Сөздің қолдану өрісіне байланысты түрлері

Сабақтың  тақырыбы :            Сөздің қолдану өрісіне байланысты түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың лексика тарауы бойынша түсінігін кеңейту,қазақ тілінің сөздік құрамы туралы түсінік беру,меңгерту ;

ә)  Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын сөздік қорын молайту ;

б) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі :                  ребустар,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.                               

                                   ә) Үй тапсырмасын пысықтау : 

  Үйге берілген тапсырма еркін тақырып бйынша әңгіме жасау.Оқушылардың әңгміелерін оқытамын.Сөздік қордан өткенді қайталау үшін пысықтауға арналған сұрақтар.

1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай?т.б.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс-жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді.

Шығармашылық жұмыс: 144-жаттығу.

1.Қыс суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар.

2.Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау,сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады.Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.

 

Жеке оқушылармен жұмыс: Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап,сонан соң сөйлем құрап жазыңдар.

 

1.Мен жаз өзен көп шомыл

2.Біз ауыл маңы ағаш қалың өс.

 

Білімді бекіту:Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тереңдету әрі тиянақтау мақсатында пысықтауға арналған сұрақтар мен үлестірмелі кеспе қағаздар таратамын.

 

Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :145-жаттығу.