Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Сынып: 10Б
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері: 1. Топтық жұмыстарға дағдыландыру;
2. Мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жүргізу;
3. Сыни ойлауға үйрете отырып, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: “Топтастыру стратегиясы”, “Ойтолғау”, “Сатылай кешенді талдау”
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыстарға бейімделеді;
2. Іскерлік қабілеттері дамыған , сауатты тұлға дайындалады;
3. Бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.
Ресурстар: Интерактивті тақтадағы слайдтар, тапсырмалар, ватман, маркер.
Ұйымдастыру кезеңі: Мақсаты: тұлғааралық байланысты орнату; Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында “Шаттық шеңберін” өткізу, топқа бөлу
Тұсаукесер кезеңі:Мақсаты: Қызығушылық пен назарға қол жеткізу, үй тапсырмасын тексеру. Қолданылатын стратегиялар: “Ыстық орындық”, “Қорапшадағы сұрақтар”
Негізгі бөлім: Мақсаты: назар аудару және түсіндіру; оқушыларды бақылау жүргізу мен қорытынды шығаруға жетелеу; қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, жеке оқушыларға көмек көрсетуге қатысу.
Қолданылатын стратегиялар: “Миға шабуыл”, “Мағынаны тану”, : “Топтастыру ”, “Сатылай кешенді талдау сергіту сәті т.б.
Қорытынды кезең: Мақсаты: сабақтың басты сәттерін анықтау; сабақ қорытындысы мен түсіну дәрежесін, меңгеруін бағалау; қосымша проблемалар туралы әңгімелесу.
Қолданылатын стратегиялар: “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Сұрақтары бар қорап”, “Басбармақ” т.б.
Жаңа сабақ: Хабарландыру — белгілі бір шараның болатындығын хабарлау, уақыты, орны, болатын шара, ұйымдастырушысы көрсетіледі. Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері :
1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда — күн тәртібі толық.
2.Мәдени шараларға хабарландыруда — бағдарламасы ұсынылады.
3.Тендерге хабарландыруда – шарттары ұсынылады.
4.Вакансияға хабарландыруда – жұмыс орнына тиісті талаптар.
Жарнама. Жарнама сөзі латынның “рекламо — айқайлау” деген мағынаны білдіреді. Жарнама – ақпарат беру құралы.
Жарнама – тұтынушыларға, тауарға, фирма қызметіне деген қызығушылығын артыру мақсатындағы оларға арналған үндеу.
Жарнаманың қызметі:
- Тауардың өтімділігін арттыру;
- Коммерциялық мақсатта;
- Жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар ету;
- Тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Жарнаманың ерекшелігі:
- Насихаттылығы;
- Тартымдылығы;
- Дәлдігі;
- Түсініктілігі;
- Тосындылығы;
- Көркемділігі;
- Мазмұндылығы.
Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық- анықтамалық іс қағазының бір түрі.
Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:
- Құжат аты;
- Негізгі мәтін;
3.Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет;
- Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;
- Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анық-
тама беруші адамның қолы.
Тапсырма №1
1-топ
- Хабарландыру жазу.
2-топ
Жарнама жасау.
3-топ
Анықтама жазу.
Не жарнамаланады? | Кімге арналады? | Қандай мақсатта беріледі? | Қайда орналастырылады? |
Тауарды, идеяны, мекемені, заңды не жеке тұлға қызметін | Халыққа, мүдделі топтар мен заңды тұлғаларға | Ақпараттық Сендірушілік Ескертушілік | БАҚ, арнайы орындарда, көліктерде, т.б. |
Анықтама.
Осы анықтама Болатова Анель Қанатқызының Н.К.Крупская атындағы орта мектебінің 9 “б” сыныбында оқитынын растайды.
Анықтама әкесінің жұмыс орнына қажет үшін берілді.
Анықтама 2014 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды.
Мектеп директоры _________________ К.Б.Абдигожина.
(қолы)
Хабарландыру
22 ақпан күні, сағат 11.30-да “Жас жол инспекторлар” сайысы
болады. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысады.
Сайыс түрлері:
- Сапта тұру (форма, эмблема, шеврон, т.б.)
- Жол тәртібі ережесі
- Жас пропагандист.(газет, макет, альбом)
- Қауіпсіз дөңгелек
- Жас бағдарлаушы
- Жас корреспондент (эссе)
- Жас санитар
- Командирлер сайысы
- Агитбригада сайысы (көрініс 10-20 мин)
Ұйымдастырушы: Ә.А.Байжұманова
«Полиглот» ойыны.
