Мектеп тәжірибесі өзгерістерін бастар алдындағы сәттегі оның жай-күйі. Мектебім өзгерістерді неден бастауы тиіс?

Мектеп тәжірибесі өзгерістерін бастар алдындағы сәттегі оның жай-күйі. Мектебім өзгерістерді неден бастауы тиіс?

Курстың тәжірибе кезеңін өзім білім алып, еңбек ететін мектепте өткіздім. Курстас әріптестерім сияқты мектебімнің білім сапасы мен тәрбие деңгейінің жағдайы, оқу-тәрбие жұмысындағы  жетістіктер мен кемшіліктер жағдайы  толғандырды.  Сол себепті, мектепте қандай да бір өзгеріс енгізу мектептің  қазіргі жағдайына  серпіліс енгізудің бір жолы ретінде қарастыру қажет. Бұл Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бірінші күнгі мұғалімдермен кездесу кезіндегі мақсатым әрбір мұғалім өзінің жұмыс істеу   әрекетіне, сабақ беру әдістемесі мен оқушылармен қарым-қатынасына сын көзбен қарап, жетістіктерімен кемшіліктеріне саралау жүргізу. Олардың көздерін  білім беру саласына қандайда  бір өзгеріс енгізу керектігіне көз жеткізу.  Өз пәндері бойынша білім спасын көтерудің бірден-бір жол осы екенін дәлелдеу.  Біздің оқушылар қаншалықты алған білімдерін өмірде пайдалана алып жатыр. Біз  сол дағдыларды оларға бере алдық па деген сауалдар мазалады.

Бұл күні мен өзім 15 жылға жуық жұмыс істеп, орта мектепті бітірген Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте тәжірибе айының алғашқы күнін бастадым. Мектеп- 1933 жылы ашылып, 1988 жылы жаңа ғимарат салынды. 1994 жылы мектептке еліміздің даңқты батыры Малайсары аты берілді. Малайсары мектебі -80 жылдық тарихы бар, Май ауданындағы алдыңғы қатарлы мектеп. Кеңес одағы кезінде Киров орта мектебі деп аталған. Небір жаны жайсаң, еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан азаматтар білім алған киелі білім ошағы. Әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылу үстінде. Бұл өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды, оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуды, мұғалім іс әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Бүгінгі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани – адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, қоғамдық өмірге икемделген, білім және кәсіптіктің сырларын бойына мұқият сіңірген, салауатты, қоғам, мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті ұрпақ тәрбиелеу.

Әйтсе де,  бұл мектепте проблема жоқ деп айтуға болмайды. Оны мен бірінші күні мектеп әкімшілігімен кездесіп, сұхбаттасқан кезде түсіндім. Ең алдымен мектеп әкімшілігі мені мектептің бастапқы жағдайымен, мұғалім- дердің сапалық құрамымен таныстырып өтті. Мектеп әкімшілігі  мектептің даму жоспары, паспорты, РИК-83 есебі, оқыту сапасын саралайтын талдаулары мен мұғалімдердің сабақ жоспарларымен таныстырды. Барлық құжаттарды мұқият қарап шықтым.   Сұхбаттасу барысында мектептің оқу-тәрбие үдерісінде қандай өзгерістер енгізу керек екенін бір түйіп өттік. Мектеп әкімшілігінің өзгерісті неден бастау керек екенін, қандай жолмен өзгеріс енгізу жөнінде әңгімелестік. Бастысы  өзгерістер оқушылардың XXI ғасырда табысқа жету үшін қажетті білім мен дағдылардан құрастырылыу керек.  Өзгерісті енгізген уақытта  «неліктен өзгерту керек?» дегеннен бастау керек. Содан кейін «қалай өзгертеміз?», содан кейін ғана «не істеу керекпіз?» деген сауалдарға жауап іздеуіміз дұрыс екен.

Білім беру сапасы мұғалімдердің сапалық құрамына байланысты болады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін біліктілігі жоғары деңгейдегі мұғалім білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері ұстаздардың санаты мен шеберлігіне, олардың педагогикалық және кәсіби қабілеттерінен тәуелді.

