, уг және аль, уль, ель, оид, арь, ерь, ий дыбыстар тізбегіне бітетін сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы: педагог, педагогке, педагогі; округ, округке, округі; медаль, медальға, медалі; санаторий, санаторийге, санаторийі;
б) нг, ск, кс, нк, кт, нкт, дж, фт, пт, кль, бль, мб, рг, рк, вт, рв, мн, зд, рд, ст тәрізді дауыссыз дыбыстар тізбегіне, сонымен қатар лл, мм, сс, тт, сияқты қосарлы дауыссыздарға аяқталатын сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен өзгеруі көрсетіледі. Мысалы: митинг, митингіге, митингісі; киоск, киоскіге, киоскісі, бокс, бокске, боксі, спектакль, спектакльге, спектаклі; металл, металға, металы; грамм, грамға, грамы; процесс, процеске, процестер;
в) соңғы буында и дыбысы бар сөздердің барыс жалғаулы, ІІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы түрі: абразив, абразивке, абразиві; такси, таксиге, таксиі;