Салт және сабақты етістіктер
Сабақтың тақырыбы : Салт және сабақты етістіктер
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімдерін жинақтау,салт, сабақты етістіктердің жасалу жолын меңгерту.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік : Оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау,сұрақ-жауап,топтастыру
Сабақтың көрнекілігі : интекрактивті слайдтар,сызбалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды түгендеп,сабаққа назарын аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру : Тест арқылы қорытындылау
1.Етістік нені білдіреді ?
А. заттың атын білдіреді
Б. заттың сапасын білдіреді
В. заттың қимылын,іс-әрекетін білдіреді
- Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ?
А. 1
Б. 4
В. 2
- Дара етістіктерді табыңдар
А. оқып отыр
Б. жүгірді
В. айтар-айтпас
- Туынды етістікті көрсет
А. пікірлесті
Б. сөйлесті
В. айтты
- Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай неше бөлінеді ?
А. 5
Б. 2
В. 3
- Болымсыз етістік жұрнақтарын тап
А. –са,-се
Б. – ма,-ме
В. –ын,-ін
- Болымды етістікті көрсет
А. жазар
Б. жазбайды
В. жазбаған
- Етістіктің сұрақтарын тап
А. кімге ? неге ?
Б. не істеді ? қайтеді ?
В. қашан ? қалай ?
- Көмекші етістікті көрсет
А. оқыды
Б. екен
В. жазды
- Күрделі етістікті тап
А. әңгімелесті
Б. айтысты
В. жығылып қалды
- Жаңа сабақ :
Мысалы : Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
(«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі)
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
(«Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңі)
Ұрлықпен мал табам деп
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады. («Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңі)
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
(«Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңі
жоқ-барды
Термек (нені ?) ертегіні
Жазбаймын (нені ?) өлеңді
Қоярсың (нені ?) өлеңді
Жоярсың (нені ?) дертті
Шабам (нені ?) ауыл(ды) ( табыс септігі жасырын түрде)
Таппай (нені ?) ой(ды) ( табыс септігі жасырын түрде)
Бұл мысалдарда қимыл,іс-әрекет тура объектіні қажет етеді.(табыс септіктегі сөзді)
Тоярсың (неге?) өзгеге
Табам (немен?) ұрлықпен
Жатады (қайда ?) үйінде
Бұл мысалдарда қимыл,іс-әрекет тура объектіні қажет етпей,басқа септіктермен байланысқа түсіп тұр.
4.Салт,сабақты етістіктерді ажыратыңдар :
Қайт,сөндір,келді,жазылды,демалды,көрісті,өсірді,кетірді,айтысты,пікірлесті,әңгіме-лесті,жарысты,тара,шеш,сана.
- Мәтінмен жұмыс : Берілген мәтінді оқып,мазмұнын баяндау.
Салт,сабақты етістіктерді табу.
Бақыт
Мен бақытты көрсем деуші едім.
Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.
Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:
— Е, азаматтар, бақытты болыңдар! — дейтін еді.
Менің бақытты көргім келді.
Күн батушы еді, шал қаракөлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңліме елең салатын қараңғылықта біртүрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара-күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен-өзім «бақыт» дейтін едім.
Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім. (Саттар Ерубаев)
- Шығармашылық жұмыс :
М.Мақатаевтың «Бақыт» өлеңін жатқа оқу
«Менің бақытты сәтім…» ойтолғау
Бақыт |
Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев |
Бақыт деген сенің бала күндерің |
- Бекіту :
Сабақты етістік Салт етістік
Тура объектіні қажет етеді |
Қимыл әрекетте тура объектіні қажет етпейтін етістік |
Заттың қимылын білдіреді Етістіктің түрі |
- Үйге : Салт,сабақты етістіктерді ақын-жазушылардың шығармаларынан тауып,жазып келу.
9.Бағалау