Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері

Сабақтың  тақырыбы :        Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері

 

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә)  Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту  ;

б)  Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

   Өткен сабақты еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Лексика нені қарастырады?

2.тарихи сөздер дегеніміз не?

3.Жаңа сөздер дегеніміз не?

 

                                   б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Қазақ тіліндегі сөздер қолдану өрісі жағынан әр түрлі болып келеді.

Қазақ тілінің лексикасы 1.Жалпылама лексика. 2.қолдану өрісі тар лексика

 

Жаттығумен жұмыс :169-жаттығу. Төмендегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай топ-топқа бөліп жазыңдар.  Дәмді білдіретін сөздер : тәтті,дәмді,ащы,тұщы,тұзды,кермек т.б.

 

Білімді бекіту : 1.Сөздер жасалу өрісіне қарай нешеге бөлінеді?

2.Қолдану өрісі тар лексика нешеге бөлінеді?

3.Кәсіби лексика дегеніміз не?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 170-жаттығу.