Грамматикалық тақырып: Зат есім Алтын адам

Лексикалық тақырып: «Алтын адам»

Грамматикалық тақырып: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі: зат есім сөз табы туралы, оның  құрамына, мағынасына, құрылысына қарай бөліну жолдарын түсіндіру. Зат есім түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Қазақстанның азаттық символына айналған «Алтын адам» туралы, оның тарихи маңызы бар құнды мұра екендігін түсіндіру, тың деректер мен мәліметтер беру.

 

Дамытушылығы: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

 

Тәрбиелігі: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; халықтың мәдени мұрасын,  өнерін, тарихи ескерткіштерімізді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

 

Сабақтың түрі: аралас, қайталау сабақ

 

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдері, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

 

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.

 

Көрнекілігі: оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар, сызбалар, бейнематериалдар, даналық сөздер, анаграмма, интерактивті тақта.

 

Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруі
  • зат есім түрлеріне мысалдар келтіріп, ажырата алуы
  • күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қолдануы
  • «Алтын адам», жалпы, тарихи ескерткіштер туралы түсініктері кеңейеді.

 

 

Сабақ барысы.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарының түгелдігін тексеріп, сабаққа зейіндерін аударту.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда ерекшелеу деп айтуымызға болады. Себебі, бүгін бізде ашық сабақ.
  • Оқу құралдарымызды дайындап, зейінімізді сабаққа аударамыз.
  • Сабағымыздың мақсаты мен жоспары тақтада жазылып тұр. Олай болса, танысайық.

 

Сабақтың эпиграфы:

 

…Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі — тұл.

 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін еске түсіру, пысықтау, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Мына жоспармен жұмыс жасаймыз:

  1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»
  2. «Ғылым таппай мақтанба»
  3. «Қайталау — білім анасы»
  4. «Көп оқыған, көп білер»
  5. «Сөздік қор қапшығы»
  6. «Артық болмас білгенің»
  7. «Кім жылдам, кім тапқыр?»
  8. «Білімдіден шыққан сөз,

          Талаптыға болсын кез»

  1. «Бойы сергектің – ойы сергек»

 

 

Яғни, сабақты тоғыз бөлімге бөліп, әр бөлімге ат қойдық. Әр бөлімнің атына сай тапсырмалары болады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығымыз бірлесіп сол тапсырмаларды орындауға тырысып көрелік.

 

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

 

 

 

        Интерактивті тақтада берілген сұрақтарға байланысты слайдтар шығарылады.

       Ол – оқушының ойын жүйелі жеткізуіне, өтілген тақырыпты еске түсіруіне көмектеседі.

  1. «Қайталау – білім анасы».

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан алған білімдерін тексеру мақсатында семантикалық карта таратылып беріледі.

 

 

Зат есім  

 

НегізгіТуындыДараКүрделіДеректіДерексіз

 

 

ЖалқыЖалпы
 

Біртектес заттардың, нәрселердің жалпылама атауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын заттың атауы  

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      +

 

 

 

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім 

    +

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы   

 

  

 

 

 

 

 

 

 

+

Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалатын      

 

      +

   

 

 

 

Бір ғана

түбірден (негізгі немесе туынды) тұратын

   

    +

 

 

  
Тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдар атауы      

       +

Кемінде екі сөзден(біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен) тұрады    

 

+

  

 

 

 

Ескерту:

       Дара зат есім  — бір ғана түбірден жасалады, бірақ оны жалаң  түбірден жасалатын негізгі зат есіммен шатастыруға болмайды. Ескерте кететін жайт — негізгі  зат есім де, туынды зат есім де дара зат есім бола алады.

    

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

  • тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру
  • жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру
  • жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту

 

 

  1. «Кітап – білім бұлағы »
    1. Электронды оқулықпен жұмыс
    2. Мәтінді оқу-аудару

 

«Алтын адам» 

     Алматыда көптеген мемлекеттік мұражайлар бар. Соның бірі 1973 жылы ашылған археология мұражайы. Онда мыңдаған экспонаттар бар. Экспонаттардың бірі — сақтардың жас жауынгерінің алтындаған киімі. Ол Есік обасынан табылған.

    Басына төбесі шошақ бас киім киген. Тәжінің ернеуі екі жүзден артық алтын зерлі заттармен әшекейленген. Алтын заттардың әр бөлшегі барыстың, тауешкінің, арқардың, жылқының, құстың кескінімен таңбаланған.

   Мойнына бұралған алтын алқа таққан. Алқада жолбарыстың басы бейнеленген. Сырт киімі — бешпент пен шалбар. Бешпент қызыл былғарыдан жасалған. Оның жағасында, өңірінде, етегінде жолбарыстың тұмсығы бейнеленген. Ол әшекей алтыннан жасалған. Шалбарда да  алтын әшекей бар. Етіктің қонышына бармақтай алтын әшекейлер жапсырылған.

   Жейдесінің жағасы мен жеңіне де алтын өрнек қадалған. Қайыс белдіктегі әшекей де кесек алтыннан құйылған. Белдіктің оң жағында — семсер, сол жағында — қанжар.

