Буын және оның түрлері
Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: 1) сөздерді буынға бөлу,оның маңызы және буынның түрлерінің жасалу жолын үйрету;2) жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның жасалу жорлы,қызметі жайлы мағлұмат беру,буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру; 3) сөздік қорын,тілдерін дамыту,адами қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау,анализ-синтез,сұрақ-жауап.
Сабақтың жабдығы: 1) сызба кестелер; 2) суретті плакаттар; 3) қалталы және үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың құрылымы
1.Үй тапсырмасын сұрау
2.Қалталы карточкалар арқылы өткен тақырыпты пысықтау
3.Жаңа сабақты түсіндіру.ББҰ стр. Бойынша
4.Тіл дамыту. «Түлкі мен қасқыр» ертегісі
5.Әдебиет теориясы. «Ұйқас түрлері»
6.Оқулықпен жұмыс
7.Сергіту ойындары
8.Сабақты бекіту.ББҰ стратнегиясы
9.Үйге тапсырма беру
10.Оқушылар еңбегін бағалау.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын пысықтау
1.Жаттығуды пысықтау
2.Сол жаттығудағы сөздер арқылы теориялық тақырыпты пысықтау.Қалталы кестеге дауыссыз дыбыстар мен дауысты дыбыстарды жіктеу.
3.Теориялық сұрақтар
* Дауысты дыбыстардың жіктелуі
* Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Кілтті сөз. «Буын»ББҰ стратегиясы қолданылады.
Карточкалар таратылады.
Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені үйретеді?
Бірінші сұрақ бойынша бастауыштан алған білімдері сараланады.
Оқушылардың ойы талданады.
Сабақ бекітіледі.
Қалталы карточкадағы әріптермен буын құрап көреді.
Ба-қыт-ты ба-ла-лық шақ.
Осы тіркесті оқушылардың өздеріне буынға бөлгізу.Бөлшекке бөлгізу,сол арқылы буын туралы түсінік беру. Дыбыс/Фонема.Оның ішінде дауысты дыбыстар қызметін еске түсіру.
Үш топқа бөлінеді.Естілуі жағынан 6 шағын топқа бөлініп тұр.Буын – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Ескерту.
1.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
2.Сөзде қанша дауысты дыбыс,сонша буын болады.
Буындардың жасалу жолына көңіл бөлу. ВА,ВАВ,ВА ВА,ВА,ВАВ,ВАВ
В дауыссыз дыбыс А дауысты дыбыс деп ойлайық.
Оқушылар өздері жазады. Осы сызба нені білдіреді деп ойлайсыңдар? Бұл арқылы нені түсіндіруге болады?
Буынның түрлері.
Тақтаға кесте ілініп,буынның түрлері түсіндіріледі.
Дәптерге жазып алады.
Балалар осы буындардан сөз құрауға бола ма?
Көк-ше-тау.
- Біздің туған өлкеміз – Көкшетау.
- Көкшетаудың табиғаты қандай?
Оқушылардың пікірін тыңдап алғаннан кейін магнитофоннан Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
поэмасынан үзінді тыңдалады.
Тапсырма
Өлеңнен жер,су аттарын теріп жазып алу.
Сөздеріне мән беріп отыру.
Са)ры)ар)қа – Сар)ар)қа сөздерінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды ұғындыру.
Балалар,жаңа Көкшетауда қандай аңдар,жан-жануарлар мекендейді.
Бұғы,марал,түлкі,қасқыр т.б.
Түлкі қандай аң? жыртқыш
Қасқыр қандай аң?
Ертегілерде,мысалдарда адамдардың қасиеттері қалай бейнеленеді.Мәселен: түлкі – қу,өтірікші адам,қасқыр – аңқау,қомағай.
Диафильм. «Түлкі мен қасқыр» ертегісі көрсетіліп талданады.Ертегіні оқушылар өздері аяқтайды.
(шығармашылық қасиет)
Абай өлеңі ілінеді.
Бойы бұлғаң, 4б
Сөзі жылмаң 4б
Кімді көрсем,мен сонан. 7.
Бетті бастым, 4б
Қатты састым, 4б
Тұра қаштым жалма-жан. 7б
Бұл өлеңнің жаңағы ертегімен қандай байланысы бар?
Өлеңді қалай түсіндіңдер?
Мағжан Жұмабаев өлеңімен бірге талдау.Тақтаның артына жазып қою.Талдау.
Буын түрлерін ажыратып болған соң өлеңнің ұйқасына көңіл бөлгізу.
Буынның қызметі:өлеңнің ұйқасын,ырғағынкелтіріп тұрады.
Абайға дейін жыр ұйқасы,11 буынды қара өлең ұйқасы.
Ал мына өлең Абайдың өзінің қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы екендігін түсіндіру.
Кітаппен жұмыс.
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
1 сөйлем 2 сөйлем 3 сөйлем
Сергіту ойындары.Тақтаға суреттер ілінеді.
1) Аяқта буын көп пе,қолда буын көп пе?
2) Шалда буын көп пе,балада буын көп пе?
3) а а а Бас киім малақай
а а а Құстың аты шағала
а а а Ұлттың аты қазақ
4)
— ?
- Қай буын,мысал келтір.
Сабақты бекіту ББҰ стратегиясының «үйрендім» бөлігі бойынша жауап алынады.
— Сонымен,бүгін кім не үйренді?
Оқушылар өздері жауап береді.Үлгермегені жазып береді.
Үйге тапсырма.
- 293-жаттығу (ауызша).
- 302-жаттығу (жазбаша).
- 1 шумақ буын санын келтіріп,өлең құрастыру.