Викторина «Полиглот»
Викторина «Полиглот»
Кіріспе сөз
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Өмірде адамдар тіл арқылы бір-бірімен сөйлеседі, пікір алысады. Сондықтан «Тілден асқан асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден асқан теңіз жоқ», — деп, бүгінгі викторинаға қатысатын оқушыларды шақырамыз.
1-топ. 7-сынып оқушылары «Ұлыбритания» тобы.
2-топ. 8-сынып оқушылары «Қазақстан» тобы.
Амандасу. (Екі топ өздерін таныстырады).
I-тур. Блиц турнир — Lightning tournament
Әрбір топқа қазақ тілінде 10 сұрақ, ағылшын тілінде 5 сұрақ қойылады.
«Ұлыбритания » тобына арналған сұрақтар.
- Қазақстан Республикасының рәміздері.
- Білім күні қай күн?
- «Ғылым таппай мақтанба» қай ақынның өлеңі?
- Мемлекеттік тіліміз.
- Ұлттық ойындар.
- Қазақ халқының билері.
- Ұлттық аспаптар.
- Тәуелсіздік күні.
- «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» қай өлеңнен, кім жазған?
- Тұңғыш ғарышкер.
«Қазақстан» тобына арналған сұрақтар.
- Жаз айлары.
- «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін кім жазған?
- Абай Құнанбаевтың шын аты.
- Тудың авторы.
- Елтаңбада не бейнеленген?
- «Наурыз» мерекесі қашан тойланады?
- Ұлы Отан соғысының қазақ батыр-қыздары.
- Абай Құнанбайұлын әлемге танытқан жазушы.
- Біздің мемлекетіміз қандай?
- Әнұранның әнін жазған кім?
Questions for the team “Great Britain”
- Who is a head of the government in the UK? (The Prime Minister)
- The traditional drink of British people? (tea)
- The British money. (pounds)
- . How in Russian we call the name of tale Cinderella (Золушка)
- What is the official residence of the Royal Family? (The Buckingham Palace).
Questions for the team “Kazakhstan”
- Where was the great Shakespeare born? (In Stratford-on-Avon).
- What is the most ancient monument in Great Britain? (Stonehendge)
- The favourite flower of Englishmen (rose)
- What famous and favourite almost for everyone sport created in England (football)
- Who`s the queen of UK. (Elizabeth II).
II-тур. Жұмбақтар сайысы – Riddles
Жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айту
Жұмбақтар адамның ақыл-ойын кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар тапқырлыққа, теңеп салыстыруға үйретеді.
«Ұлыбритания» тобына
- Ерте тұрады
Жар салады
(қораз-петух-rooster)
- Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса, аттама.
(кітап-книга-book)
- Біреуі – көк бала
Біреуі – қызыл бала
Біреуі – қара бала
Біреуі – сары бала
(түсті қарындаштар-цветные карандаши-coloured pencils)
«Қазақстан» тобына
- Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті қатты.
(қарбыз-арбуз-watermelon)
- Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады.
(пияз-лук-onion)
- Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(қой-баран-sheep)
“Great Britain”
- What gets wetter and wetter the more it dries?
(a towel –полотенце –сүлгі)
- I can run but not walk. Wherever I go, thought follows close behind. What am I?
(a nose –нос – мұрын)
- I’m the part of the bird that’s not in the sky. I can swim in the ocean and yet remain dry. What am I?
(a shadow – тень – көлеңке) - A very pretty thing am I, fluttering in the pale-blue sky. Delicate, fragile on the wing, indeed I am a pretty thing. What am I?
(Butterfly –бабочка –көбелек) - I am mother and father, but never birth or nurse. I’m rarely still, but I never wander. What am I?
(a tree – дерево – ағаш)
“Kazakhstan”
- I’m where yesterday follows today, and tomorrow’s in the middle. What am I?
(a dictionary-словарь – сөздік)
- All about, but cannot be seen, can be captured, cannot be held, no throat, but can be heard. What is it?
(the wind – ветер – жел)
- Until I am measured, I am not known. Yet how you miss me, when I have flown! What am I?
(time – время – уақыт)
- My tines be long, my tines be short my tines end are my first report. What am I?
(Lightning –молния-найзағай) - I can be cracked, I can be made. I can be told, I can be played. What am I?
(a joke – шутка – әзіл)
III-тур. Мақал-мәтелдер сайысы – Proverbs.
Қатысушылар мақал-мәтелді аяқтап, оның орысша мағынасын айтады.
«Ұлыбритания» тобына
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
- Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
- Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
«Қазақстан» тобына
- Күш – білімде.
- Тіл қылыштан өткір.
- Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
“Great Britain”
- A friend in need is a friend indeed
- Practice makes perfect
- It is never too late to learn
“Kazakhstan”
- East or West, home is best
- Time is money
- Lightning never strikes the same place twice
IV-тур. Үй тапсырмасы – Home task
Әр топтан бір оқушы ағылшын тілінде, екінші оқушы қазақ тілінде өлең оқиды.
V-тур.
Шағын әңгіме құрастыру.
«Менің туған жерім — Қазақстан» — “My motherland -Kazakhstan”
(ағылшын, қазақ тілдерінде)