Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Сабақтың тақырыбы. Дауыссыз дыбыстардың түрлері

 

Сабақтың мақсаты: а) білімділік – ауызша,жазбаша талдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекіту,оқушыларды дұрыс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге,іздендіре отырып нәтижеге өз  беттерінше жетуге үйрету; ә) дамытушылық – дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру дағдысын қалыптастыру,дұрыс сөйлеуге машықтандыру,топпен жұмыс істеу,логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.б) тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге,білімділікке,сауаттылыққа,анасын,отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау,сұрақ-жауап,баяндау.

Көрнекілік: фрнетика саласына байланысты кесте-сызба, «Домино» ойыны, «Арқан тартыс» ойыны ..

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.                                                                    Оқушы зейінін мына өлең жолдары арқылы сабаққа аудару.

Қазақ тілі!

                    Ол менің ана тілім.

                    Ләззат-қуат

                   Сөйлессем табатыным.

                   Тізілтіп сөз маржанын

                  Жазғанымда,

                  Білем анық бағымның

                  Жанатынын.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың үйге берілген жаттығуды орындауын тексеріп шығып,екі-үш оқушыға жаттығуды оқыту.

«Арқан тартыс» ойыны арқылы оқушылардың өткен материалдарды меңгеруін қадағалау. «Тақтаға арқан орнына жіп бекітіледі де,екі оқушы шығып,екі жағында тұрып сұраққа жауап береді).

Сұрақтар

1.Фонетика не зерттейді?  2.Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?  Әріп дегеніміз не,дыбыс дгеніміз не?  3.Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?  4.Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?  5.Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 6.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?   7.Салдыр мен үннің қатысына қарай дауыссыздар нешеге бөлінеді?  8.Қатаң дауыссыздан басталып,қатаң дауыссызға аяқталатын 5 сөз айт.  9.Ұяңға аяқталатын 5 сөз айт.  10.Қатаң дауыссызға басталатын ұлттық ойындырды ата.

 

ІІІ. Жаттығу,талдау жұмыстары (өз бетінше жұмыс).

276-жаттығу.Мәтіннен қатаң дауыссыз қосымшалар әсерінен ұяңдалған сөздерді тауып жазу.

Бесік – бесігіміз,жақ – жағымыз

Ой қозғау стратегиясы.

Туған жер,атамекен туралы кім қандай өлең-жыр,мақал-мәтел бледі?

Екі оқушы шығып тақтамен жұмыс жүргізеді.

«Атамекен», «бесігіміз» сөздеріне математикалық тәсілмен мінездеме беру.

             Атамекен                                             Бесігіміз

8™ = 4£/ 2a, 2e + 4ê/т,м,к,н;              9™ = 4£/е, 3і + 5ê/б,с,г,м,з;

4ú/2а,2е                                                        4ú/е, 3і

= ?                                                            = ?

4ê/т,м,к,н;                                                5ê/б,с,г,м,з

 

 

2а – жуан                                                жуан £ ™

  1. 1. ;                               ;

2е – жіңішке                                             е, 3і — жіңіше

 

2а, 2а – ашық                                                           е — ашық

  1. ;               2.                           ;

Қысаң                                                                      3і қысаң

 

2а, 2е – езулік                                                    е,  3і — езулік

  1. ; 3.                                 ;

Еріндік £ ™                                                       Еріндік £ ™

 

4ê/т,м,к,н-?                                                         5ê/б,с,г,м,з-?

т-қатаң                                                                   с-қатаң

 

 

Ұяң ™ + м,н-үнді                                                 б,з,г – ұяң + м — үнді

 

 

Тақтадағы балалар дыбыстарды математикалық тәсілмен мінездеме беріп жатқанда басқа оқушылармен «Домино» ойыны ойналады.

 

қатаңқ, щ, сқ, с, фц, т, шч, п, х

 

  1. Шығармашылық жұмыстар.

 

Ана тақырыбында кім қандай мақал-мәтел біледі?

Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

Тақтаға ана туралы нақыл сөздер ілінеді.

Ақ  шашты ана

                           «Жастығым – балам» дейді.

                            Ақылды бала

                           «Ай-күнім – анам» дейді.

 

                            Ақ жаулығы ананың –

                           Ақ көрпесі баланың.

 

«Жастығым», «жаулығы» сөздеріне математикалық тәсілмен мінездеме беру.

 

«Кім жылдам» ойыны.