Енді мектептің бастапқы жағдайын саралайық. Мектеп ұжымы 3 жылға жоспарланған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін мен білім сапасын арттыру» мәселесі бойынша жұмыс істейді. Жалпы мектептің оқу–тәрбие үдерісі барлық мектептерде сияқты Қазақстан Республикасының білім беру стандарты мен тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. Мектеп 2000 жылы Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мектептер қатарына енгізілді. Мектептің оқу-тәрбие үдерісі, материалдық-техникалық база осы сала аясында жетілідіріліп, нығайтылып келеді. Биылығы жылы мектеп Облыстық «Денсаулығы ең мықты  мектеп» сайысының лауреаты атанды.

Білім беру жүйесінің модернизациясы ауылымыздағы білім беру жүйесінің масштабтарының кеңеюі мен қолжтеміділігінің артуына үлесін қосты. Мектепке дейінгі тәрбие беру қажеттілігінен 2008 жылы 12 балаға есептелген шағын-орталық ашылды. Бүгінгі күні тәрбиеленушілер саны – 45. Жоғары деңгейлі білімнің қажеттілігінен пәндерді тереңдетіп оқитын және бейінді сыныптар ашылуда.

Биылығы жылы мектепте 27 мұғалім жұмыс істейді олардың 26 /96%/ жоғары білімді, 1/4%/ мұғалім арнаулы орта білімді. Барлығы өз пәндерінің мамандары.

Педагог кадрлардың білімділік деңгейі сапалы түрде артты. 2010 жылы 83,8 % болса, 2012, 2013 жылы 96 %-ды құрап отыр, арнаулы орта білімді мамандардың үлесі 12%-ға кеміген. Бұл көрсеткіштің оңтайлы арту себебі, мұғалімдердің жоғары оқу орындарын сырттай аяқтауы, жоғары білімді жас мамандардың келуі.

 

Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің негізгі көрсеткіші оның санаты. 2013 жылы жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі 39 %-дан 59 %-ға дейін артты. Жоғары санатты-5, бірінші-11, екінші-4, санаты жоқ-7 мұғалім.

Білім беру сапасын арттырудың басты шарттарының бірі білім беру ұйымының заманауи талаптарға сай материалдық-техникалық базамен қамтылуы, абаттандырудың барлық түрлерінің болуы.

Мектепте бір медициналық кабинет, психологиялық сауықтыру кабинеті, екі компьютерлік кабинет (10+1), бір спортзал, бір қазақша күрес залы, 100 орындық асхана, тренажер залы, жабдықталған химия кабинеті, екі шеберхана, тир, мұражай, 20 сынып кабинеттері, мүльтимедиялық кабинет (16+1), өзін-өзі тану кабинеті жұмыс істейді.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Мектептің компьютерлік паркі 39 компьютермен жабдықталған. 11 компьютер 3 мегабайттық жылдамтықтағы CDMA EVDO тәсілімен интернет желісіне қосылған. Қазіргі кезде  бір компьютерге шаққанда 3 оқушыдан келеді. Кең жолақты Megaline интернетінің болмауы онлайн режимінде жұмыс істеуге кедергі болып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек.  Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», — деген.

Сапалы білім берудің бағыттарының бірі болып мұғалімдер біліктілігін көтеру жұмысы болып табылады. 2011-2013 жылдар аралығында 100% мұғалім түрлі тақырыптардағы білімдерін жетілдірді. Оның ішінде жаңа форматтағы ІІІ деңгейдегі курсты 2 /7%/ мұғалім өтті. Оқыту үдерісінде интербелсенді тақта, мультимедиялық кабинетті тиімді пайдалану мақсатында 24 /92%/ мұғалім  курстан өтті.

