Жуан және жіңішке дауыстылар

Сабақтың  тақырыбы :                Жуан және жіңішке дауыстылар

Сабақтың мақсаты :

а)  Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар болып бөлінетіндігін түсіндіру ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,плакат

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,орыс тілі

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Қазақ тілінде неше әріп бар?

3.Дауысты дыбыс дегеніміз не?

б) Жаңа сабақтытүсіндіру:

  Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауытылар дейміз:а,о,ұ,ы,у.

Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз:ә,ү,ө,і,е,э,й,у.

 

Жаттығумен жұмыс : 240-жаттығу. Жуан дауысты сөздердің астын бір,жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі сыз.

 

Топпен жұмыс: Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөзді бір бағанға,жіңішке у дыбысыв бар сөзді бекінші бағанға теріп жазыңдар.

Ашу,көну,білу,айту,бару,жазу,кебу,кезу,ілу,қу т.б.

Тақтамен жұмыс: Сөздерді математикалық тәсілмен талдайды.    

 

3 (ә,і,и)

                  6

3∆ (л,п,б)

 

Білімді бекіту: 1.Жуан дауыстыдыбыстар дегеніміз не?

2.Жіңішке дауысты дыбыстар қалай жасалады?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың Жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: 142-жаттығу.