Қазақ әліпбиі
Сабақтың тақырыбы : Қазақ әліпбиі
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;
б) Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика нақыл сөздер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар үлестіріп беріп жауавп талап етемін
1.Қазақ тілінде неше әріп бар?
2.Әріп дегеніміз не?
3.Неше дыбыс бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Әліпби сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі-алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған.Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.Әліпбидегі көрсетілген таңбалар-әріптер.Әріп-дыбыстың жазудағы таңбасы.
Жаттығумен жұмыс :237-жаттығу.Сөздерді әліпби тәртібімен теріп жазыңдар.
Кім айта алар екен? ойыны
1.Мынадай дауысты дыбыс әріптері:иуа,үу,уә,әуі қандай сөздерде қатар еле алады?Ондай сөздер көп пе?
2.Ішінде Һ бар бірнеше сөз ойлап жазыңдар.Кім көп сөз тауып жаза алар екен?
Білімді бекіту : 1.Латын тіліне қай жылы көшті?
2.Әліпби деген сөз қай елден келген?
3.Кирилицаға қай жылы көшті?
Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 238-жаттығу.