Педагог кадрлардың кәсіби деңгейі бойынша мәлімет
Барлық курстан өткенісаны%
ЖКБАРИ өткені (республ.)27
Обл БAИ (пән бойынша)2592,5
12 жылдық білім беру мәселесі415
Авторлық  курстар27
Оқу-тәрбие үрдісін басқару518,5
Психолог13,5
Компьютерлік сауаттылық бойынша (семинар)2281
Жаңа фоматтағы курстар (3 деңгей)27

Мұғалімдердің еңбек өтіліне байланысты құрамы 2012 жылы былтырғы жылдармен салыстырғанда келесідей: 0- 8 жылға дейінгі еңбек өтілі бар мұғалімдердің үлесі 33 % (2012,2013 жыл) бірқалыпты; 9-дан 20 жылға дейінгі мұғалімдердің үлесі 25 %-дан (2012 жыл) 37%-ге (2013 жыл) дейін артқан; еңбек өтілі 20 жылдан жоғары мұғалімдердің үлесі 40%-дан (2012 жыл) 29%-ға (2012 жыл) дейін азайған. Бұған себеп, мектепке жылда жас мамандардың келуі.

Мұғалімдердің сапалық көрсеткіштері жоғарылады: облыстық, аудандық олимпиадаларға қатысу (2010-8, оның ішінде облыстық олимпиадада 3-орын, 2011-7, оның ішінде аудандық олимипадада 3 жүлделі орын, облыстық олимпиадада 3-орын, 2012 жылы-6, оның ішінде аудандықта 2 жүлделі орын, облыстық олимпиадада 1 қатысушы), ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (2010-6, 2011-5, 2012-6), республикалық әдістемелік журналдарға мақалалардың басылып шығуы (2010-1, 2011-3, 2012-4, 2013-2), бастапқы әскери дайындық мұғалімі облыстық сайыстың 1-орын (2012 жыл), бастауыш сынып мүғалімі Облыстық педагогикалық оқуларының 3-орын (2013 жыл), қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ертіс өңірінің компоненті облыстық сайсының 3-орын (2013 жыл) иегері атанды. Жалпы үш жылда түрлі облыстық, аудандық әдістемелік, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары- 12.

Мектепте Қазақстан Республикасының Білім заңына сәйкес білім беру үрдісі үш сатыда жүргізіледі. 14 класс-комплект, 15 класс, 1 / 9-10 орыс кл./ шағын біріктірілген сыныптар арқылы оқушылар бір аусымда білім алады. Бастауыш саты 1-4 сынып -51 оқушы, негізгі саты 5-9 сынып – 55 оқушы, орта білім беру сатысы 10-11 сыныптар -6 оқушы. Жалпы оқушылар саны -100. Мектепалды даярлық тобында 16 бала тәрбие алады. Облыстық психолого- медико-педагогикалық  кеңес қорытындысы негізінде 13 оқушы арнайы бағдарламамен, бір оқушы үйде жеке оқытылады. Жылдан-жылға мектеп оқушыларының контингенті демографиялық жағдайға байланысты азайып отыр. Сыныптардағы толымдылық — орта есеппен алғанда 7 оқушы.

 

Білім сапасы: 1-4 сыныптарда — 53%, 5-9 — сыныптарда 48%, 10-11 сыныптарда — 66%, мектеп бойынша 42%. Білім сапасының өсуіне қарамастан, сапа қатерлі деңгейде.

2010-20112011-20122012-2013
ЕкпіндіҮздікЕкпіндіҮздікЕкпіндіҮздік
1-4 сынып14811111310
5-9 сынып243193173
10-11 сынып313210
Барлығы421233163113

Қорытынды аттестаттауды ҰБТ нысанында тапсыруға өтініш берушілердің үлесі жылдан жылға артып келеді. Бұл оқушылардың келесі деңгейлерде білім алуға құштарлығының, оладың таңдау еркіндігінің бұзылмағандығын білдіреді. Мекеп үшін ҰБТ ортақ ұпай бойынша динамикасы оңтайлы деңгейде. 2010-2011 оқу жылы -81,3, 2011-2012 оқу жылы- 76 болса, 2012-2013 оқу жылында- 83 ұпайды құрайды, динамика ,+7.

  • жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша сапалық көрсеткіштер:ҰБТ ортақ ұпайының 81,3 –тен 83-ке артуы;1 оқушы 100-ден артық ұпай жинады.

