Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

 Сабақтың тақырыбы:             Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:          білімділік –оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету

салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;

                                        тәрбиелік; — ана тілін  ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу;

                                           дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте,тірек сызба,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,іздендіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,бейнелеу,математика.

Сабақтың түрі:шығармашылық ізденіс.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру.Оқытудың қолайлы жағдайларын жарату,үй тапсырмасын сұрау.

«Ынта» тобы.Оқушылық деңгей.

Зымыран сұрақтар

1.Тұрақты тіркес деген не?

2.Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?

3.Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?

4.Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?

5.Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?

6.Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?

7.Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?

«Жігер» тобы.Суреттерге қарап(қас,көз,құлақ,мұрын)тұрақты тіркестер табу.

«Дарын» тобы.Шығармашылық деңгей.Кестені толтыру.

Тұрақты тіркестерМағынаСұрақтар
Тілі шығу

Ит арқасы қиянда

………………….

 …………………

Таяқ тастам

 ……………….

Қоян жүрек

Сөйлеу

 ………….

Қуану

…………..

…………..

Жылдам

 …………

Не істеу?

 …………..

 ……………

Қандай?

  …………

  …………..

  …………..

 

Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп,ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.

Білімқымбат,білу қиын.

                Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

               Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

— Балалар,бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады.Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы …

— Мақал-мәтелдер.

— Дұрыс,балалар,олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініпалыңдар.Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыс жүргіземіз.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы.Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі – мақал» деп тегін айтылмаған.Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды,көркем әрі бейнелі болады.Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

   салыстыру
Ой тиянақты,

дәлелді

     екі бөлім
     аяқталған

сөйлем

Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге,ақыл ретінде қысқа қайырып,көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанмен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да,құрлымы жағынан да байқалады.

  топшылау
Мағына тұспалды
  Қорытынды пікір,дәлелдеу жоқ
  Сөйлем немесе сөз тіркесі

Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз.оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады.Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді.Яғни киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты.Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді.Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені,»Еменнің иілгені – сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз.Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшылап,болжам ретінде түсіндіретін,сөйлем түрінде де,сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ.Оны,бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды.Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан.Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.

Мақал-мәтелдерТақырыптары
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

Денсаулық – зор байлық

. . .

Досы көпті жау алмайды, . . .

 . . .

Ата көрген оқ жонар

. . .

Ерді намыс өлтіреді, . . .

. . .

Өнер – білім

. . .

Еңбек

. . .

Ынтымақ,бірлік

. . .

 

1.Мақал деген не?

2.Мәтел деген не?

3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?

4.Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата.

5.Мақал мен мәтелдің құрлымы жағынан айырмашылықтарын ата.?

133-жаттығу.Ауызша.Мақалдарды оқып,ағынасын түсіндіру.Епті,есті сөздерінің мағынасын түсіндіру.

«Ынта» тобы. Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып.баған түрінде жазу (Кестемен жұмыс).

«Жігер» тобы. Құрамында сан есім бар 10 мақал жазу.

«Дарын» тобы. 134-жаттығу.Суретке қарап мәтін құру.

Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма.  «Ынта» тобы: 135-жаттығу.Көшіріп жазу.

«Жігер» тобы: Ата-ана туралы 12 мақал-мәтел жазып келу.

«Дарын» тобы: «Жеті атасын білген – ер …» тақырыбына мәтін құру.