Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың  тақырыбы :                              Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;

ә)  Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету, туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) өз ісіне ұқыпты,мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі :                               баяндау,мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі :                   түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу

Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

 

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының негізгі рәміздерінің бірі.Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік төрт бұрышты кездеме.Оның ортасында арайлы күн,күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.Күн,арай,қыран және ою-өрнек – алтын түсті.Тудың ені ұзындығының жартысына тең.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Тудағы көк түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын,асқақтығын көрсетеді.нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықтыбейнелейді.Күн-қозғалыс,даму,өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі.Қанатын жайған қыран құс-бар нәрсенің бастауындай,билік айбындылық бенесі.Ұлан-байтақ кеңістікте  қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын,Қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.

 

Сабақ соңында дәптерлерін жинап аламын.

 

Үйге тапсырма : ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы оқып келуге беремін.