Мәтінмен жұмыс

Сабақтың  тақырыбы :                   Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу  ,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі :                   суреттер т.б.

Халықтық педагогика                    сақтықта қорлық жоқ.

элементтерін қолдану :                   

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дауысты дыбыс дегеніміз не?

2.Дауысты дыбыстар  тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

3.Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Көп нүктенің орнына жіңішке дауыстылардың тиістісін қойыңдар.

Б… р жарлы шал есг … не м .. н .. п келе жатыр ед …  Олар шалды   … жуалап, мазақ етк … пе …р … кел … п :

—  Ата, неге есег ..ң..зд … өлең айтуға үйретт … ң … з? депті. –Есег..м  …лең айтпайды.Сендердей жақсы жолдасын к…рген соң қуанғаннан бақырады,-депт…

 

Топпен жұмыс : Мына сөздермен сөз тіркестерін құрыңдар.

бала

бала

әдепті                                               әдепсіз

 

ниет

 

 

ізетті                                                      ізгілік

 

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Егер де мен …» тақырыбына мәтін жазып келу.