С дыбысы мен әрпі
- Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1.С дыбысы және әрпі туралы алған білімін тиянақтау. 2. Таза, әдемі жазуға баулу.3. Сөйлем туралы білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру.1) С дыбысы қандай дыбыс? 2) С дыбысы сөздің қай жерінде жазылады.?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Құрал-саймандармен таныстыру. ә) Хормен оқыту б) С әрпіне немесе дыбысына қатысты сөз ойлату.
Ү. Жаңа білімді тексеру: 1) Тақтамен жұмыс Дос, бас, сана, маса сөзін жазғызу. 2.Саймандар не үшін керек? Саймандарды ата
ҮІ. Жаңа білімді бекіту1 Буыннан сөз құрап оқу. А-лу , тап-табу, бар-бару, бақ-бағу.
- Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша С әрпіне берілген сөз, сөйлемді жазып жаттығу.«Шынжыр» ойынын ойнату.сағат-тамақ-қарға-асыққалам-маса-Асан –нан т.б.
ҮІІ .Сабақты қортындылау: Бүгінгі сабақта не істедік?