2013 жылы 9 сыныпты аяқтаған 14 оқушы. Оқушылардың жалпы санынан оқуды жалғастырғаны – 14, оның ішінде күндізгі жалпы орта білім беретін мектепте–4(28%) оқушы, Назарбаев зияткерлік мектебінде-1(7%) оқушы, колледждерге түскені -9(64%) оқушы. 11 сыныпты 4 оқушы аяқтады. Оқуға түскені – 4 (100%), оның ішінде ЖОО – 2 (50%), колледж – 2(50%), мемлекеттік грант иегері–1, бюджеттік негізде колледжге түскен – 2. Мектеп бойынша  мектеп түлектерінің барлығы жоғары оқу орындары мен колледждерге 100% ораналасқан.

Жыл жетістігіне орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен облыстық пән олимпиадасында жүлделі ІІ орынды (Ронде К. 9 сынып), облыстық күзгі кросста І орынды (Жакенова С. 9 сынып), облыстық жазғы спартакиадада жеңіл атлетикадан, ядро лақтырудан ІІ, ІІІ орынды (Жакенова С. 9 сынып) атап айтуға болады. Аудандық пән олимпиадасында мектептен 5 оқушы қатысты, 3-орын–2 оқушы, 1-орын – 1 оқушы иеленді. Облыстық лингвистикалық олимпиада 3-орын,  облыстық мини-олимпиада 3-орын, «Жарқын болашақ» олимпиадасында 2-орын, облыстық шығарма сайысында 3- орын, KATEV олимпиадасының аудандық кезеңінде 3-орын, Облыстық интеллектуалдық марафонның 3-орын жүлдегерлері 10 оқушы, «Русский медвежонок» халықаралық лингвистикалық ойынының 1,3- орын жүлдегерлері 3 оқушы, Халықаралық «British Buldog» сайысының 1,2- орын жеңімпазы 3 оқушы.

Спорттық жарыстарда мектебіміздің волейбол командасы 2 орын, жеңіл атлетикадан 2 орын, шахмат, тоғыз құмалақ 3 орын, күзгі кросс 3 орын, баскетболдан 2 орын, шаңғы 3 орын, қысқы президенттік көпсайыс – 3 орын. жазғы оқушылар спартакиадасында І орын, әскери спорттық ойындардың 3- орын иегерлері. Жеңіл атлетикадан бір оқушы облыс чемпионы, Облыстық жазғы спартакиадада бір оқушы 2-3 орын иегері.

Оқушыладың дарындылығын дамытудың бір жолы оларды ғылыми-зерттеушілік жұмысқа жұмылдыру. Мектепте дарынды балалармен жұмыс істеу орталығы бар. Онда 15-ке жуық оқушы түрлі тақырыптарда ғылыми жұмыстармен айналысады. Аудандық ғылыми жоба сайысына 3 оқушы қатысты.

100 оқушының ата-ана саны- 74. Барлық оқушы ата-ана қолында тәрбиеленеді. Толық емес отбасы — аз қамтамасыз етілген отбасы-17.