   Үлкен екі алтын сақинаның біреуінің бетіне қолына қыран ұстаған адамның басы бейнеленген. Бұл жүзік — мөр.

   Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларға тән төрт мыңнан артық бұйым табылған.

   Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар — дүниежүзілік маңызы бар жаңалық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.«Сөздік қор қапшығы»

 

       Жаңа сөздермен жұмыс.

       * жаңа сөздермен таныстыру;

       * жаңа сөздердің жазылуын есте сақтай отырып, сөздік дәптерлеріне жаздырту;  

       * қазақ тіліне тән дыбыстарға мән бере отырып, ауызша қайталату.

 

Жұмыстың мұндай түрі —  оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады.

 

Сөздік:

төбесі — макушка

өңірі — борта одежды

әшекейленген — разукрашен

етегі — подол

тауешкі — горный козел

мөр — печать

тәж — корона

оба — курган

алқа — колье

былғары —  кожа

бұралған — обвитое

зерлі — позумент

бейнеленген — изображен

семсер — сабля, меч

қоныш — голенище

 

 

 

5.«Артық болмас білгенің»

«Миға шабуыл» әдісі. Интерактивті тақтада «Алтын адам» туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар тың деректермен таныс болады.

 

 

  1. «Ойлан, тап»

 

      Оқушылар мәтінді оқып, ондағы музыкалық аспаптардың атымен танысады, ал интерактивті тақтада музыкалық  аспаптардың үні естіледі, яғни домбыра, қобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы т.б. әуен орындалады.

    Оқушылардың мақсаты – күй немесе әуен қандай музыкалық аспапта орындалды?

 

 

 

 

  1. «Қос тіл – қос қанатың»

    Алған білімді еске түсіру мақсатында, жаңа тақырыпқа байланысты зат есім түрлеріне мысалдар келтіреміз.

 

 

Рет. саны

 

Түрі

 

Ереже

 

Мысал

1Негізгі зат есім Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім 

 

 

 

2Туынды зат есім Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалатын 

 

 

 

3Дара зат есім

 

Бір ғана

түбірден (негізгі немесе туынды) тұратын

 

 

 

 

4Күрделі зат есім Кемінде екі сөзден(біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен) тұрады 
5Жалпы есім Біртектес заттардың, нәрселердің жалпылама атауы 

 

 

6Жалқы есім Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы 

 

 

7Деректі зат есім Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын заттың атауы  

 

 

8Дерексіз зат есім Тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдар атауы 

 

 

 

 

          Тақырып  материалдарына байланысты, оқушыларға кеспе қағаздар таратылып беріледі.

Тапсырманы ауызша және жазбаша орындайды.

 

  1. Зат есім түрлеріне мысалдар келтіру;
  2. Зат есім түрлеріне байланысты ережесін айту;

3.Тұлғасына, құрамына, жалпылай немесе жекелей атауына, мағынасына қарай зат есім түрлерін ажырата білу.

  1. «Бойы сергектің – ойы сергек». Анаграмма шешу. «Алтын адам»
  

 

а      
 

 

л     
    

 

т       
  

 

ы       
 

 

     н   
 

 

  а     
      

 

д
 

 

  а   
   м   

Анаграмма « Аспаптар »

 

 

 

        
       
 

 

           
          
 

 

         
         
       
       
       

 

  1. Тілшікті аспап,

Қобыздай  асқақ.

Ерекше үні бар

Бұл қандай аспап?  (шаңқобыз)

  1. Сылдырлаған үні, сүйкімді түрі

Ұрмалы аспаптың бірі?   (асатаяқ)

  1. Тыңдағанда құрышыңды қандыратын

Түрлі-түрлі әндерді шығаратын?   (композитор)

  1. Сазымнан жасалған,

Өрнектеп қашалған

Сырнайдың үніндей,

Бұлбұлдың біріндей      (сазсырнай)

  1. Аңға, ұрысқа шыққанда

Ұрып дабыл тастаған,

Батырлыққа, ерлікке

Әуенімен шақырған.    (дауылпаз)

  1. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуенінен жеті тарау жыр  шығар.   (жетіген)

  1. Даусы бар, жаны жоқ,

Шертсең күйі, әні көп.

Құлағын он бұра,

Ол не?                          (домбыра)

  1. Ойлап тапқан қобызды

Күйші-сазгер атамыз,

Мәңгі өмірді  іздеген

Кім болды екен, айтамыз?   (Қорқыт)

 

  1. «Сиқырлы сандық» .

—  Ал, балалар, әне-міне дегенше, сиқырлы сандыққа да келіп жеттік.

     Сандықты  ашып көрелік, онда не бар екен?

Интерактивті тақтада оқушыларға арналған жұмбақ тұрады, яғни,  үнсіз фильм,  жұмбақтың жауабын өз сөзімен жеткізген оқушылар бағаланады.

 

 

 

 

Оқушыларды бағалау:

 

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап болған соң, сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды және басқа да оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне бағаларын қою.

 

Үйге тапсырма:

 Ереже жаттау, мысалдар келтіру

 4 – тапсырма

 «Музыкалық аспаптар» тақырыбына әңгіме жазу.

  • Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет, сабақ аяқталды,

    Сау болыңыздар!