Екпін. Сөз екпіні

Сабақтың  тақырыбы :       Екпін. Сөз екпіні

Сабақтың мақсаты :

 

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б)  Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,кітап

Халықтық педагогика                    Еріншек егіншіден

элементтерін қолдану :                   елгезек масақшы озыпты

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

 

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Буын үндестігі дегеніміз не?

2.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

3.Орфография дегеніміз не?

4.Орфоэпия дегеніміз не?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

 

Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін.Сөйлеп тұрғанда,бір сөз басқа сөздерге,бір буын басқа буындарға,бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті,көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

Екпін сөз екпіні,ой екпіні,тіркес екпіні,дыбыс екпіні болып бөлінеді.

 

Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін сөздің ең соңғы бөлігіне түседі.Мысалы: Үзді’к оқушыларға’ бағалы’ сыйлықта’р беріледі’.

 

Жеке оқушылармен жұмыс : Төмендегі сөздерде екпін қай буынға түсіп тұрғанын анықтаңдар.

Кәмшәт бөрік тек оның өзіне ғана арналып тігілгендей екен.

 

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау : Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 343-жаттығу.шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен?Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                    Тіркес екпіні

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,       халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі :                    кеспе қағаздар,кітап.

Халықтық педагогика                    Нақыл сөздер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Орфография дегеніміз не?

2.Орфоэпия дегеніміз не?

3.Екпін дегеніміз не?

4.Сөз екпіні дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады.Екпіннің мұндай түрі тіркес екпін деп аталады. Мысалы: тәлім-тәрбие’,ата-ана’,оқу үші’н,сен ғой’,қырық шақты’,ән са’л,көк ала’,қыпша бе’л,Абай көшесі’,ат үсті’,қас пен көздің арасында’,құлақ са’л,көп сөйледі’,тез жазды’,т.б.

Айтылуда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей,бірігіп айтылады.

 

Жаттығумен жұмыс :345-жаттығу.Үлгі-сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазыңдар.

 

Жүн-жұрқа
үйге дейін
еңбек ет
ну орман
биік шың
ұзақ сөйлесті
жүрек жұтқан

 

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : Бірнеше сөйлемдер жазып екпін қай тіркеске түсіп тұрғанын анықта