Ы дыбысы және әрпі
48.Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1 Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау. Ы дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету. 2.Жолдастық, достыққа тәрбиелеу. 3. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ1) — Мына суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? -Ыдыс не үшін қажет?-Оларды неден жасайды? 2) -Ыдыс сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасайық
Ы- дыс
1-ші буыны-ы Ыдыс сөзінде 4 дыбыс бар.
2-ші буыны- дыс 2 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.
3) Ы дыбысын дыбыстатып, жуан дауысты дыбыс екенін аңғарту.
-ы дыбысын 3 рет айтқызу. — ы қандай дыбыс?Сөздің қай буынында жазылады.
ә) ы дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ы –бас әрпі, ы- кіші әрпі.
б) Сөздің өзгеру тәртібімен таныстыру.Қайық-қайығы. Қап-қабы. Тарақ-тарағы. Топ-тобы
в) Ыдыстарды басқа бұйымнан ажырата білуді үйрету.Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.
Ү. Жаңа білімді бекіту. . Дәптермен жұмыс Ы ы әрпін жазып үйрену.
Сергіту сәті.
Жазу жазып өзіміз, Шаршап кетті қолымыз.
Аздап демді аламыз, Көркем етіп жазамыз.
ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?