Дд дыбысы мен әрпі
40.Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Еңбексүйгіштікке баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Бағытты айыра білу
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а/ Дд дыбысы қандай дыбыс? ә/ Дауыстап тізбектей оқыту. б/ Жеке-жеке оқыту.
ІҮ. Білімді бекіту. Тақтаға сөз жазғызу: Дд, доп, дала, доға, Дана. Сөйлем құрату. Сызбасын сызу.Далада диқан жұмыс істейді. / 4 сөзден құралған./ Айжан дәрігерге барды. Айжанның денсаулығын тексерді. Оған дәрі берді. 3. Кеспе әріптерден сөз құрау. Доп, ойна. Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Оқушының білім-білік дағдысын тексеру.а) Бұл қалай өзгерген? Дидактикалық ойын. Дос-тос, топ-доп, нар-шар.ә/ Жоқ әріпті теріп жаз. …оп, …ар, …он, …оқ. б)Дәптермен жұмыс: Берілгенді көшіріп жазу.в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата, апа, ана, ала, аға, тай, қой, тон, той.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?