Сабақтың тақырыбы : Кәсіби сөздер
Сабақтың тақырыбы : Кәсіби сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;
б) тәрбиелік – ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Татулық – табылмас бақыт
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін
1.диалект дегеніміз не? 2.кірме сөздер дегеніміз не ?
3.жалпылама лексика дегеніміз не ? 4.табу дегеніміз не?
5.эвфмизм дегеніміз не ? 6.дисфемизм дегеніміз не ?
7.лексика нені зерттейді ? 8.антонимдер дегеніміз не?
9.синонимдер дегеніміз не ? 10.омонимдер дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.
- Қолөнершілікке ( ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. ) қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
- Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы ) 2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота. 3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.
Жаттығумен жұмыс : 193 – жаттығу. Мәтіннен ұсталық кәсіпке қатысты сөздерді теріп жазыңдар
Топпен жұмыс : сынып оқушыларын үш топқа бөлемін.1-топ.Ауыл шаруашылығы кәсібімен байланысты алты сөз жазады. 2-топ.Мал кәсібімен байланысты алты сөз.3-топ.Аңшылық кәсібімен байланысты алты сөз
Білімді бекіту : Бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 1.Кәсіби сөз дегеніміз не? 2.Кәсіби сөз қандай лексикаға кіреді?
Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 195-жатығу.