Оқушылар доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Сыныптағы есімі қатаң дыбыстан басталатын ұлдар есімін ата.
  2. Ұяң дыбыстан басталатын,бізге сабақ беретін ұстаздар есімін ата.
  3. үнді дыбыстан басталатын қыздар есімін ата.

 

  1. Бекіту.

  Кубизм стратегиясы.

«Суретте».Қатаң,ұяң,үнді дауыссыздар туралы айт.

«Салыстыр». Қатаң,ұяң, үнді дыбыстардың айырмашылығын ата.

«Зертте». Фонетика салалары туралы,дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы айт.

«Қолдан».Ана туралы бір өлеңді жатқа айт.Осы өлеңде қандай тәрбиелік мән бар?

«талда». Тақтада ілінген «Сыйынар ем ана деген тәңірге!» сөзіндегі тәңірге сөзіне математикалық мінездеме бер.

«Байланыстыр». Фонетика саласының қазақ тілінде алатын орны.

 

VI.Оқушыларды бағалау.

 

VII.Үй тапсырмасын беру.  277,278-жаттығуларды орындап келу.Бірдей дыбыстан басталатын ана тақырыбына өлең шығару.

 

VIII. Қорытынды.

 

Тоқсандық,жылдық білімдерін бақылау мақсатындағы

 тест тапсырмалары

 

Аты-жөні:

Күні:

1.Қазіргі әліпбиімізде неше әріп бар?

1) 40  2) 41  3) 42

2.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

1) Айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуын дауысты дыбыстар дейміз.

2) Айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырамай шығуынан жасалған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

3) Айтылу кезінде ауаның еркін шығуын дауысты дыбстар дейміз.

3.Жуан дауыстыларды белгіле.

1) ә,е,і,ү,у.   2) а,о,ы,ұ,у.         3) ө,э,и,у.

4.Ашық дауыстылар қайсы?

1) и,ы,і,ұ,у.  2) б,в,ғ,г,д,ж.      3) а,ә,е,э,о,ө.

  1. Еріндік дауыстыларды тап.

1) а,ә,е,э,и.     2) о,ө,ү,ұ,у.       3)т,қ,ш,ф,с.

6.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

1) екі топқа        2) үш топқа      3) төрт топқа

7.Үнді дауысыздар қайсы?

1) р,л,м,н,ң,й,у     2) т,с,ш,ф,х,ц     3) б,в,ғ,г,д,ж,һ

8.Ұяң дауыссыздан басталатын сөзді белгіле.

1) ардақты       2) биязы   3) салмақты

9.Буын дегеніміз не?

1) Буын дегеніміз бөлшектелген сөздер.

2)Буын дегеніміз дауыссыз дыбыстар қанша болса,сонша буын болады.

3) Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

10.Синонимдер дегеніміз не?

1) Мағыналары басқа-басқа сөздерді синоним дейміз.  2) Айтылуы бірдей сөздерді синоним дейміз

3)Мағыналары бір-біріне жуық,мәндес сөздерді синонимдер дейміз.

11.Антоним сөздерді белгіле.

1)қисық ағаш   2) әдемі,сүйкімді    3) жуан,жіңішке      4) барлық адам

12.Сөздің ауыспалы мағынасын тауып белгіле.

1) Солтүстіктен соққан жел күшейе түсті    2) Суық хабарды естіп,оның көңілі бұзылды

3) Суық суға дәке салып,маңдайына басты.

13.Мақалды тап.

1) Бала шаба жөнелді     2.Өткелге шешпей,етігіңді шешпе.    3) Қас қаққанша.

14.Біріккен сөзді белгіле.

1) ну орман 2) балабақша 3) ата-ана

15.Бір түбірден жасалған сөздер қайсы?

1) көр,көрген,көрер,көрмек       2) ат,арба,астық        3) бала,базар,балық

16.Синонимді тап.

1) семіз,арық        2) бес,он сегіз,жүз      3) алыс,шалғай,қашық

17.Эвфемизмді белгіле

1) қас қаққанша, су жүрек  2) сөзуар,қолды болды,қосып айту   3) өтірікші,мылжың,ұрлықшы

18.Тұрақты сөз тіркесін тап.

1) хат жазу         2) жақсы тәрбие        3) қоян жүрек

19.Дұрыс жазылған сөзді көрсет.

1) күздігүні     2) күзді гүні   3) күздікүні

20Қосымшадан тап.

1) бүркіт      2) мектептің     3) кереге.