«My Computer» тақырыбына жасалған сабақ жоспары
«My Computer» тақырыбына жасалған сабақ жоспары
Автор:
Сүттібаева М.А.
Жұмыс орны:
Жезқазған қаласындағы №2 Кеңгір орта мектебі ағылшын тілі мәні мұғалімі
Сынып:
5
Пән:
Ағылшын тілі
Қолданылған оқулық:
5- сыныптың English оқулығы авторы Т.Аяпова, З.Әбілдаева
Сабақтың оқу процесіндегі орны: жаңа тақырыптың үшінші сабағы. Сабақтың түрі: жаңа білім алу сабағы.
Сабақта АҚТ-ны қолдану тәсілі: Active Studio бағдарламасымен жасалған жаттығуларды интерактивті тақтада қолдану, тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіліп, оқушылар сабақ барысында орындайды.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды сабақ кестесі туралы айтуға, “When have you got Biology?”, “How many lessons have you got on Monday?”, “When is Maths?” сұрақтарына жауап беруге үйрету.
Міндеттері:
- Оқушыларды “School subjects” тақырыбының лексикасымен таныстыру: Mathematics, Art, Science, Home Economics, History, Biology, Music, Computer Studies, Geography, Time-table, except, subject
- Лексиканы оқу, сөйлеуде қолдану білігін дамыту;
- Берілген тақырып аумағында сұраққа жауап беруге үйрету;
- Сабақ кестесін ағылшын тілінде жазуға үйрету;
Сабақ құралдары:
- Мұғалім компьютері.
- Интерактивті тақта.
- Оқушылардың күнделіктері.
- Дидактикалық үлестірме материал.
- ОМК “Ағылшын тілі” 5- сынып.
Қолданылған оқыту тәсілдері: түсіндірмелі-иллюстративті, ізденгіштік, репродуктивтік.
Қолданылған оқыту әдістері: көрсетілім, түсіндіру, әңгімелесу, тыңдап түсіну, сұрақ-жауап, аударма, салыстыру, мәтінмен жұмыс, үлестірме материалмен жұмыс.
Сабақтың барысы :
Сабақтың кезеңі | Кезеңнің мақсаты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
I. Ұйымдастыру | Назарын сабаққа аудару (сабаққа енгізу) | Амандасу, сабақта жоқ баланы анықтау, сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялау.Teacher: Good morning! Take your seats, please, and get ready for the lesson. — Who is on duty today? -What season is it now? -What date is it today? -What day is it today? -Who is absent? Мұғалім сабақтың тақырыбын “перо” пайдаланып интерактивті тақтаға жазады. | Мұғаліммен амандасу, кезекшінің әңгімесі: дата, аптаның күні, сабақта жоқ оқушылар.
I’m on duty today. It is a winter now. It’s the …of December. It’s … Today is\are … absent. Кезекші “перо” пайдаланып датаны интерактивті тақтаға жазады. Сынып дата мен тақырыпты өз жұмыс дәптерлеріне жазады. |
II. Негізгі бөлім. 1. Тілдік жаттығу | Тілдік ая құру. Үй жұмысын тексеру.
| Ой-қозғар. Warm-up. Spring is green. Summer is bright. Autumn is yellow. Winter is white. <Сурет 1> Name the days of the week. <Сурет 2> ұғалім оқушыларға сұрақ қояды, бір тақырыптан екіншіге көшу ұйымдастырылады: -What’s your name? | Оқушылар мұғалімнің соңынан қайталайды.
Интерактивті тақтада суреттің астына тиісті жазуларды апарады. Аптаның күндерін ретімен қояды. Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді: My name is … |
2. Жаңа материалды енгізу және оны алғашқы бекіту. | Оқушыларды “School subjects” тақырыбының лексикасымен таныстыру. | Мұғалім оқушыларға: — Look at the screen. Here is Colin’s time-table.(Use Colin’s time-table from the SB, exercise 1) <Мәтін 1> — Let’s name them, repeat after me, please: Mathematics, History, Biology, Music, Computer Studies, Geography, Art, Home Economics, except, subject. | Оқушылар мұғалім соңынан жаңа сөздерді хормен және жеке қайталайды: Mathematics, History, Biology, Music, Computer Studies, Geography, Art, Home Economics, except, subject .
|
Лексикалық бірліктерді ауызша жаттығуларда активизациялау. | -When is History? -When is Biology? — When is English? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді, тақтада көрсетеді. | |
3. Жаңа материалды қолдану | Материалды пайдаланып сабақ кестесін жасату. | Мұғалім оқушыларға: Write please your time-table. -How many lessons have you got on Monday? Etc. -When have you got Biology? — When is History?<Сурет 3> | Тақтаны қолданып берілген пәндерді сабақ кестесіне кіргізеді. — We have got five lessons on Monday. -We have Biology on Tuesday. Etc. |
Біліктілікті жаттығуда көрсету | Мұғалім жасалған сабақ кестесін пайдаланып бір күннің сабағы туралы айтуды ұсынады. Бір-біріне сұрақ қою ұсынылады. | Оқушылар кезекпен сабақ кестесі туралы айтады: — We have got five lessons on Monday. There are Mathematics, English, Music… Оқушылар жұппен жұмыс жасайды: — When is Geography? -It’s on Friday. -How many lessons have we got on Saturday? -We have got four lessons on Saturday. | |
4. Оқу. | Жаңа лексиканы алғашқы бекіту. | Мұғалім жаңа лексиканы оқуда қолдануды жаттықтырады.<Текст 4> | Оқушылар жұппен жұмыс жасайды: диалогты рольмен оқиды.
|
5. Сөйлеу. | Жаңа лексиканы бекіту. | Ауызша сөйлеу дағдысын дамытады. | Сынып тапсырманы карточкада орындайды, бір оқушы инербелсенді тақтада «қаламды» пайдаланып жазады. <сурет5> |
6. Фонетикалық жаттығу | Дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыру. | Тақтада лексика транскрипциясымен.<сурет 6> Аудиотаспа қосылады. | Оқушылар диктордың соңынан сөздерді қайталайды. |
III. Қорытынды бөлім. | Үй тапсырмасын түсіндіру,сабаққа қорытынды жасау. | Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіреді. Сабақты қорытындылайды(не үйрендік, не білдік). Оқушылардың жауабын бағалайды,түсіндіреді. | Тыңдайды,түсінеді,сұрайды. Қорытынды жасайды. |