Ата-аналардың ішінде жоғары білімдісі -12 (16%),арнаулы орта 9(12%), жұмыс істейтіндері-38 (51%), жұмыссыздары-36 (48%). Ата-аналар үшін тоқсанына 1 рет ата-аналар жиналысы өткізіледі, ата-аналар комитеті жұмыс істейді. Одан басқа кезде ата-аналар мектепке бас сұқпайды. Ата-аналар жиналысына 50%-70% ата-аналар мүлде келмейді. Міне, мектептің жағдайы осындай. Бір қарағанда жаман емес сияқты. Бірақ деңгейлік курстан өткен мұғалімнің көзқарасымен қарасақ, хал-жағдай соншалықты жақсы емес деп айтуға болады. Мектепке оң өзгерістер қажет-ақ. Өзгерісті неден бастау керек? Мектеп әкімшілігімен сұхбаттасу барысында мектеп мұғалімдерінің әркім өз бетімен, өздерінің жеке-дара, бір реттік жетістіктеріне мәз болып жүрген мұғалімдер бар екенін түсіндім. Ондай мұғалімдер өзім білсем болды, басқада шаруам жоқ дегендер. Кейбір мұғалімдер ананы бір түртіп, мынаны бір көріп, жүрдім-бардым істеп жүргендер. Әйтеуір сабақты жүргізссем, күн өтсе, еңбек алсам болды дегендер де бар. Мектеп әкімшілігі мұғалімдердің сапалық құрамы мен біліктілігін арттыру жұмысына көңіл бөлетіні көрінеді. Жаңа форматтағы курсқа барасыздар ма деген сауалға 24 мұғалімнің 3-уі ғана биыл дайын екендігін, 10 мұғалім отбасы жағдайына байланысты биыл бара алмайтындарын, 2 мұғалім зейнеткерлікке шығатындарын айтып ақталса,  9 мұғалім мүлде баруға дайын емес екенін айтты. Бірақ 100% мұғалім оқу-тәрбие үдерсіне  өзгеріс енгізу керектігін мойындап, түсінеді. Бұның өзі қуантарлық жағдай. Себебі, педагогикалық ұжым оқушының тұлға ретінде   дамуына, алған білімін өмірде қолданып, функционалдық сауттылығын  арттыруға қызмет ету керек. Сонымен қатар, мұғалімдердің 50% желілік қоғамдастыққа кіріп, өзгеріс енгізуге  ниетті екендерін білдірді.

Оқушы мен ата-аналардан сауалнама алынды. Бірақ, сауалнама жауаптары объективті болды деп айта алмаймын. Себебі, сауалнама жауаптарында ата-ана да, оқушы да мектепте бәрі жақсы, мұғалімдер сабақты жақсы береді, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланады делінген. Менің ойымша, ауылдың адамдары болғансын ба, әлде қазақшылыққа салынып, көңілі қалмасын деп пе бәрі жақсы деп жазған ғой. Дегенмен де, менде ата-ана мен оқушыда жағдайға, өмірге, оқу үдерісіне деген сындарлы пікір мен жағдаятты әділ бағалау дағдысы қалыптаспаған ба деген ой келді. Сондықтан, мектептегі өзгерісті оқу-тәрбие үдерісінде мұғалім, ата-ана, оқушы қоғамдастығын сындарлы оқыту әдіснамасы мен оқыту үшін бағалау қағидаттарымен таныстыру қажеттілігін түсіндім.

Мәліметтерді саралай келе, бірінші мәселе білім сапасының төмендігі. Білімді беріп отырған — мұғалім. Мұғалім баланы нені?, қандай әдіспен?, не? оқытып отыр соны анықтау жөн сияқты. Яғни, өзгерісті мұғалімінің оқыту әдістемесінен бастау керек. Оқыту үдерісінде  оқытудың 7 модулін пайдалану, әсіресе біздің мұғалімдер шошитын АКТ-ны пайдалану заман талабы. Мектепте мультимедиялық кабинет, интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалану нашар. Мұғалімдердің оларды қолдануға құлқы жоқ. Себебі, көбі дәстүрлі сабақ өткізуге жандары құмар. Менің ойымша, мектеп мұғалімдері сабақ беруді бос сөз ретінде емес, бала тақырыпты түсінбесе, онда ол мұғалімнің іс-әрекетінің жүйелі еместігін түсінуі, оқушы мен мұғалім арасында жақын арадағы даму аймақ ортасын сәтті ұйымдастыруы, бірі-біріне деген сенімділік ортасын құруы керек. Бала бойында өзіне деген сенімділік дәнін себу. Оқыту үдерісінде сабақ беру әдіс-тәсілдерін оңтайландыру қажет. Мектептегі мұғалімдердің сабақ беру әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдануына өзгеріс енгізу керек. Сонда пән бойынша білім сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Оқушыларды алған білімдерін бағалауға дағдыландыру керек. Өзгерісті оқытудағы бағалау мен оқыту әдіс-тәсілінен бастау қажет.