Арыз —————заявление ————statement
Куәлік ————удостоверение ——certificate
Анықтама ——справка—————- reference
Түсінікхат ——-объяснительное письмо ———explanation letter
Сенімхат ———довереность power ———of attorney
Мінездеме—— характеристика ————-сharacteristic
Хаттама ———-протокол ———————-protocol
1-топ. Сатылай кешенді талдау жүргізу.
1.Өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолданылу аясы болады. Іс қағаздарының міндеті-барлық адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау нақты жөн көрсету.
2.Түрлері: Анықтама, жарнама, сенімхат, қолхат, түсініктеме, хабарландыру, мәлімдеме, сұраныс, мінездеме.
3.Қолдану аясы: Мекеме, ұжым, фирмаларда
4.Қолдану түрі: жазбаша, ауызша
5.Адам өміріндегі маңызы: Іс-әрекеттің дұрыс, дер кезінде іске асуы, мазмұнының дәл баяндалуына байланысты.
6.Құрылысы: Белгілі бір тәртіппен рет бойынша ұйымдастырылады.
7.Жазудағы талап: Мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынды.
8.Міндеті: Адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау.
9.Стиьдік ерекшелігі: Мәтін баяндау түрде келеді. Экспрессифті сөздер қатыспайды. Өте жинақты келеді. Инверцияға өте сирек ұшырасады.
10.Белгісі: Ресмилік, бірізділік.
11.Цифрлардың қолданылуы: Қағаздың басында, соңында
мерзімі міндетті түрде араб цифрымен көрсетіледі.
12.Нәтижесі: Стильден хабардар адам сауатты жаза алады.
13.Қорытынды: Сауатты адам-елдің болашағы.
2-топ. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз.
- Анықтама * Керекті нәрселер туралы қысқаша
мәлімет алатын жер.
- Анықтама бюросы * Жеке басты растайтын құжат.
- Мекенжай * Мекеме мөрі қойылатын жер.
- Мөр орны * Құжатта көрсетілген мәліметтің иесі.
- Әуежай * Фактіні дәлелдейтін, растайтын құжат.
- Жеке куәлік * Қоныс, тұрақ, орын.
- Анықтама иесі * Ұшақтар ұшып, қонатын жер.
3-топ. Сөйлемдерді дұрыс қарастырыңыз
- Қазақстан Республикасы Халық банкісінің /№ 154448 филиалында/ жетекші маман/болып қызмет істейді/Ақжолова Айман Ниязбекқызы. 2. Анықтама/Ішкі істер бөліміне/Әуезов аудандық/тапсыру үшін/Алматы қаласы/берілді. 3. Анықтама/1 айға/бастап/күннен/дейін/жарамды/берілген.
Анықтама.
Ақжолова Айман Ниязбекқызы Қазақстан Республикасы Халық банкісінің № 154448 филиалында жетекші маман болып қызмет істейді .
Анықтама Алматы қаласы, Әуезов аудандық Ішкі істер бөліміне тапсыру үшін берілді.
Анықтама берілген күннен бастап, 1 айға дейін жарамды.
Жаңа сабақты бекіту:
Тест.
- Анықтама — … құжат.
а) өкілеттік
ә) ұйымдық
б) анықтамалық-ақпараттық
в) дұрыс жауап жоқ
- Анықтамаға … қолы қойылады.
а) анықтама иесінің
ә) жазылған мәліметтің растығына жауапты қызметкердің
б) хатшының
в) дұрыс жауап жоқ
- Анықтама … үшін беріледі.
а) фактіні растау
ә) ұйымдастыру
б) жүзеге асыру
в) хабарласу
- Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
а) жарайды
ә) жарайтын шығар
б) дейін жарамды
в) жарап жүр
- Анықтама Бостандық аудандық оқу бөлімі… тапсыру үшін берілді.
а) -ға
ә) -ге
б) –не
в) -на
- Берілген күннен бастап 3 ай… дейін жарамды.
а) -мен
ә) -да
б) -та
в) –ға
- Дұрыс аударылған тіркес:
а) просить справку – анықтама бойынша
ә) просить справку – анықтама сұрау
б) просить справку – анықтама беру
в) просить справку – анықтама алу
- Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
а) берілген кезден
ә) берілген күннен бастап
б) берілген кезден бастап
в) берілген уақытынан
- Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
а) тапсыру үшін берілді
ә) тапсырып жүр
б) тапсырып жатыр
в) тапсырғалы отыр
- Белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын құжат –
а) мақала
ә) өмірбаян
б) анықтама
в) дұрыс жауап жоқ
Үйге тапсырма :
“Ескі мен жаңа – уақыт таңдауы”(электронды) атты тақырыпта ойтолғау жазу.
Бағалау кезеңі:
Бағалау парақтарын алып бағалау.
Рефлексия
Стикерлерге өткізілген сабақ барысындағы ойларын жазу