Мектепте болып жатқан өзгерістерді мектептегі және/немесе мектептердегі желілік қоғамдастықты дамыту арқылы қалай қолдауға болады?
Мектепте болып жатқан өзгерістерді мектептегі және/немесе мектептердегі желілік қоғамдастықты дамыту арқылы қалай қолдауға болады?
Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінің маңызды бағытының бірі- мектеп ішінде, аудан, облыс, республика көлемінде желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық құрылымы шет елдерде, әсіресе Ұлыбританияда кеңінен тараған. Қоғамдастықта мұғалімдер бір-бірімен тәжірибелерімен алмасып, кездесулер өткізіп, өз жоба, әзірлемелерін таныстырып, пікір алмаса алады. Мектептегі өзінің іс-рекетін жетілдіруге мүмкіндігі туады. Желіліктің маңызды бөлігі болып мұғалімдердің зерттеу жұмысымен айналысуы маңызды, себебі олардың таңдап алған тақырыптары мектептің ілгері дамуына әсер етеді. Қоғамдастық мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолы болып табылады. Ол жол ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Бұл үрдісті басқаша көшбасшылық деп атауға болады. Өйткені қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылық қызмет атқарады. Себебі,желілік қоғамдастықтың мүшесінің зерттеген жобалары тиімді басқаруға көмектеседі.
Мен де тәжірибе кезеңінде өзгерістерді енгізуге ынталы, дарынды, мақсатты, пікірлес әріптестерімді желілік қоғамдастық құруға шақырдым.
Аудан көлемінде де желілік қоғамдастық құру мақсатында әріптестеріммен байланысқа шықтым. Әзірше, Жалтыр мектебінің ұжымы мектеп директорымен келісті. Желіліктің басты идеясы мектептер арасындағы ынтымақтастықты орнату.
Мұғалімдер үшін желілік қоғамдастық мүшесі болу тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні мектептерде пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер, аудан, мектептер көлемінде шығармашылық топтар, жас мамандар мектебі тағы басқа сол сияқты бірлестіктер өз жұмысын атқарып жатыр. Бірақ олардың жұмысы жүйелік болмағандықтан, оң нәтиже бермей отыр. Өйткені олар әрқайсы жеке-дара бір мәселе төңірегінде жұмыс істейді. Олардың арасында бірлескен, бір мақсатқа жету жұмыстары көрінбейді. Сондықтан нәтижеде көмескі. Ал желілік қоғамдастықта мұғалім өз еркімен желілікке кіріп, толғандыратын мәселелері, жетістіктері мен кемшіліктерімен бөлісе алады. Мұғалімде еріктілік болады.
Мен «Бетпе-бет» кезеңінде алған білімімді жүзеге асыру мақсатында ынталы топпен желілік жөнінде сұхбаттастым. Желілік қоғамдастықтың атын әзірше «Бетбұрыс» деп алдық. Желілікке кірген ынталы мұғалімдерді атап өтейін: мектеп әкімшілігі ІІІ деңгей бағдарламасы сертификат иегерлері, менторлар қызметін атқарған — А.Р.Аукенова, А.А.Жетыбаева, ментилер- Ш.Т.Карипбаева, Маржан Өкеш, ынталы мұғалімдер -Г.А.Аушахманова, Ж.М.Шарипбекова, М.І.Мукатаева.
Облыс көлемінде курстастарымызбен интернет арқылы желілік қоғамдастық құрдық. Бір-бірімізге өте үлкен көмек көрсеттік деп ойлаймын.
Қоғамдастықтың мүшелері Заңғар ОМ.,Тілектес ОМ., №4Ертіс ОМ.,№2Железин ОМ.,№3Тереңкөл ОМ.,Баянауылдағы Ш.Айманов атындағы қазақ гимназиясы,Малайсары ОМ., Жылыбұлақ НМ. Интернет желісінде ауыл мектептерінің қоғамдастығы деген атпен сайт ашылды, сайт модераторы Досмағамбетова Салтанат(Баянауыл) тағайындалды. Жобамыздың жұмысы жөнінде курс тренері Сарбасов Нұрланнан кеңес алдық.
Аудан көлемінде Жалтыр мектебінің мұғалімдері: Екінші деңгей бағдарламасының сертификат иегері А.К.Жаныгулова, Үшінші деңгей бағдарламасының сертификат иегері А.Андасова, менти –А.Хиватдолда
Желілік қоғамдастық мүшелерімен бірлескен топ құрып, желілік жоспарын құрастып, міндеттері мен күтілетін нәтижелерді айқындадық. Іс-шаралардың мерзімдері мен жауаптылар белгіленді. А.К. Жаныгулова коучинг пен менторинг кезеңінде үлкен көмек атқарды. Мектепке екі рет келіп, «СТО» және «Оқыту үшін бағалау. Оқу үшін бағалау» тақырыптарында коучингтер өткізді. Тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдерді бағалау әдістерімен тыңғылықты таныстырды.
Үшінші деңгей мұғалімдері ментилармен нәтижелі жұмыс жүргізді деп ойлаймын. Себебі, ментилер жеті модуль бойынша сабақтың қысқа, орта мерзімді жоспарларын құрастырып, оларды жүзеге асыруда біршама жетістіктерге жетті. Сабақтағы оқушылардың білім алу нәтижелерін көріп, желіліктің пайдасын түсінді. Әрі қарай да байланысты үзбеуге ынталы.
Желілік қоғамдастық мектептер мен мұғалімдердің көптеген проблемаларын шешеді деп ойлаймын. Себебі, қауымдастық мүшелерінің арасында қарама-қайшы пікірлер, жаңа идеялар тууы мүмкін. Шешімін таба алмай жүрген мәселелерді шешуге мүмкіндік туады.
Алдағы уақытта қоғамдастыққа ата-аналар мен оқушыларда кіргені абзал деп ойлаймын. Мектеп үштіктік бірлескен ұжымы. Туындаған мәселерді үш жақты пікірталас, диалог, зерттеу арқылы желілікте шешуге болады деген көзкарастамын. Оқушы тарапынан әрине мұғалімге қолдау бар. Себебі, ауыл балалары мүғалімнің «аузына» қарап отырады. Сыйлайды. Бұның өзі үлкен қолдау. Аудан білім бөлімі басшыларының да көмегі орасан. Өйткені, курста өтіп жатқан адамдардың көпшілігі мұғалімдер. Олар мектепке барғанда, бірінші деңгей бағдарламасын аяқтаған мұғалім- ол көшбасшы деп барса, кейбір мектеп директорлары түсінбей кедергілер жасауы мүмкін. Осы кезде аудан басшыларының көмегі қажет-ақ.